Материалдар / Тәуелсіздік шыңдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік шыңдары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіздік шыңдары"атты тақырыпта эссе ұстаздарға, оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
972
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба 
жолымен алдық деп ойлаймын 
Н.Ә. Назарбаев

Мына әлем, соның ішінде жұдырықтай жер шары ,сол дөңгелек жерді жеті құрлыққа бөліп , әр құрлықтарды төрт үлкен мұхиттың бөлуімен жымдасып көк жиекті көтерілген төбелер болып көрінеді. Сол төбелердің бірінде ең айшықты ,әдемі, сұлулығымен әлемді тамсандырған Еуразия кіндігі болып менің ұлы Отаным –Қазақ елі жатыр. Арман мен мұратын жанына жалау етіп, ынтымақ пен бірлікті татулықтың ұйытқысына айналдырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып сан ұлтты бауырына басып, биік шыңға қанатын жайған менің елім- Ұлы Қазақстан! Ұлы сөзі кез-келген жағдайда айтыла бермесі анық! Осы сөздің парқына жету үшін сан ғасыр шаң басқан тарих беттеріне көз жүгірткен абзал болар. Алғаш рет Жəнібек пен Керей хандардан бастау алып, 500 жылдан астам тарихтың куəсі болған осынау кең-байтақ дала ненің куəсі болмады десеңізші! Жоңғар шапқыншылығы кезін- дегі батыр бабалардың бастауы кейіннен ақын-жазушыларымыздың қаламының ұшынан табыла білді. Тəуелсіздік жолындағы 1986 жылғы өрен ағаларымыз бен намысын берік ұстаған әпкелеріміздің жанын қиғаны да ақиқат. 1991 жылы желтоқсан айымен бірге жыл құсының жаршысындай болып тəуелсіздік таңы атты. Өзімен бірге қазақ еліне бақ құсын ерте келді. Әрине, бұл кең алқап , ұлы топырақ батыр бабаларымыздың , жау жүрек ұлтымыздың ғасырлар бойы күресінің, қан бодауының ерлік-елдігінің нәтижесі- ол тәуелсіздік. Тәуелсіздік тұғыры бір ұлттың ұлт болып қалыптасқан әлемдік деңгейдегі ұлттық сана.Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тарих, ұлттық рухы,ұлттық күресінің ең үлкен жетістігі саналады. Біздің әлемге атымыздың танылуы,қазақ елі болып тұруымыздың өзі тәуелсіздіктің шыңы. Еліміз қай салада болмасын алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан бой көрсетіп, тереземіз өзгелермен теңесіп, түтініміз түзу ұша бастады. Білім мен ғылым саласында жетістіктерге жеткен, спорттан биік белестерді бағындырған, мейірбан , қонақжай халқы бар қазақ елінің мəртебесі бүгінгі күні əлем алдында өзінің тұғырына көтеріліп, мəртебесіне ие болды. Жаһандану жолынан қалыс қалмай, Жақсы болу бұл күнде санада тұр. Жазиралы, жап-жасыл даласы бар, Жайнаған, жарқыраған қалалары бар. Өзіміздің ұлттық рәміздеріміз бен төл теңгеміз бар. Халқым, елім, жерім деген – елбасы бар. Менің жерім- Тәуелсіз елім Қазақстан деп мақтана айта аламын.

Елбасының «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында» - деген өсиет сөзі біз үшін айтылған. Иә,болашақ біздің яғни келер жас ұрпақтың қолында. Біз «Үш тұғырлы тіл»саясатын қолға алып, білімді ,парасатты ,жан-жақты бәсекеге қабілетті, еліміз үшін, жеріміз үшін, ұлт болашағымыз үшін аянбай еңбек етуіміз керек.

«Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен 
Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

Біз отбасымызбен тарихи Отанымыз Қазақстанға оралдық.Тәуелсіздік болмағанда мен еліме келе алмаста едім ,бәйгеге қатыспаста едім. Міне, мен бәйгеге қатысып, өзімнің туған жерім туралы жаза бастадым. Ата-әжемнің өмір бойы арқалаған арманын орындадым. Туған елге келдім...

Қазақстаным. Гүлістаным-сырласым. Сен мәңгі жаса! Мен сенің бір шам-шырағың болайын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!