Материалдар / «Тәуелсіздік шапағаты»

«Тәуелсіздік шапағаты»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты «Тәуелсіздік шапағаты»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
821
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Н.Есеболатов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі


















16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік шапағаты»

атты ашық тәрбие сағаты



















Сынып жетекшісі: Болатхан Б.Б.





Тақырыбы: «Тәуелсіздік шапағаты»

Мақсаты:
Рухани жаңғыру бағдарламасына сай,еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау.
Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,плакаттар,буклеттер,музыкалық жабдық

1-оқушы

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-оқушы:

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

3-оқушы:

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

4-оқушы:

Қанатыңнан қайрылып,

Қыр -арқаңнан айрылып

Қонақ-

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айрылып!


1-жүргізуші: Қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап беретін: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай...

2 жүргізуші: Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 26 жыл толып отыр. Осы жылы Ұлы Жеңіске -72 жыл,Астана қаласының құрылғанына -20 жыл.

Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік шапағаты» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: 

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Гимнім

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Хор «Гимн»

1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2-жүргізуші
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
1-жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2-жүргізуші
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1-жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1-жүргізуші: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

2- жүргізуші: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі

1-жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

2-жүргізуші: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1-жүргізуші: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

2-жүргізуші: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

2-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

1-жүргізуші: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

2-жүргізуші: 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.

1-оқушы: Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын.  Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  

2-оқушы: Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

3-оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

4-оқушы:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Бейнеролик көрсету: «Желтоқсан желі»

Ән: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаны тұтады.

5-оқушы : Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Атамекен» 


2- жүргізуші:

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

6-оқушы

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер

7-оқушы:

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

8-оқушы:

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

9- оқушы:

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

10-оқушы:

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

Ән «Жаса қазақстан»

ІІ- жүргізуші

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Гимн. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

11-оқушы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

2- оқушы:

Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

3-оқушы:

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

1- оқушы:

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

2- оқушы:

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

3-оқушы:

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым

Ән: «Қазақстан»

І-жүргізуші:

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

ІІ-жүргізуші:

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

4- оқушы

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

5- оқушы:

Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып – ақ

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ

6- оқушы:

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде

7-оқушы

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен – таңба ?!

8- оқушы

Енді бүгін өлген туым тірілді

Гимн жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

9- оқушы

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!
10- оқушы
Егеменді ерікті ел екенбіз,
Жылдан - жылға кіргендей берекеміз.
Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма төрт жыл -
Халайық құтты болсын мерекеміз!
11- оқушы
Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,
Дәулеттің тілеймін мен көл - көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағына
Жалғыз - ақ,
Құтты болғай енді осы күн!
Ұлы дархан, Ұлы елім!

1- оқушы
Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

2- оқушы

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

Ән: «Қазақ жастары»

1-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!
















Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің қазағым

Артта қалды қыйындық пен азабың

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса! Қазақстан!

Алаш жұртым ардағым

Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым

Жаса! Қазақстан!

Ата мекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың


Жақын көңіл жайсаң ел қазағым

Өз ұраның айтылсын, өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін!

Батыр ұлдар ел көшін бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жас бала

Ашық аспан астында мәртебең

Артсын басқадан


(Қайырмасы)


Даламызға мұрагер халқымыз

Даламызда мақтаныш даңқымыз

Ұмытылмай ұрпаққа ұлассын

Дәстүр салтымыз

Ару қыздар аяулым, ақ гүлім

Шаңырақтың шырағын жақ бүгін

Думандатып тойласын әрқашан

Елім, шаттығын











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ