Тәуелсіз
елім – тұғырың сенің биікте
«Қазақстан»
деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен
қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде
өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі
парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен
жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі.
Қазақ жері, қазақ елі біздің
ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға
қалдырып кеткен баға жетпес байлығы
және асыл мұрасы. Жаңа Тәуелсіздік
заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз
жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан
жазуға мүмкіндік алдық. Әрине тәуелсіздік
бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ
халқының небір қайтпас қайсар батырларының
жасаған ерліктерін оқулықтан оқып
білудеміз. Елім, жерім деп жаудан
ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың
батырлары өз өмірлерін қиып, қанды
шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай
замандағы тарихымыз болмасын қымбат,
айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың
барлығы да құрметті.
Сан
зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық
көтеріліске келгенде де тосылып қарап
қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін
өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,
жерін жау аяғына таптатпай, сол туған
жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге
тіккен аталарымыздың бойындағы ерен
күш, биік рухқа әр кез таңданамын.
Аталарымыздың сол қасиетімелге - мұра,
ұраққа – ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық
көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен
желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал
сынағынан өткен жандардың жанқиярлық
ерлігі арқасында, біздер өмір сүру
бақытына ие болдық. Желтоқсан оқиғасы
біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен,
үлкендер мен апайларымыздың айтулары,
теледидардан жақсы білеміз. Алматының
алаңында өткен желтоқсан қырғынының
жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай
қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті
жаужүрек жас Қайрат ағамыздың жазған
өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен
қазақпын» деген әрбір жастың әрбір
адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық
сезімін оятары анық. Мектеп оқушысы
болсам да Қазақстанның болашағы үшін,
оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп
50 елдің қатарына қосылуына, менде өз
үлесімді қосқым келеді. Қандай да бір
жақсылық болмасын, қиындықпен келетінін
білемін. Дегенмен де қиындықтарға
мойымай, әрдайым қарсы тұрып жеңе білу
керек. Халықта мақал бар: «Өскен ел
тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын
жаспен жазады». Біздің халық тарихын
ғасырлар бойы жаспен жазып келеді.
Тәуелсіздік
жолы-азаматтық жолы. Тәуелсіздік келді,
енді бәрі болады, бәрі орнына өзінен-өзі
толады деп, жігеріңді құм етуге болмайды.
Абай ата айтқандай, мал табу жолына түсу
керек. Тәуелсіздік жолы-үміт жолы. Біз
бостандық алған елден күтеріміз аз
емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен
жарқын болашақ түтеміз, кейінгі ұрпақтан
ата-баба аңсаған заман тәуелсіздікпен
байланысты.
Біздің
тәуелсіз ел болғанымызға 25 жыл. Тәуелсіздік
– тәу етер жалғыз кие. Дүниедегі
тәуелсіздікті, бостандықты,. Теңдікті
аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Біздің
егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз-тек
бір ұрпақты ғана еңбегі емес, барша
ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат-қолымызға
қиындықпен түскен тәуелсіздік туына
мейлінше бекем болу. Тектілердің тұяғы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің
арқасында халқымыз-тыныштықта, Отанымыз
еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын
жайнатып, Астана-шахарын тұрғызды. Елдің
бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз
тыныш. Түндеріміз-бейбіт. Күндеріміз
нұрлы.
Мектеп
оқушысының қолынан не келеді деп
ойлауларыңыз да мүмкін. Теледидарда
Елбасы Нұрсұлтан атамыз айтқандай,
елдің болашағының көркейіп, гүлденіп
одан әрі дамып, өркендеуі біздің
қолымызда. Яғни болашақтың жастары мына
біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас
ұрпақтар.Елімізді әлемге танытып,
Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды
атқару үшін, алдымен жақсы білім алып,
тәлімді тәрбиелі болуымыз қажет. Әрбір
адам өз алдына мақсат қояды. Менің де
өзімнің алдыма қойған үлкен мақсаттарым
бар. Мен сынып оқушысымын. Мақсатым
мектептен жақсы білім алып, одан әрі
білімімді жалғастырып, елім үшін еңбек
ету. Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Мен
бақыт дегенді былай түсінемін. Ол-сенің
тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Бақыттың
кіндігі-Отан. Елімнің көркейіп, гүлденуіне
өз үлесімді қосып тәуелсіз елім үшін,
Отаным үшін, елімнің тыныштығы мен
сәбилердің күлкісі үшін, бар өмірімді
күш-қуатымды жұмсап жұмыс жасасам. Еліме
пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек
етсем менде одан артық бақыт болмас
еді. Аға-апаларымыздың қиындықпен
өздерінің жас өмірлерін қиып алып берген
тәуелсіздіктің туын, біздер әрдайым
биік ұстауымыз керек.
Бізге
өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз
ғой? Ол бізге қымбат-ата-бабаның рухын
көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген
мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны
үшін! Ол бізге қымбат-елімізді қатарға
қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін!
Менің
елім-Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді
біздің елдің әрбір азаматы асқақа
сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары
хақ.
4-сынып
оқушысы Қайырғали Ақбота
М.Жүнісов
атындағы ЖОББМ