400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік таңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік таңы Авторы: Р.Е.Саматова

1.Жүрегімде тұтанса отты өлең ,

Заңғарлардан тас түлек боп түлегем.

Тарих бетін ақтарып тарам-тарам ,

Тәубе деуге бауырым жетті өрем.


2.Күнімді арай ,тудырған айымды асқақ,

Қаймана күн ,қазағым жерім байтақ.

Бабалар аңсап өткен азаттықты,

Қанымызға алғандай айырбастап. !


3.Биіктерге беттедік « аттан» салып,

Жау жығылды аяқтан жатқан шалып.

Кенесары ұрпағы ту көтерді,

Тәуелсіздік –дейтұғын жатты ән салып.


4.Жасқанбадық жұмылған жаттан басқа,

Жауап осы:аққан қан,аққан жасқа.

Тұғырында тұр әлі қазақ елі,

Енді неге марқайып шаттанбасқа.


5.Жүрегімнің өтіне сөз қақтамай,

Тамырыңды иітем қозғап қалай.

Еркіндіктің жолында еміреніп,

Қыршын кеткен тарландар,боздақтар -ай!


6.Беттесек те биікке кеш ілгері,

Естелікке көз жүгірт есіңдегі!

Азаттықтың жолында пида болған,

Ұмыт қалмас арыстар есімдері!


7.Жасампаздық жарысына шаппай құр,

Ұлт сенімін ұлағатты ақтайды ұл.

Көк бөрінің бөрібасар ұрпағы-

Тәуелсіз ел тыныштығын сақтай біл!


8.Қуат берсін қыранға ғажап ұшқан,

Жырақ қалып күндерім аза қысқан.

Бетке алып байрақты барысыңды,

Жаса мәңгі,Тәуелсіз Қазақстан!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі