жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік тарихы
Тәрбие сағаты: Қазақстан Республикасының тәулесіздігіне - 25 жыл
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тарихы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің сан ғасырлық жылдарынан мәлімет бере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерімен таныстыру.
Қазақ халқының біртуар азаматтарына және өткен тарихымыз туралы білу,дүниетанымын арттыру.
Отан сүйгіштікке ,патриоттықа,елін ,жерін ,тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: әдеби- музыкалы
Көрнекілігі: ҚР. Рәміздері ;Отан ,Қазақстан мемлекеті туралы қанатты сөздер,шарлар, Астана қаласының суреттері ,Бәйтерек макеті.Бәйтерек ағашы.Сабақ мазмұнына сай слайдтар.
Сабақтың барысы:
1.Тарихқа шолу
2.Тәуелсіздік жолы
3.Желтоқсан жаңғырығы
4.Тәуеслсіз Қазақстан
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды ашық тәрбие сабақққа даярлау ұйымдастыру.
1-жүргізуші:
-Ассалаумағалейкум халқым менің,
Иіліп сәлем беру салтым менің.
2-жүргізуші:
-Армысыздар қадірменді қонақтар,ұлағатты ұстаздар,ата- аналар,оқушылар.Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл тоуына байланысты 4 «А» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік тарихы» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Мұғалім:
-
Қадірменді қонақтар ,ұстаздар, ата- аналар, оқушылар бүгінгі күн ұлы күн, себебі біздің еліміз сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген , «Тәуелсіздік күні» баршамызға құтты болсын !
-
Ең басты құндылығымыз, байлығымыз Тәуелсіздік ғұмырлы болсын! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке,сондықтан да бізде сәби үнімізбен,пәк,таза жүрегімізбен өз үлесімізді,қуанышымызды бөлісуге дайынбыз!
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты,ертеңгі,
О,халайық!
Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің !
Оқушылар орнына отырады.
1-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай , кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші, тәрбие сабағымыздың І бөлімі «Тарихқа шолу» деп аталады.Тыңдап көрелік.
1-оқушы:
ХV ғасырдың ортасында көшпелі
Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп
шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен
дербес қазақ хандығын құрды.
2-оқушы:
Ұлан байтақ елімізге жан -
жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі ХVIІ - XVIII
ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы
болды.
3-оқушы:
1723 жылы қаннен – қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние - мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір - шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қаза болып қырылды.
4-оқушы:
«Ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім -ай» сынды мұңлы ән шығарды. Бұл ән жұрт жүрегінде жатталып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен.
«Елім - ай» әнімен
«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» үзінді бейнефильм
5-оқушы:
Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке
билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай,
Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ
секілді көптеген батырлар қазақ халқын қазақтың ханы – Абылай
ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық
азат етті.
6-оқушы:
XVIII ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды.
1-жүргізуші:
Ән: «Менің қазағым» орындайтын Қайратқызы Тоғжан
2-жүргізуші:
Көрініс: «Үш бидің даналығы»
7- оқушы:
Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.
8-оқушы:
XІХ ғасырдың 40 - 50
жылдарындағы Жанқожа батыр бастаған қазақтардың Хиуа, Қоқан
хандардың езгісіне қарсы күресі.
1870 жылы Маңғыстау қазақтарының
көтерілісі.
9-оқушы:
1916 жылы ұлт - азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан төңкерістері болды.
10-оқушы:
1930 - 1932 жылдардағы
ашаршылықта 2 млн. 100 мың қазақ қырылды.
1937 - 1938 жылдардағы репрессияда қазақ халқының қаншама аяулы
азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын - сүргінге ұшырап,
халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып
айыпталды.
2-жүргізуші:
Сабағымыздың ІІ бөлімі «Тәуелсіздік жолы» деп аталады.Тәуелсіздік үшін
талай жас , ақылды, білімді азаматтарымыз құрбан болғаны анық.
11-оқушы:
Жарасқан Әбдіраш
« Құлпытас»
Дәулеткелді
12-оқушы:
1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия елімізге тұтқиылдан соғыс ашты. Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы басталды.Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады.Отан үшін от кешкен батыр ағаларымыз бен батыр апаларымыз есімі мәңгі жадымызда сақталады.Олар Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Бауыржан Момышұлы,Рахымжан Қошқарбаев.т.б
1-жүргізуші:
Сабағымыздың ІІІ бөлімі «Желтоқсан желі » деп аталады.
13-оқушы:
1986 жылғы 16 желтоқсанда
елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан
алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ
халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын ел есінде
қалдырды.
14-оқушы:
Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға - апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.
1-жүргізуші:
Көрініс: «Желтоқсан желі»
2-жүргізуші:
Қайрат Рысқұлбеков
1987 жылдың 21 мамырында небәрі 21 жасында елі үшін,еркіндігі үшін қаза тапты. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.
1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған
ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын.
Желтоқсан желі бейнефильм көру
18-оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
1-оқушы:
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін!
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір, міне артта қалды келмес күн .
2-оқушы:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
3-оқушы:
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік елім
2-жүргізуші:
Сабағымыздың ІV бөлімі «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталады.
Бәйтерек макетінен қағаздарға жазылған әрбір жылдарды, оқушыр ала отырып, тәуелсіз жылдар шежіресіне тоқталады.
Әр жылға слайд көрсету
1-оқушы:
1991 жыл.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-оқушы:
1992 жылғы 4- маусымда Қазақстан Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын және Гимн бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов болды .
3-оқушы: 1993 жыл
Төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
4-оқушы : 1994 жыл
1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабев көк байрақты желбіретті.
5-оқушы 1995 жыл
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
6-оқушы 1996 жыл
1996 жыл Жамбыл жылы деп аталды. 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
7-оқушы 1997 жыл
1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан Республикам менің !
8-оқушы 1998 жыл.
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 6 -маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
9-оқушы 1999 жыл
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
10-оқушы 2000 жыл
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды
11-оқушы 2001 жыл
2001
жыл 21 ғасыр бастамасы.
2001 жыл - осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
12-оқушы 2002 жыл
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
13-оқушы 2003 жыл.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
14-оқушы 2004 жыл.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.
15-оқушы 2005 жыл
2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті
Осы жылы 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығы мерекеленді.
16-оқушы 2006 жыл
2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.
17-оқушы 2007 жыл
2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
18-оқушы 2008 жыл.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
19- оқушы 2009 жыл
2009 жылы қаңтар айында -ҚР -да ұлттық халық санағы өтті.
20- оқушы 2010 жыл
Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
21- оқушы 2011 жыл
2011жыл Астана мен Алматыда 7-қысқы Азия ойындары өтті. Осы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы , «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы аталып өтілді.
22- оқушы 2012 -2013 жыл
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты.
23- оқушы 2014 жыл
2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы жраияланды.
24-оқушы 2015 жыл
2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілді. Осы жылы 2-10 қыркүйек аралығында үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов халықаралық экипаждың мүшесі болып, Халықаралық ғарыш станциясында болып қайтты.
25-оқушы 2016 жыл
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толды.
Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы аталып өтуде.
Шығармашылыққа тоқталу
Қорытынды.
Хор: Атамекен

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген