400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік шапағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасай отырып, өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеуге тәрбиелейді. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шапағаты»

Сыныбы: 4 «А»

Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасай отырып, өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеуге тәрбиелейді. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, буклеттер, музыкалық жабдық, слайдтар мен видеолар.

1-оқушы: Дидар

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-оқушы: Дәрия

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

3-оқушы: Әли

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

4-оқушы: Айгерим

Қанатыңнан қайрылып,

Қыр -арқаңнан айрылып

Қонақ-

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айрылып!

Назар: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген...

Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай...

Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 26 жыл толып отыр. Осы жылы Қазақ хандығының 552 жылдығы,Ұлы Жеңіске -72 жыл, Ассамблеяға -22, Қазақстан Конституциясына-22 жылдығы тойланып жатыр.

Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі мерекеміз, сонау ата-апаларымыз бен жастары қыршыңнан қиылған аға-әпкелеріміздің бізге аманат етіп кеткен Егемендігі, Тәуелсіздігін сақтап, оны одан әрі көркейтіп, дамытуға біздің, яғни, бүгінгі жастарымыздың қолында.

1-жүргізуші: 

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Хор «Әнұран»

1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
1-жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
.
2-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1-жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1-жүргізуші: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

2- жүргізуші: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі

1-жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

2-жүргізуші: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1-жүргізуші: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

2-жүргізуші: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

2-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

1-жүргізуші: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.


1-жүргізуші:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

5-оқушы: Асылбек

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

«Желтоқсан желі» видеороликті тамашалау.

2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқа-сында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Хор «Гүлжазира Қазақстан» 
2- жүргізуші:

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

6-оқушы Диляра

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер

7-оқушы: Алем

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

8-оқушы: Ерке

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

9- оқушы: Әлихан

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

10-оқушы: Нұрислам

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

Ән «Жаса қазақстан» (қыз - жігіттер)

ІІ- жүргізуші

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Көрініс. 
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге  
милиционер жігіт кіреді. 
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты  
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! 
Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. 
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) 

11-оқушы: Мирас Ж.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

12- оқушы: Айнур

Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

13-оқушы: Альфараби

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

14- оқушы: Мырзахан

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

15- оқушы: Мирас М.

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

16-оқушы: Біржан

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым

Көрініс:

Сот залы.

Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?

Қайрат Рысқұлбеков: - Иә, бардым . 17 -желтоқсан күні.

Прокурор: - Не мақсатпен ?

Қайрат Рысқұлбеков: - Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.

Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?

Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.

Хатшы: Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.

Қайрат Рысқұлбеков: - Жоқ, бұл әділдік емес

Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?

Қайрат: Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Анасы: Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!

ҚАЙРАТ:

Көтер ана, көтер ана басыңды. 
Өтті, кетті жауынды күн жасынды 
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген, 
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды! 
Кешір ана, жан едің ғой тамаша, 
Арым үшін түстім, рас араша 
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам 
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа, 
Арым үшін түстім, рас, араша 
Араша!

І-жүргізуші:

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

ІІ-жүргізуші:

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

17- оқушы: Амина

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

18- оқушы: Әлижан

Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып – ақ

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ

19- оқушы: Ерке

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде

20- оқушы: Асылбек

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен – таңба ?!

21- оқушы: Назар

Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Би: «Сарбаздар» биі.



22- оқушы: Дилназ

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!
23- оқушы: Дидар
Егеменді ерікті ел екенбіз,
Жылдан - жылға кіргендей берекеміз.
Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма төрт жыл -
Халайық құтты болсын мерекеміз!
24- оқушы: Амина
Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,
Дәулеттің тілеймін мен көл - көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағына
Жалғыз - ақ,
Құтты болғай енді осы күн!
Ұлы дархан, Ұлы елім!

25- оқушы: Дилназ
Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

26- оқушы: Назар

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

І жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі