Материалдар / "Тәуелсіздік таңы атқан күн!" тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Тәуелсіздік таңы атқан күн!" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы атқан күн!»

Сабақтың мақсаты: 

Тәуеліздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік күні үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, ерліктері жайлы білу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым ету.


Сабақтың көрнекілігі: презентация, желтоқсан құрбандарының суреті


Қызығушылықты ояту

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым –Ата заңым қабылданып.

Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басында қанды шайқастар, ірілі –ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тариққа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен «Желтоқсан» ұлт азаттық көтерілісі деген бағаға ие болған.

1986 жылғы жастар мен студенттердің жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері халық санасында өшер ме?»

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 37 жыл толып отыр.

-Желтоқсан оқиғасының шығу себебі неде?

- Желтоқсан оқиға ма, әлде көтеріліс пе?


Мағынаны тану

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.

16 шы желтоқсан күні біз бүкіл ел болып, тәуелсіздік күнін, сән салтанатты іс шарамен атап өтеміз. Алайда, 1986 жылы дәл осы 16 желтоқсанда қаншама жүрегі қазаұ деп соққан бауырларымыздан айырылған күн екендігін ұмытпағанымыз жөн. Қазақ еліне Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.

Қазақстанда бір күнде жұмыс істемеген және есімі де елге белгісіз Генадии Колбиннің тағайындалуы көтерілістің негізгі себебі болсада, көтеріліске шығудың басқа да бірнеше себептері бар еді.

Атап айтсақ намысты қазақ жастарымыз , ұлттық даму деңгейінің тежелуіне, кеңестік салттың кеңінен дәріптелуіне, әміршіл-әкімшіл жүенің күштеп басқаруына шыдай алмады. Ертесіне 17 желтоқсан күні сол кездегі Брежнев алаңына , лек легімен ағылған қазақ жастары тобы шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына өз наразылықтарын білдірді.


Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.

37 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады

Оған  Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан

Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Тәуелсіздік  аңсаған жастар ұлттың намыс  құдіретін дүние жүзіне  танытқан бұл  оқиғаның  құрбандары  болған  Қ. Рысқұлбеков,

Л.Асанова,С.Мұхаметжанова,  Е.Сыпатаевтардың  жүректі  үні, ел  намысын  қорғаған ерліктері  мәңгі  өшпейді.

1 минут үнсіздік


-Тәуелсіздік деген не?

1 оқушы :

Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр. Ұлы даланың жас перзенті –қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестер , тағдыр алға тартқан тадлай тар жол , тайғақ кешулер жатыр. Жаңа ғксырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы. Ата бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп, , мың өліп, мың тірілген, қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты –ТӘУЕЛСІЗДІК!

Тәуелсіздік байлығы


Ана тілім, Киелі шаңырағым, Ата заңым, Төл теңгем, Көк байрағым, Қасиетті Елтаңбам , Дінім


-Әділдік үшін күрескен жастардың қандай жауапқа тартылды?


2 оқушы:

Қайрат, Болат,

Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген,

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.


Сот залы. Сот нәтижесі бойынша :

Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 ж 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Рысқұлбеков кінәлі деп табылып, мынадай қылмыстық жазаға тартылсын.

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60 бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабаы бойынша ең жоғарғы өлім жазасына , атуға кесілсін

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің барма?

Қайрат: Бар

Қайрат:

«Ақтың сөзің деген не?»-деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты-құрбандық»

Атам десең атыңдар!

Хош аман бол артымда,

Ағайын туған азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Ой толғаныс


Желтоқсанның басқа көтерілістерден айырмашылығы қандай?

Ғасырлар бойы аңсап қол жеткізген азаттықты баянды ету үшін не істеуіміз керек?

1


2


3




Ән. Желтоқсан желі.



Қорытынды

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жанған алауы

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы деп М.Шаханов ағамыз жырлағандай өздерің сияқты жас өркені бар елдің болашағы өте зор.

Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.

Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!