400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік тақырыбына арналған оқушы шығармасы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған шығармалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан – тәуелсіз ел

Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып,тәжбен тақты күйрететін күшті нұр – ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! -деп ақын Мұхтар Шаханов атамыз жырла-ғандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 – жылы 16 – желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды.

Сол бір Желтоқсанның қара бұлтты,қаһарлы күндерінде Алматы көшелерінде лек – легімен шеру тартқан қазақ жастары бір асқақ әнді аспандата шырқап еді.Шырқап бара жатып жылап еді.Ол – Менің Қазақстаным.

Рухында азаттықтың ақтаңгері атой салған осы әнді Жұмекен Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқов сияқты өр тұлғалы, намысты аталарымыз жазғанның бәріміз білеміз.Сол кездегі құйтұрқы саясатқа көнбей, «бағаналы терек болып шарт жарылған» ақын Жұбан атамыздың «Мен –қазақпын!» атты дастаны мен «Менің Қазақстаным» әні де мейлінше жуасып бара жатқан қазақ рухын дүр сілкіндіру мақсатында туған зерделі дүние.Бүкіл ұлттық бедеріңді интернационализм атты үлкен өтекпен су жүгіртпей өтектеп тұрған тұста «Мен – қазақпын!» немесе «Менің Қазақстаным» деп қасқая қарап тұру – «жарлауытқа біткен жантақты жанынан безген нар жейдінің» кері емес деп кім айтар?!Сол тұста «Мен – қазақпын »дейтін бүкіл жұрт «Менің Қазақстанымды» бір ауыздан шырқады.Оны «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деп басталатын ресми әнұранымыздың жаңа сипатты жалғасындай қабылдады.

Мұның бір себебі – жер мәселесі желігіп тұрған тұстағы халық көңіл – күйімен дөп келуінде болса, екінші бір себебі – қуатты әуенмен әдіптелген ән тексі позициясының жалтақтықпен жаны қас, нар намысқа табан тіреген туралығында болды.Өйткені, күні кешеге дейін елді де, Отанды да жалғыз КСРО деп танып келген еді. «Менің елім, менің жерім, жырың болып төгілемін, Қазақстаным!» - деп атадан қалған аманат жерді соның бас иесі ретінде өзіне тәуелдей сөйлеу, тәуелсіздікке меңзей сөйлеу – кеңес өкіметі жылдарында бола қоймайтын үрдіс еді. «Мен –қазақпын!» атты дастаны мен «Менің Қазақстаным» әні шын шеберлікпен шыңдауға аталған қысқа мезет жетіпті.Күні бүгінге дейін сөзінің мәні ескірмей, әнінің сәні кешкірмей халқына қызмет етіп келеді.Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. 

Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! 

Ой –хой, қазақ даласы, не көрмедің!?

Қанша қурап, қаншама көгермедің!?

Қорқыт Ата қобызымен боздаттың ғой,

Асанның шерге толы өлеңдерін.

Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің!? – деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлады.
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. 
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. 
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз Тәуелсіз Отаныма 25 жыл болады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. 
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау! 
Шыдамадым қапасқа, 
Кеңшілікке қаштым. 
Көндікпедім матауға, 
Асау атша бастым. 
Уһ, шырқап, зымырап, 
Сұңқардай зулап ұшайын! 
Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. 
Қорыта айтқанда: Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. 
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Көк тудың желбірегені,

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту,

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені!

Елімнің ертеңі зор, бақыты мол болып, бабаларым аңсаған арманын ұрпағы ешкімге жерін де, елінде бермейтін Қазақстанның патриоты болады ,- деп сеніммен айта аламын!

4-сынып оқушысы Ораз Мәден

М.Жүнісов атындағы ЖОББМ















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі