400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік рәміздері»

Сабақтың мақсаты:

I.Елтаңба,Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

II.Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

III.Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке,Отанына,халқына адал қызмет етуге,елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,буклеттер, карта,мақал-мәтелдер, Отан-жер туралы нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Мұғалім кіріспесі.

III. Рәміздер туралы мәліметтер

IV. Қорытынды.

Кіріспе бөлімі:

Отанымыздың ұлттық мақтанышы-мемлекеттік рәміздерге арналады.Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз.Кез-келген мемлекеттің айшығы-мемлекеттік рәміздер екені белгілі.Біз де бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық.(Гимн орындалады)

Елін,жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі-мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады.Жас ұрпақты елжандылық негізінде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.Олай болса рәміз дегеніміз не?

Рәміз-белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне.Адамға ой-пікір туғызады.Ортақ түсінік бойынша,орақ еңбекті, таға бақытты,зәкір үмітті,лира музаны,арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі.Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту,елтаңба,гимн) айналды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты.6ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді.Ол 2006

жылы қайта өзгертіліп желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жеріміз,егеменді еліміз.

-Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз, Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар,олай болса «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1.Отан отбасынан (басталады)

2.Отан үшін отқа түс,(күймейсің)

3.Отан елдің анасы,(Ел-ердің анасы)

4.Отанды сүю-(отбасынан басталады)

5.Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)

6.Отансыз адам-(ормансыз бұлбұл)

«Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені,бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі .1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Оқушылар рәміздер және олардың авторлары туралы мәліметтерді айтып өтеді.

Елтаңбаның авторлары-белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов.

Мемлекеттік Тудың авторы-Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Мемлекеттік Әнұранның авторлары:әнін жазған-композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар-Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.

Мұғалім:

Отан мәңгі гүлденеді-демекші,тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Оқушылар хормен «Туған жердей жер болмас»әнін орындайды.











































«Болашақ» жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік рәміздері»



Бастауыш сынып мұғалімі: Тулеева А.К





2018-2019 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі