400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік таңы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, еш елге, еш мемлекетке тәуелсіз, Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғым екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздік – ел бақыты.


Мақсаты: оқушыларға еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, еш елге, еш мемлекетке тәуелсіз, Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғым екенін түсіндіру. Тәрбиелік мәні: оқушыларды Отанды сүюге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтуға, құрметтеуге, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: төрде еліміздің туы, « » Тәуелсіздік – ел бақыты.

тәрбие сағатының жазылған сөздері, слайдтар, кітаптардан көрме.

жетілдіру.

Көрнекілігі: еліміздің туы, әнұранның сөзі жазылған плакат, Президенттің суреті, «Қазақстан» энциклопедиясы.

Кіріспе бөлім.

Әнұран орындалады.


Мұғалім:
Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

- Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде.

Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.Тәуелсіздігімізді тау етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 28 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.



Рәміздер.

- Тәуелсіз ел - қандай ел?

(Оқушылардың жауабы тыңдалады.)

- Сонымен, тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел.


Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін - рәміздерін жақсы білуі қажет. Кәне, алған білімдерімізді ортаға салайық.

( Үш оқушы рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)

- Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы.


Ата Заң.

Еліміздегі барлық халықтар Ата заңымыз – Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз – ереже. Ережені бұлжытпай орындау керек емес пе. Қандай ереже-баптарды білесіңдер?

(1-2 оқушыдан сұралады)

- Дұрыс, сондай-ақ, Ата Заңымызда әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи - мәдени ескерткіш-мұраларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Осыны естен шығармайық.


-Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?

(Оқушылардың жауабы тыңдалады.)

- Көп ұлтты.

- Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

Еліміздің барлық жерінде қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар, және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етуде.

Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етуде.


Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,




- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!











«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»





Тексерілді :

ДТІЖО

--------------- Ғ.Әбшеқызы.



Тәуелсіздік-тірегім.»








Сынып жетекшісі: Байходжаева К



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі