400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік таңы атқан күн

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҰЛАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

«ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

«БАЛАПАН» ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ

















16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған

тәрбие сағаты

«Picture 1 ТӘУЕЛСІЗДІК – БАҚЫТ ЖОЛЫ» .



















2017-2018 оқу жылы


Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана-сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру. Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүю және ерлікке баулу. Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн, интерактивтік тақта, шарлар, музыкамен жабдықталған, әр балаға қолдарына ту.

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Залға балалар музыка сүйемелдеуімен бір қатармен кіреді.

Жүргізуші: -Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүлдіршіндер!

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

Би «Көңілді күн»

Жүргізуші:- Балалардың тақпағы:

Іңкәр:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Әли:

Елдігімнің реңі,

Теңдігімнің тірегі,

Мүддесінен халықтың,

Ажырамас бір елі.

Даяна:

Құт , береке – шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.


Ән «Қазақстан»

Кең көсілген жерім бар. 
Айдын шалқар көлім бар. 
Адамдары ақ-пейіл, 
Қазақ деген елім бар. 
 «Қазақ» асыл тегім бар, 
Батырым мен бегім бар. 
Біз-Тәуелсіз, ұлы елміз, 
Болашақтан сенім бар. 
Қайырмасы : 
Қазақстан-Қазақстан 
Тәуелсіз ел бақытты. 
Қазақстан-Қазақстан 
Тәуелсіз жер бақытты.


Ән ұранбоп әніміз 
Оңнан атып таңымыз
Қазақ болып туылған 
Саят атты жанымыз 
Алдан шығып бағымыз 
Жеке болды таңымыз 
Ел таңба мен көк туды 
Қастерлиік бәріміз


Нұрәли:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен айбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада – аспан әлемі.

Малика:

Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша,

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.

Айша:

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі , мақтаны.

Ән «Қазақстаным Отаным»

Қазақстаным Отаным

Шалқыған шаттық ортасы

Тəуелсіздіктің ұраны

Шалқыған шаттық арысы

Қайырмасы

Елім де тыныш жерім де тыныш

Бейбіт күн əні шырқалсын

Бақытты елім жақұтты жерім

Тіл көзден сені сақтасын

2 Тəуелсіз елдің ұраны

Қырандай көкке самғасын

Көк туым менің желбіреп

Тұғырың міңгі таймасын


Жүргізуші:- Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,

Отан үшін табандары тозбады.

-Міне, биыл тәуелсіз ел – мемлекет болғанымызға 26 жыл болды. Осы Тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ляззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ. Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1минут үнсіздікпен еске алайық.

Би «Ханзада»

Балалардың тақпақтары:


Санжар:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Нұриман:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Жантас:

Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

Ән «Біз балдырған баламыз»

1.Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.


Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)


2. Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.


Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)


Әмір:

Шұғылалы танымыз

Қазақ жері бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз

Адина:

Барлық елдің бөбегі

Бір-бірімен туысқан

Бәрімізге төгеді

Өз шуағын күміс таң

  • Құрметті қонақтар Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік шарамыз өз мәресіне жетті, уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет. Балалардың орындауында «Әр қашан күн сөнбесін» бірге айтайық.



Ән «Әр қашан күн сөнбесін»

  1. Солнечный круг небо вокруг

Это рисунок мальчишки

Нарисовал он на листке

И подписал в уголке

Припев

Пусть всегда будет солне

Пусть всегда будет небо

Пусть всегда будет мама

Пусть всегда буду я


  1. Күн әлемі. Көк әлемі

Бұл - суреті жас баланың

Ақ қағазға салған өзі

Жазылған бар сөзі

Қайырмасы

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан булт төнбесін

Қасымда болсын мамам

Болайын мен де аман.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2023
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі