400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік-тендесі жоқ байлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздікке байланысты тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Тәрбие сағаты

Сыныбы:

8ә

Күні:

09.12.2024ж

Педагогтің аты-жөні:

Ғниат Дана Асылханқызы

Сынып сағатының тақырыбы:

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.


Сабақтың мақсаты

Тәуелсіздік және оның құрбандары туралы инновациялық технологияларды пайдалана отырып түсіндіру

Апта дәйек сөзі:

Бірлік болмай тірлік болмас

Сабақтың барысы

Уақыты

Педагогтің іс әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздерме!

«Ән ұран» орындату.

«Сұрақ –жауап» әдісі. Learning Apps бағдарламасы арқылы оқушыларға түрлі сұрақтар береді.

1.Отан дегеніміз не?

2.Біздің Отанымыз қалай аталады?

3. «Тәуелсіздік» сөзін қалай түсінесіңдер?

Олай болса оқушылар бүгінгі сынып сағатынымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым».


Сәлемдеседі,

Қазақстан Республикасының ән ұранын айтады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Learning Apps бағдарламасы

Сабақтың ортасы

15 минут












10 минут

Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандап, аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жыл 16 желтоқсан заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.

Canva бағдарламасы арқылы жасалған слайдпен мәлімет беріледі, видеоролик көрсетеді.

D-id бағдарламасы арқылы (аналарының бейнесі видеода болады) тәуелсіздік жолында құрбан болған батырлардың аналары жоқтау өлеңдерін оқиды.


Топтық жұмыс.

WordWall бағдарламасы арқылы тапсырма орындайды. Әр қатарға өлең жолдары беріледі. Өлеңнің арасында бос орын болады. Сол бос орынға қажетті сөздерді қойып, өлеңнің дұрыс, толық нұсқасын оқиды.




Мұғалім Отан, Тәуелсіздік туралы мақалдың басын бастайды, ал оқушылар оны жалғастыру қажет. Ал жалғастыру үшін ChatGpt, ChatBot бағдарламалары көмекке келеді.

Тәуелсіздік туралы слайдты қарап, мұғалімді мұқият тыңдайды.











WordWall бағдарламасында өлең жолдарын дұрыс орналастырады.






ChatGpt, ChatBot бағдарламаларын пайдаланады.

Canva бағдарламасы арқылы жасалған слайд, D-id бағдарламасы арқылы жасалған видеоролик.






WordWall бағдарламасы









ChatGpt, ChatBot бағдарламалары

7 минут














Сабақтың соңы

5 минут

ЖИ арқылы жасалған видео көрсетіледі. Видеода Қайрат Рысқұлбеков өз өлеңін оқиды.


Kahoot бағдарламасы арқылы дұрыс не бұрыс жауапты таңдайтын тапсырма береді.

Сұрақ үлгісі:

1. Қазақстан Тәуелсіздікті 16-шы желтоқсанда алды.

2. Қайрат Рысқұлбеков тәуелсіздік жолында өз өмірін қиды.



Тақырыпты түйіндеу: Тәуелсіздік – әрбір ұлттың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, ең қымбат құндылығы. Қазақстанның тәуелсіздігі – ата-бабаларымыздың төккен қаны мен төзімділігінің нәтижесі, бүгінгі ұрпаққа аманат еткен қасиетті мұрағат. Тәуелсіз ел болу – ұлы жауапкершілік. Оның болашағы біздің қолымызда. Тілімізді, дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтап, бірлігімізді нығайту – егемендікті баянды етудің басты шарты.


Рефлексия. «Менің жүрегімнен шыққан сөздер». Google Forms бағдарламасы арқылы оқушылар өз тілектерін жазады.



Kahoot бағдарламасымен тапсырма орындайды.











Оқушылардан 2-3 сөйлеммен Тәуелсіздік туралы тілегін Google Forms бағдарламасында жазады.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.07.2026
33
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі