жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік-таңы атсын мәңгілік!

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжінің 4 курс студенті.
Қазанқап Гүлзада Тұрғынбайқызы
Эссе
(Еркін тақырып )
«Тәуелсіздік таңы атсын мәңгілік!»
Айналаға сәл аялдап қарасаңыз, күнделікті қарбалас өмір. Кептелістер ,шуға толы дыбыстар, материалдық құндылықты рухани сипаттан жоғары көретін жалған сезімдер.... Дегенмен де, дәл осы жазбаны жаза отырып, мен сізге тәуелсіз елдің азаматы ретінде ой қалдырғым келеді. Мемлекеттің де, табиғаттың да ең басты қазынасы-адам. Тіршіліктің іргетасын құрастыратын , пайдасы мен зиянын қатар алып жүретін жеке тұлға үшін қоғамның ықпалы зор. Біздің әрбір жұтқан ауамыз, өз ауламызда асыр-салып емін-еркін жүруіміз ,алаңсыз еңбек етуіміз кімнің және ненің арқасы деп ойлайсыз? Әлбетте, көпшілікке бұл болашақ үшін дайындалып қойылған тәтті өмір секілді көрінетін болар. Тарих беттеріне үңіліп қарайтын болсақ, әрбір аққан қанның азабын, төгілген тердің нәтижесін көруге болады. Жүректегі алаулаған отты қазіргі заманға сәйкес етіп әлеуметтік желіге фото,видео салып ұлт жанашыры болып көріну кері түсінік. Патриоттық сезім-егемен елдің мәртебесін көкке өрлетіп, мемлекетке адал қызмет атқару, тарихымызды ұмытпау.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жеңіс емес! Ата-бабамыз сан мың жылдаған жылдар бойы аңсап күткен тұғыры биік, мәртебесі жоғары шың. Осы тәуелсіздіктің арқасында, қаншама қазақтың арманы орылдалып, қазіргі таңда бейбіт, ынтымақты, берекелі өмір сүріп жатырмыз. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған қазақтың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең үлкен мемлекет болып қалыптастық.
Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған және де ең бірінші болып мойындаған Түркия елі. Бұл тәуелсіздікті бір ғана ел емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай тату-тәтті өмір сүруі үшін ерең еңбек қажет. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі.
«Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы қандай терең,астары қандай кең десеңізші! Ол-өлең, ол-ән, ол-күй, ол-сұлулық, ол-шалқыған кең дала, ол-асқақ арман, ол-көркейген сәулет! Бір ғана сөздің өзі бейбітшілік,сәттілік,достық,бақыт,сыйласттыққа жетелейді,жаныңа жақсылық пен дербестікті көңілге ұялатады.
Осынау бірлігіміз жарасқан,әрдайым ынтымақта жүретін мемлекетке қарап отырып, өлең шумақтары еріксіз ойыма келді. Сол өлең шумақтарымен бөлісе отыра тәуелсіздігіміздің 29 жылымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік таңшуағы
Ұрпағымын Сәбира мен Ләзаттың ,
Осы күнге қазағымды шыдаттың ,
Тәуелсіздік алмай кетсең егер де
Өткен күнге өкінішпен қарадың
Тоқсан бірім тәуелсіздік символы ,
Әлі есімде егемендік ой-қыры ,
Талай жылдық тарихы бар Алашты ,
Түн артынан ақырындап күн басты .
Жиырма тоғызға толыпты тәуелсіздік ,
Тойлау оны емесқой әурешілік ,
Талай жұртта соғыс-қырғын ошағы ,
Осы күнге етейік тәубешілік .
Тәуелсіздік-он бір әріп, бір ұғым ,
Жүрегіммен айтар болсам өз үнім ,
Ержүректі,каһарман сақ ұрпағын
Тәуелсіздік қорғау үшін жаратылған
Болу үшін Алаштың азаматы,
Беру керек Отанға шараптатты ,
Бейбітшілік заманда әрбір қазақ ,
Тілейік, болсын десіп парасатты,
Тәуелсіздік таңы атсын шуақты .
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген