жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Тәуелсіздік таңы"
2018-2019 оқу жылы
Зал мерекеге сай безендірілген.
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік күні және Қазақстан Республикасы туралы білімдерін сұрақ-жауап әдісі,ойын арқылы кеңейту.Көркем сөз және ән,би,көріністер арқылы балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.Музыка тәрбиесі арқылы Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Мұз жастанып азаматтық
жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды
қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді,
қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да
жолында
Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың
жүректе
Ұрпақ өсер айналатын
тірекке
Егемендік тиді міне
еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ
тілекке.
Музыка қосылады.
Балалар әр топ бойынша залға музыка сүйемелдеуімен кезектесіп кіреді(қолдарында шарлар,жалаушалар)
Жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті қонақтар, «Күншуақ»балабақшасының ұжымы,бүгін елімізде сан мыңдаған жылдар бойы армандаған сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы,тарихымыздың атын жаңғыртқан болатын. Тәуелсіздігіміздің міне 27 жылдығын тойлағалы отырмыз. Құрметті қонақтар, Тәуелсіздік- ел тілегі» атты апталығының салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер!!!
Алғашқы құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Сауле Досымқызына беріледі.
Жүргізуші:
27 жыл он ғасырдың жүгін
арттық,
Ел болып еркіндіктің түгін
тарттық.
Әнұраным,көкбайрағым
қалықтады,
Қазақтың бар әлемге үнін
қаттық.
Жүргізуші:
Таңғажайып атында дәл табылды
Табылды да талай жұртқа таңылды
Туған елім көкке жетті көк туы
Сен – тәуелсіз мемлекетсің Қазақстан!
Сап түзел,тік тұр!!! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы еңгізілсін.(үш бала кіреді)
Гимн орындау
Сөздер вступительные:
Арулана
16 декабря мы отмечаем самый главный праздник нашего государства День Независимости Республики Казахстан.В этом году Казахстан празднует 27-ю годовщину своей Независимости.
О.Райымбек
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз.Біздің Отанымызды әлем таныды.Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені,жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы.
Дархан
Тәуелсіздік үшін мың өліп,мың тірілген қазақ елі,гүлденіп мәңгі жасай бермек.Тәуелсіздікті алтынымыздай ардақтап,асылымыздай бағалайық,қымбаттымыздай құрметтейік ағайын!!!
Жүргізуші:
Тәуелсіздік – бұл бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып
Келген бізге бақыт қой.
Стихи: «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің жылы лебіздеріне құлақ асайық.
Айлин:
Отан жерім,Отан суым
Отан қуат нәр береді
Отан ұран,Отан туым
Отан мәңгі гүлденеді.
А.Санжар:
Біз Отанның гүліміз
Туған жердің нұрымыз
Тәуелсіз біздің еліміз
Қазақстан бай жеріміз.
Дина:
Қуат алған өзіңнен
Туған елдің қызымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
Айару:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан ана Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
«Отан» әнің қабыл алыңыздар.
«Айгөлек» тобының орындауында «Қазақстан» биін қарсы алыңыздар.
Келесі кезекті «Балдәурен» тобының тәрбиеленушілеріне береміз.
Стихи:
Ән:
Вход персонажа какого нибудь
«Балдырған»ортаңғы тобының тәуелсіздікке арналған жылы лебіздерін тыңдайық.
Стихи:
Ән: «Жаса мәңгі Қазақстан»
«Айгөлек» тобының орындауында «Қазақстан бақытты» әнін қабыл алыңыздар.
Стихи:Айша Х.
Қайрат Әлімқұлов. «Тәуелсіздік алған күн»
16-шы желтоқсан,тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан, атамменен барғанмын
Мерекеге шығады, бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады ,тәуелсіздік ұлық той
Аралаймын алаңды,тәуелсіздік күнімен
Батыр Қайрат ағамның, суретіне үңілем
16-шы желтоқсан тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан,шырқатып ән салған күн.
Әлем:
Пускай страна лишь процветает
Пусть богатеет в ней народ
Пусть каждый день вам лишь победы
Мгновенья радости несет.
Еркебулан:
С днем Независисмости поздравляю
Любимый мой Казахстан
Вольно гуляет ветер свободы
Пусть по твоим степям.
Әсем:
Әр қазақтын есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Б.Райымбек:
Сарқылмайтын қуатым,тірегімсің Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын,жүрегісің Қазақстан.
Жалғас:
Любимый край,моя земля
Родимые просторы
У нас и реки и моря,поля,леса и горы.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Олай болса теледидарға назар аударайық! (слаид арқылы мемлекеттік нысандар туралы белгілерін айтып өтеді)
О.Райымбек,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тік бұрышты көгілдір түсті мата.Ортасында шұғылалы алтын күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.Тудың сакбының тұсында ұлттық ою өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Айша Х.
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы-дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген,шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.Жоғарғы бөлігінде жұлдыз,ал төменгі бөлігінде «Қазақстан»деген жазуы бар.Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов.
Арулана
Гимн-салтанатты ән.Мемлекеттік Гимн-егеменді еліміздің туы мен елтаңбаның сазды баламасы.Авторы Шәмші Қалдаяқов,Сөзін жазғандар-Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев.
Жүргізуші:
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,
еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу
бәріміздің міндетті парызымыз болып
саналады.
ЖҮРГІЗУШІ:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Балалар сендер - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектері. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымызды қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиістісіңдер!
Ендеше Ант қабылдау рәсіміне куә болайық.
1. ҚР патриоты болуға; Айша
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; О.Райымбек
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге; Дархан
5. Білімге ұмтылуға;Инжу
6. Салауатты өмір салтын ұстануға; Арсен
7. Табиғатты аялауға; Айзере
8.Отанының адал азаматы болуға; Еркебулан
9.Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Арулана
«Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды
жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
Жүргізуші:
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуілсіз Республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешіріп,талай жетістіктерге жетіп,30 елдің қатарына еңіп,барлық әлем танитын болды,осының бәрі әрине елбасының арқасы,олай болса Елбасының құрметіне «Нұр аға» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Сап түзел,тік тұр!!! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.
«Айгөлек»ересектер тобының орындауында Ән: «Егемен ел Қазақстан»
«Тәуелсіздік- ел тілегі»атты мерекелік шарамызға арналған той - шашуымызды қабыл алыңыздар. (Шашу шашылады.)
Тәуелсіздік мәңгілік
сақталсын,
Алдымызда барлық үміт
ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып
қашанда,
Бейбіт өмір бар қалықпен
жақталсын.
Жүргізуші
:
Құрметті қонақтар,балалар,еліміз
бірлікте,ұрпағымыз өрлікте болсын,әрқашан төбемізден күлімдеген күн
сөнбесін,аспанды бұлт шалмай,бақытты балалық шақтың бағында тәтті
де,тату өмір сүрейік деп бүгінгі Тәуелсіздік
мерекесіне арналған іс шарамыз өз мәресіне жетті.Көріп
тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.
«Күншуақ» б/б
«Тәуелсіздік ел тілегі» атты
салтанатты іс-шара
(апталықтың ашылу рәсімі)
Жауаптылар: «Айгөлек» тобының тәрбиешілері
Абишева Н.Б.
Мухамеджарова Б.К.
10 желтоқсан 2018ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген