400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік таңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік таңы (Эссе)

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?!

Базарбай Исаев

Сан жылдар бойғы қазақ халқының арманы тәуелсіз мемлекет болу еді.Бақытты өмір сүруді қалады.Бұл арман 1991жылы 1желтоқсанда іске асты.Осы айтулы күні Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Қазақстан тәуелсіздікке ие болды.Халқымыз Елбасымен бірге үлкен өмірге қадам басты, аяққа нық тұрып кетуімізге елбасымыз бар күш жігерін салды.Қиын кезеңдерде,қиын жағдайда билікті қолға алып, сол қиындықтың күрмеуін шешті.Еліміз қарқынды дамып келеді.Президентіміз еліміздің қамын ойлап, балабақшалар, мектептер,заводтар, фабрикалардың бой көтеруіне себепкер болды.

Еліміз қаншама азапты,қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Қазақтың бар арман-тілегі –Тәуелсіздік еді.Осы ұлы мақсатқа жету үшін тарихтың қаншама асау белестерінен сүрінбей өтті.Мәңгі жүрегімізде орны жазылмайтын із қалдырған асау белестердің бірі 1986жылғы 16 желтоқсан оқиғасы. Бұл оқиға елімізді дүр сілкіндірді, бойында ұлттық рухы бар қаншама жастар алаңға шығып, мезгілдің де, өмірдің де ызғарына қарамай қасиетті жерімізге тәуелсіздіктің көк туын тігіп,желбіретті.Қыршын кеткен сол боздақтардың еңбегі төленіп, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы ,бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуге тиіс»,-деп атап көрсетуде үлкен мән жатыр.

Елін сүйген, жерін сүйген желтоқсаншылардың аттары тарих беттерінде мәңгі алтын әріппен жазылатыныны көңілге қуаныш ұялатады. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген,жылда 16 желтоқсан оқиғасынан көз жұмған марқұмдарды еске алып, әр түрлі іс-шаралар өткізіледі, ал, ардагерлерге үлкен құрмет көрсетіледі.

Еліміз тәуелсіздіктің арқасында бейбіт күннің нұрына шомылып,мамыражай күй кешудеміз. Қазақстанның қарулы күштері болашағымызды қауіп-қатерден қорғап,Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан аулақ ұстап,басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып,елді адал басқарып,халық құрметіне ие болып отыр.Қазақстан дамыған елдер қатарына кірді.Осы жылдар ішінде елімізде көптеген келелі істер атқарылды.Мемлекетіміз шекарасын мықтап бекітті, Мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық валютамыз және еліміздің астанасы, бас қаламыз-Астана бой көтерді, сән-салтанатымен әлемнің ең таңдаулы, әсем қалалардың біріне айналды.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Соған қарамастан бейбіт,тату-тәтті,ынтымағы жарасып отыр.Оның барлығы елбасымыздың және қазақ халқының кеңдігінің, бауырмалдығының арқасында деп ойлаймын.Себебі,қазақ жерінде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері қазақ жерінен пана іздеп, осы қазақ жерінен жерұйығын тапты.Өзге ұлт өкілдері осы елдің бір баласындай болып кетті.Ешқашанда өгейлік көрген көрген жоқ.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымыздың бірі- қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, өскелең жас ұрпақтар қазақ тілін мақтан етіп,тіл тазалығын бойтұмардай сақтап келеді.Қазақ тіліне өз үлесімді қосып, оның терең кәусар бұлағынан нәр аласам деймін..Әрбір еліміздің азаматы, азаматшасы елін мақтан тұтып,ана тілін ардақтауы керек.Бұл өте маңызды деп ойлаймын.

Елімізде тәуелсіздік туы желбіреп,халқымыз бойын тік ұстауда.Еліміздің әрбір азаматы Отанына тамшыдай үлес қосса, мемлекетіміз одан ары бекіне түсуі анық.Тәуелсіздіктің арқасында осындай тамаша жетістіктерге жетіп отырмыз.Осы жеткен жетістіктерімізді ары қарай жетілдіріп,еліміздің тыныштығын,экономикасын, саясатын одан ары жандандыра түсуге міндетіміз деп ойлаймын.Тәуелсіздік мәңгі жасай берсін,еліміз тыныш,бай-қуатты өмір сүруіне шын жүректен тілектеспін!



Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы

С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің

қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Төлегенқызы Жібек

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1005
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі