400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік қалай жетті еліме?

Материал туралы қысқаша түсінік
Небір ауыр күндерді, Небір дауыл күндерді, Көріп келді қазағым Ұйқысыз ұзак түндерді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аксакалова Назира Сайлауовна

Ақыртөбе орта мектебі, педагог- психолог

Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы



Тәуелсіздік қалай жетті еліме?

Небір ауыр күндерді,

Небір дауыл күндерді,

Көріп келді қазағым

Ұйқысыз ұзак түндерді.

Күн демеді, түн демеді,

Туған жерін қорғады ғой батырлар!

Шырылдады, шындықты айтты,

Қорлыққа көнбей ақындар.

Болды сол кез

Би болыстар заманы,

Ал бейшара, бұхара ел қаналды.

Көзі ашық, көкірегі от шашқан

Жандар болса,абақтыға қамалды.

Жас жандардың қаны-

Ұлт пен Ел деді.

Сатқындықтың жетегіне,

Қазақ бабам ермеді.

Көп аңсаған тәуелсіздік мейрамы

Онайлықпен, жеңілдікпен келмеді.

Ол күндер де артта қалды.

Міне, енді

Жаңа заман, тыныш өмір

Әлі алда келеді.

Тәуелсіз ел болуды көп аңсаса,

Жетті оған,

Қазағымның өрені!

Қазағымның басынан не өтпеді.

Дегенмен де, ел ажырап кетпеді

Енд,і міне ,

Батыр баба рухына

Жаңа ұрпақ үлкен тағзым етеді!

Тәуелсіздік – қасиеті тұнған ұлы ұғым

( эссе)

Жиырма жеті жыл! Бұл тарих үшін қас-қағым сәт екені рас.Алайда,төрт ғасыр бойы бодандықта тұмшаланып,бостандықтың шұғылалы таңын зарыға күткен біздің еліміз үшін бұл – ғасырға бергісіз кезең.

Тәуелсіздік – тәтті сөз екені даусыз ақиқат.Осы тәуелсіздік жолында қаншама ата-бабаларымыз қан төкті,азап көрді.Ең бастысы,қазақ елі,қазақ жұрты 1991 жылы өз тәуелсіздігін қолына алды. Тәуелсіздік тәтті сөз болса да,жолы ауыр.Олай болуы заңды да.Тәуелсіз елге ие болу үшін әрбір азамат жан-жақты әзір болуы керек.Жай ұраншыл,айқайшыл ұрпақ емес, ойлы, білімді,әріден ой қозғай білетін ұрпақ керек.

Тәуелсіздік таңы атқалы аз ғана уақыт ішінде Қазақстанда адам айтса нанғысыз таңғажайып шаруалар атқарылды,небір биік асулардан астық. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен қолға алынып,аса қысқа мерзім ішінде жүзеге асқан,әлемді таңқалдырған талай өзгерістер мен жетістіктерді жалпақ жаhан мойындап отыр.Бұл күнде Қазақстан әлем халықтарының назарында.Еліміздің алға басқан әрбір қадамын Азия барысының алға ырғуы деп қарайды.

Қазақстан – ұлан –байтақ.Оның әр тұтам жерінде,оның басынан өткен әрбір сәтте тәуелсіздігінің телегей-теңіз тарихы бар.Қазақстан үшін тәуелсіздік аса қымбат,қасиетті ұғым,баға жетпес байлық,қымбат қазына. Байырғы мемлекетімізге қол жеткізгеннен бастап,ел алдында,ел тұтқа ерлер алдында өздерінің өзге елдерден дербестігін,мемлекеттің өзге елден тәуелсіздігін сақтап қалу мақсаты тұрды.Бұл мақсатқа жету оңай болған жоқ.Егемендік жолында мың өліп,мың тірілген,мың жығылып,мың тұрған қайсар халықсол тәуелсіздігін көзімен көріп,жүрегінде тербетіп,алақанына салып аялап қарап тұрған сәт оның алдына ұлы мақсат,үлкен міндеттер қойды.Тәуелсіздікке жету жолы сонша қиын ,ауыр болғанда,оны сақтап қалу,нығайту Қазақстан үшін үлкен сын еді.

Айтылған жайлар Қазақстанның кешегісіне айналғанмен,еліміздің бүгінгі дамуы үшін аса маңызды.Барша қазақстандықтардың гүлденуі мен қауіпсіздігі,әл-ауқатының артуы мемлекеттің,қоғамның,әр азаматтың күнделікті жұмысының күретамырына айналды.

Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан егемендік еншісінің дәмін жиырма бесінші рет татқалы отыр.Әлдекімдер ойлағандай, тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Егемендік алған алғашқы күннен бастап өркениеттік тұрғыда артта қалушылықпен,экономикалық-әлеуметтік прогрестің жолын бөгеген коммунистік аппортунизммен жүйелі түрде кресуімізге тура клді.Өркениетті еклдер көшіне ілесу үшін,ең алдымен, демократиялық,құқықтық,зайырлы мемлекет құру міндеті бірінші кезекке шықты.Біраққ білікті басшының жауапкершілігі мен табандылығы арқасында небір ауыр кезеңдерден мойымай өттік деуге болады.Алда әлі асу-белестер көп.Біз бағындырмайтын белес жоқ! Біз біргеміз және берік іргеміз! Тәуелсіздік тұғыры нығая берсін!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қазан
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі