400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-тәңірдің сыйы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш елбасымыздың сөздерін мақалама тірек еткім келеді. Расымен осыдан отыз жыл бұрын Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуекелге басын тігіп, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіздік үшін азаппен арпалысып, жаумен жағаласып Азаттық жолында қаншама ерлеріміз құрбан болды. Әрине оңайлықпен келген тәуелсіздіктің қадірі де, қасиеті болмайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік-тәңірдің сыйы

Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе Тәуелсіздік бола ма?

Азаппен, арпалыспен келмесе Азаттық бола ма?

Оңайлықпен келсе оның қадірі бола ма?

Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тұңғыш елбасымыздың сөздерін мақалама тірек еткім келеді. Расымен осыдан отыз жыл бұрын Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуекелге басын тігіп, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіздік үшін азаппен арпалысып, жаумен жағаласып Азаттық жолында қаншама ерлеріміз құрбан болды. Әрине оңайлықпен келген тәуелсіздіктің қадірі де, қасиеті болмайды. Ал қадірі жоқ нәрсе осы күнге дейін тұрмас еді. Міне биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге отыз жыл толады.Бұл -қайта жаңғырған қазақ халқының, ата-бабаларымыздың аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін дәлелдейтін маңызды белес. Тарихқа жүгінсек, отыз жыл –көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Біреуге қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, кейбір халықтар үшін ауыры мен жеңілі, дамуы мен дағдарысы алмасқан тұтас бір дәуір деуге болады. Осы орайда менің көкейімде, «Осы отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманат етеміз?», «Мемлекеттігімізді көркейте түсу үшін тағы не істеуіміз керек ?» деген сауалдар келеді. Әрине отыз жылда жеткен жетістіктеріміз көп. Кемеңгер Елбасымыз отыз жылды үш онжылдық белеске бөліп қараған. Сонымен қатар Елбасымыз бірінші онжылдықты -Тәуелсіз Қазақстанның іргетасының қаланған кезі,-деп атаған. Себебі осы онжылдықта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің өз нышандары белгіленіп, ұлттық валютамыз «Теңге» айналымға енді. Қарулы күштеріміз құрылып, мемлекетіміз ата заңын қабылдады. Шетелдермен дипломаттық қатынас орнатып, еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Елордамыз орталыққа көшіріліп «Астана» қаласы бой көтерді. Сонымен қатар осы онжылдықта Елбасымыздың болашаққа бағдар «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды. Шет мемлекеттегі қандастарымыз ғасырлар бойы аңсаған тарихи Отанына оралды. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді. Тұңғыш Елбасымыз келесі онжылдықты – «Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі»-деп атады. Екінші онжылдықта елбасымыздың құрған «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылып, тарихымызды түгендедік.Есілдің жағасында бой көтерген еңселі елордамыз ұлттық идеямызға айналды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі