400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік шыңдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәуелсіздік таңы (эссе)

«Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»

Н.Назарбаев

1991жылы,16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік алды. Еліміз өз алдына дербес ел болды.Көк Туымыз желбіреп, күллі алаш жұрты қатты қуанды. Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсаған қазағымның рухани шөлі басылып, кепкен таңдайы жібіді.

Осындай тәуелсіздікке қол жеткізу үшін, қаншама қазағымыз құрбан болды.Текті елдің ұрпақтары екеніміз тарих беттеріндегі бабаларымыздың қалдырған іздеріненен белгілі.Сонау тарих қойнауына үңілсек,арғы атамыз сақ, ғұн, Тұмар ханшайымдардың,1335жылы Өзбек хан,Жылқы жылы,яғни 1342жылдың күзінде Сарай Беркеде Алтын Орда тағына отырған Әз Жәнібек ханның тұсынан, берісі 1723 жылы болған «Ақтабан шұбырындыда» елім,жерім деп халқымыздың болашағы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей,өмірі ат үстінде өткен батырларымыз қаншама!Атақты «Елім-ай» әні де осы тұста туғанын тарихтан білеміз.Бұл әнді естігенде сай-сүйегің сырқырап, еріксіз көз алдыңа аш-жалаңаш,жанарлары мұңға толы, ертеңінен еш үміт жоқ қара-құрым көш келеді.

Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қалқатайды ойласам, жанарыма, Мөлдіреп ,екі көзге жас келеді.

Қанша қиындық көрсе де, қасиетті жерімізді көздің қаршығындай қорғап,талан-таражға салмай, аман алып қалды.

Осындай қиын-қыстау заманда ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған ұлы даламыз бізге , болашақ ұрпаққа аманат.

Қазақтың қиындығы мұнымен біткен жоқ, 1937 жылғы «Халық жауы» репрессиясына ұшырағандардың көбі халқымыздың бетке ұстарлары еді.Атап айтатын болсақ, І.Жансүгіров , С.Сейфуллин халқымыздың үш бәйтерегі М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сияқты көзі ашық, көкірегі

ояу, зиялы азаматтарымыз репрессия құрбаны болды.Бірақ, олардың есімдері халықтың жадында, мәңгілік тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Тар жол, тайғақ кешуде олар тек күрескер емес,сонымен қатар, сөздің мәйегіне өлеңнің жыр-шумақтарын ұйытқан, аузы дуалы ақ йық ақындар еді.І.Жансүгіров пен С.Сейфуллиннің табиғат лирикасына жазған өлеңдері қандай керемет! Табиғаттың сұлулығын сөзбен шебер жеткізе білгені соншалық, Абайдың «теп-тетегіс жұмыр келсін айналасы» деген өлең жолдарына әбден лайық, тума таланттар.Осындай біртуар асыл азаматтардың арқасында әдебиетіміздің қайнар көзі ашылып,кемерінен асты,әдеби-өнерге сусындадық.Қамшының сабындай қысқа ғұмырларында арттарында өлшеусіз мол қазына қалдырған ақындарымызға мың алғыс.

1986жылы болған «Желтоқсан» қанды оқиғасында елдің болашағын,ата-бабамыз аманат еткен дархан даламызды қорғау мақсатында құрбан болған боздақтарымыз қаншама!Жеріміздің,еліміздің,тіліміздің тағдырына бей-жай қарамайтын ұлтжанды жастарымыздың арқасында осы тәуелсіздікке қол жеткіздік. Жастарымыздың осыншама өз елінің патриоты болуы жүреккке жылу сыйлап, мақтаныш сезімін тудырады. Жіігерлі ,қайсар Ләззәт,Қайраттардың қанымен келген Тәуелсіздігіміздің шығар биігі,қонар тұғыры мықты болсын!

Тәуелсіз, бұғанасы қатпаған жас мемлекет болсақ та, Қазақстанның жетістіктері мол.Соның бірі 2017 жылы болатын ЭКСПО.Әлемнің түкпір-түкпірінен көрмеге қатысуға келетін қатысушыларға өзіміздің дәстүрімізді,мәдениетімізді,білімімізді көрсетуіміз керек.Оған еліміз сақадай сай.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігінің арқасында геосаяси мақсатымыз айқын,көршілес мемлекеттермен тату,білім,экономика жағынан алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттермен тереземіз тең.Заманауи технологиялармен толық қамтылған мектептерде үш тілді еркін меңгерген жас ұрпақтарымыз өсіп келеді. Тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз.

Әр ғасырдың өз құрбандары болды.Қанша қиындық көрсек те,тағдырдың сынына морт сынбай, Жұбан Молдағалиев жырлағандай «Мың өліп, мың тірілсек те»,рухымыз жасымаған, Көк бөрінің жалғасы екенімізді тарихқа сан мәрте дәлелдедік.

Тәуелсіздік нұрлы таңы атты, қазақтың алтын ғасыры басталды.

Мемлекетіміздің, қарашаңырағымыздың уығы мықты,босағасы берік болуы үшін еліміздің барлық ұлт өкілдерінің бірлігі,ынтымақтастығы мықты ,нығая түскені дұрыс. «Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса, төбедегі келеді»дейді дана халқымыз,олай болса, күшіміз бірлікте екенін ұмытпайық! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Мәңгілік ел болу - біздің ұлы мақсаттарымыздың бірі! Олай болса,осындай ұлы мақсаттарымызға жете берейік, Қазақ Елі!



Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы

С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің

қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Төлегенқызы Жібек



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі