Материалдар / Тәуелсіздік шапағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік шапағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шапағаты»

Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,плакаттар,буклеттер,

Айдана : Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген...

Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай... Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 24 жыл толып отыр. Осы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы,Ұлы Жеңіске -70 жыл,Ассамблеяға -20,Қазақстан Конституциясына-20-дығы тойланып жатыр. Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды. Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік шапағаты» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1оқушы: Шарықта, шарла көкті көк байрағым, Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым. Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Хор «Әнұран»



2оқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
3оқушы
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!  4оқушы: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

5-оқушы
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
6-оқушы
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
-7-оқушы : Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

8-оқушы: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

9-оқушы: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі

10-оқушы:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

11-оқушы: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

12-оқушы 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

13-оқушы: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

14-оқушы: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

15-оқушы: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

16-оқушы: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.





17-оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!







18-оқушы:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Ән: «Желтоқсан желі»

19-оқушы: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқа-сында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.»
Мұғалім:Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін. Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел. Бабалар мәңгі бақи арман еткен Теңдікті бостандықты иеленгендер Бостандық құтты болсын ерікті ел Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер Бостандықты аңсаған батырлардың Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер. Егемен елімнің ертеңі деп, Елбасы баға берді жастарыма Оқу оқы білім ал, елің үшін Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма



19- оқушы:

Халқымның мақтанышы – алып тұлға, Әлемнің назары ауды Ақ ордаға Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған, Ұқсайды менің асқақ арманыма.

20-оқушы:

Ел болдық егеменді, теңдік алып, Бар әлем қазақ елін болды танып. Қайнауы кенге толы Қазақ елі, Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

Ән «Жаса қазақстан»

Мұғалім: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, Бәріміз баласындай бір атаның. Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, сынып сағатымызды сабағымызды

қорытындылаймыз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!