Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік таң нұры
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәуелсіздік таң нұры
Мақсаты:
Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің
мәнін терең ашып түсіндіру.
Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін
ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін
арттыру, патриоттық сезім ояту
Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын
құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! 16 желтоқсан ҚР
тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік- таң нұры» атты
әдеби-сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1 оқушы:
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және
қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас
Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан
өткізбеді десеңші. Бір сәт өткен өмірге шолу жасайық.
2 оқушы
Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай
жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін
жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған
елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
3 оқушы:
Қазақ халқы – жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында
жүріп – ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер
болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы,
құнарлы, әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз,
шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан
жерінде!
Ән «Достық»
Жүргізуші:
Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
4-оқушы
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде
жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз
орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет
саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір
саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те,
еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.
5 оқушы
Бүгіннің биігінен көз саламын еліме,
Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме
Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,
Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!
6-оқушы:
Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен
жер: мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай
терін төккен жер!
Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз,
Мәдениет те таң қалдырып, ғылымымыз өрлеуде.
Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға,
Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім аршында!
Жүргізуші:
Далада думан қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім,
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін - дей келе ән «Отан –
Қазақстан»
Жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Би: « Қазақ биі»
1 оқушы:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер
байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің
арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.
Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса
ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде,
кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей
толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір
сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке
көтеруді мақтаныш тұтады.
2 оқушы:
1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
3 оқушы:
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
4 оқушы:
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
ғарышқа самғады.
5 оқушы:
4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы,
елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
6 оқушы:
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
7 оқушы:
1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат
Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.
8 оқушы:
1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш
«Ата заңы» қабылданды.
9 оқушы: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны
Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде
аталып өтілді.
10 оқушы:
1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1 жыл толды.
Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші
ашылды.
11 оқушы:
1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын
еске алу» жылы болып белгіленді.
12 оқушы:
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
13 оқушы:
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып
белгіленді.
14 оқушы:
2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
15 оқушы:
2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
16 оқушы:
2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.
17 оқушы:
2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.
18 оқушы:
2003-2005 жыл «Ауыл жылдары» болып жарияланды
19 оқушы:
2006 жылы «Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы» болып
жарияланды
20 оқушы:
2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды
21 оқушы:
2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды
Жүргізуші:
Тәуелсіз – Қазақстаным
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
«Тәуелсіздік таңымен туған жырлар»
Жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім Қазақстан - Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.
Ән «Қазақ елі»
Жүргізуші:
Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы
«Тәуелсіздік- таң нұры» - атты әдеби сазды кешіміз аяқталды.
Назар қойып, тыңдағандарыңызға Рахмет!