400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы, қол жеткізген жетістіктеріміз туралы түсініктерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы


16 желтоқсан - тәуелсіздік күні

(Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым!)


Сайыс сабақ мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Сайыс сабақ тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет- ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сценарий Дамытушылығы:

Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Сайыс сабақ көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Алғы сөз.

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» атты концерттік бағдарламамызды ұсынамыз. Бұл концерттік бағдарламамызды сайыс түрінде өткізгенді жөн санадық. Демек жетінші сыныптар арасында іріктеліп алынған он алты оқушымен, екі топқа бөліп сайысамыз.

1-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-жүргізуші:

Концерттік бағдарламамызды бастамас бұрын ҚР Әнұранын орындап алайық.

1-жүргізуші:

Бүгінгі «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» атты концерттік бағдарламамызды сайыс түрінде өткізіледі. барысымен таныстырып өтейік онда.

2-жүргізуші:

1-кезең: Таныстыру «Таныстыстыру» Айдарында топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып өтеді.

  1. жүргізуші:

2-кезең: «Мен бәрін білемін айдары» бұл айдарда әр топтан екі оқушу ортаға шығады, он алты сұрақ қойылады. Сұрақтардың жауабы әділ-қазы мүшелеріне беріледі. Сол бойынша оқушылардың дұрыс жауаптарфын санап, алған ұпай сандарын қояды

2- жүргізуші:

3-кезең: «Тарихқа саяхат» айдарымен оқушылар көрініс көрсетеді.

1- жүргізуші:

4-кезең: Үй жұмысы Яғни «тарихты бейнелейміз» айдарымен оқушылар үйде салынған тәуелсіздңе туралы суреттерін ұсынады.

2- жүргізуші:

5-кезең: «Өнерлінің өресі биік» айдары бойынша әр топ өз өнерін көрсетеді.

1- жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.


Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

2-жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.

1-жүргізуші:

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

2- жүргізуші:

Сайысымызды екі топтың таныстыруынан бастайық. Демек ортаға қатысушы топтарды шақырамыз.

1- жүргізуші:

Әділ-қазы мүшелерінің бағалары дайын болса ұпай санымен таныстырп кетсеңіздер екен.

2- жүргізуші:

Олай болса уақытты көп созбай «Мен бәрін білемін» айдарына яғни сұрақ-жауап айдарына кезекті береміз.

1-жүргізуші:

  1. сұрақ ҚР тәуелсіздік алған күн «Ж» 1991 жыл 1 желтоқсан

2-жүргізуші:

  1. сұрақ Егемендік декларациясы қашан қабылданды? «ж» 1992 жылы тамыз айында

1-жүргізуші:

  1. сұрақ Семей полигонын жабу туралы қаулы қашан қабылданды? «ж» 1991 жылы 24 тамызда

2-жүргізуші:

  1. сұрақ Ядролық сынақ алаңындағы сынақ жұмыстары неше жылға созылды «ж» 40 жылға

1-жүргізуші:

5-сұрақТоқтар Әубәкіров кім? «ж» ҚР алғаш ғарышкер ұшқышы

2 жүргізуші:

6-сұрақ ҚР тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті «ж» 1991 ж 1 желтоқсанда

1-жүргізуші:

7-сұрақ ҚР тәуелсіздік туралы заңы қашан қабылданды?

2-жүргізуші:

8-сұрақ 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы заң қашан қабылданды?

1-жүргізуші:

9-сұрақ ТМД қашан құрылды?

2-жүргізуші:

10 –сұрақ ҚР тәуелсіздігін алған мойындаған ел? «ж» Туркия мемлекеті

1-жүргізуші:

11-сұрақ ҚР БҰҰ-на қашан кірді? «ж»1991жылы

2-жүргізуші:

12-сұрақ Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы қашан болып өтті? жүргізуші:

1жүргізуші:

13-сұрақ ҚР Конституциясы яғни алғашқы «Ата заңы» қашан қабылданды?

2-жүргізуші:

14-сұрақ ҚР ұлттық валютасы «теңге» қашан жарияланды? «ж» 1993жылы 15 қарашада

1-жүргізуші:

15-сұрақ ҚР екінші яғни бүгінгі қолданыстаға Конституциямыз қашан қабылданды? «ж» 1995жылы 30 тамызда

2-жүргізуші:

16-сұрақ ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспары қашан жасақталды? 1997ж

1-жүргізуші:

Топтардың сұрақ-жауап бойынша жинаған ұпай сандарымен таныстырып өтсеңіздер екен.


2-жүргізуші:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.


Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.


Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

1-жүргізуші:

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г. Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

2-жүргізуші:

Ендеше келіңіздер сайысымыздың үшінші айдары бойынша «Тарихқа саяхат» жасап кетейік. «Тәуелсіздік қырандары» тобының көрінісін тамашалайық

1 жүргізуші:

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген? Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

2жүргізуші:

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

1- жүргізуші:

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.

Соның бірі «Менің тағдырым».

2- жүргізуші:

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді,

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.


Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қайбірін,

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.


Тағдыр мені аямады, қорлады,

Жалынсам да, жыласамда болмады.

Қараңғы өмір бақытым жоқ, Жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

1 жүргізуші:

Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.

2 жүргізуші:

Салт – санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Қызғаныштан тозбасын,

Қолдаушысыз болмасын.


Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан,

Бірлік пен бақ таймасын.


Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойным алып жаланы,

Мен болайын құрбаны!

1 жүргізуші:

«Желтоқсанда» құрбан болған,

Ляззат қызды есіңе ал!

Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,

Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,

Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр.

Бұл жерден мәңгілік аттанған,

Халқымның есінде сақталған!

2жүргізуші:

Олай болса келіңіздер біргелікте «Егемендік ұландары» тобының көрінісін тамашалайық

1жүргізуші:

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.

2 жүргізуші:

1 минут үнсіздік

1-жүргізуші: Ән. «Қазағым» Орындайты 7 «Б» сынып оқушысы Жылқайдар Аружан

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 28 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

1 жүргізуші:

1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

2 жүргізуші:

1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

1-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы 0қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

2-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті. 1-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.

2-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

1-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.

2-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

1-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

2-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.

1-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

2-жүргізуші: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді. 2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.

1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары

2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы

1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.

1-жүргізуші: 2009 жылы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын жаңғырту жүзеге асырылды.

2 жүргізуші: 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.

1 жүргізуші: 2011 жылы Республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік.

2 жүргізуші: 2012 жылы Алғаш рет Қазақстандықтар тұңғыш президент күнін атап өтті.

1 жүргізуші: 2013 жылы ҚР Президентінің бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп «біріңғай зейнетақы қорын» құрды.

2 жүргізуші: 2014 жылы «Нұрлы жол- болаққа бастар жол» атты жолдауы жолдады

1 жүргізуші: 2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» мерей тойы тойланды

2 жүргізуші: 2016 жылы Алғаш рет Қазақстанда Универсияда ойындары олимпиядасы өтті.

1 жүргізуші: 2017жылы Expo-2017 Қазақстанда өтті.

2 жүргізуші: 2018 жылы Астананың жиырма жылдық мерей тойы тойланды.

1 жүршгізуші: 2019 жылы ҚР Президенті биліктен бас тартып, орнына Қ. Тоқаев тағайындалды.

2 жүргізуші: Иә, достар айта берсек бұл біздің басты жетістіктеріміздің шеті ғана.

1 жүргізуші: Ал, олай болса келіңдер, сайысымыздың төртінші шартына кезек брейік. Ол шарттымызда біз «Тарихты бейнелейік» айдары бойынша. Оқушылардың үй жұмысын тамашалайммыз.

1 жүргізуші: Иә әр екі топ өз жұмыстарын әділ-қазы алқасына апарып тапсырады.

2 жүргізуші: Әділ-қазы мүшелері өз бағаларын шығарып, бізбен таныстырғанша, біз сыныптасымыз Рамазанның орындауында ән тыңдаймыз.

1 жүргізуші: Ұпай сандарын анықтап болған болсаңыздар, онда бізддерге көрсетіп өтсеңіздер екен.

2 жүргізуші: Ендеше біз саысымыздың ең соңғы әрі қызықты айдары «Өнерлінің өресі биік» айдарына кезекті берейік. Бұл сайыста алғаш болып өз өнерін көрсететін топ «Егемендік ұландары» тобы болады: келіңіздер онда барығымыз бірге тамашалайық.

1 жүргізуші: екінші болып өз өнерін көрсететін топты сіздер білесіздер, ол әрине «тәуелсіздік қырандары» тобының өз өнерін тамашалайық.

2 жүргізуші: ендеше өз өнері айдарының ұпай сандарымен таныстырып өтсеңіздер екен.

1 жүргізуші:

Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,

Елеулі іске қосар емірентіп.

Бүгінгі кеш қонағы апайымыз

Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып, мектебіміздің директорының міндетін уақытша атқарушысы Байқонысов Марат Омарұлына сөз береміз.

Өлең: «Желтоқсан желі»

2 жүргізуші:

Құрметті залда отырған қадірменді қауым, Тәуелсіздікті алғаш қозғап, қолдап сол үшін қыршыннан қиылған боздақтарымызға қанша жерден мадақтаулар айтып, қаншалықты тағзым етсекте аздық етеді.

1 жүргізуші:

Иә, біздер осындай тыныш, бейбіт өмірде жасап жатқанымыз үшін, осындай зәулім сарай мектепте білім алып отырғанымыз үшін де сол кісілерге рахмет айтамыз. Сіздерге осында келіп 7-сыныптарының ұымдастырып отырған концерттік бағдарламасын тамашалағаныңыз үшіни үлкен рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі