жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ««Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер
Мен-қазақпын мыңөліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айтабергімкеледі, айтабергім!
Қайран, қазақелі… Жасұрпаққаайтаалмағанжеткізеалмаған, жандүниеңдідіреткізетінсырға, мұңға толы тарихипарақтарықаншамаәлі. Оғанкуәмынажатқанкеңсары дала, заңғартаулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихиескерткіштер: мазарлар, қирағанежелгіқалалардыңорны. Ғасырларбойыата-бабамыздыңқанытамғантопырақисімүңкіптұр.
1-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабаншұбырынды, Алқакөлсұлама» заманынанбастап, қойшақырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
2-жүргізуші:
Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылықәрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. Видео көрініс «Жау жүрек мың бала» фильмінен үзінді көрсету.
2-жүргізуші:
Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтыңүш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздыңқаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.
Осыдан 26 жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
1-жүргізуші:
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын
биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға
себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл
31 жыл толып отыр.
1-оқушы
«Мен - қазақ, қазақпын деп
мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп
азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының
барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың
құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын
жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі
толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік
үшін күресе білді.
2-оқушы:
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д.
Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов
облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин
сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы
шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып –
жаншыды. Демонстрация аяусыз
басылды.
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы
Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын,
намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін
әйгіледі.
3-оқушы:
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан»
оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас.
«Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса
керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар –
намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік
тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды
қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың
қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын
кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып,
қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев
сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін
бе?
4-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой
аспаннан,
Тарихы оның тым әріден
басталған.
Бодандықтан құтқарам деп
елімді,
Талай боздақ қара жерді
жастанған.
5-
оқушы:
Жазалаушы қара құрттай
қаптады,
Қазағымды қырып – жойып
таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары
ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін
ақтады.
6-
оқушы:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі
ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді
ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан
болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді
ғой.
7 –
оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды
жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді
ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып
берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді
ғой.
-
А оқушы:
Жатыр бүгін жалын боп алыптарым
Батырлығы бағым боп орнап қалған.
Қорған болған елімнің елдігіне
Батырлардың бас идім ерлігіне
Ұрпақтары қахарман бабалардың
Тәуелсіздік қамалын көрдім міне
-
Жүргізуші:
1986 жыл 17,18 желтоқсан Бүкіл елді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бұл кеңес үкіметі тұсында бұрын-сонды кездеспеген құбылыс.
Көрініс:
Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат:Жолдастарымменбірге.
Тергеуші:Жоқ, сенСәтпаев пен Мир көшесініңқиылысындаСавицкийдісоққығажықтың, соныңнәтижесіндеолқайтысболды! Сен кінәлісіңоған!
Қайрат:Сөйлесемдаусымжетпейтін
Кезболдыңмынаузаманға,
Шовинизм едіғой,
Бастысебепжалғанға.
Елбең, елбеңжүгірген
Ебелекотқасемірген.
Арғымақмінгенжаратып,
Ақсауыткигентемірден,
Алатаудайбабалар,
Аруағыңменжебейкөр.
Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзінкөрмесем де, хатыноқыпмауқымдыбасайын.
Қайраттың хаты: Амансыздарма, анам, туған-туыстарым! Меніңнақақтанабақтығыотырғанымасіздерсенедідепойлаймын. Жасақшыныұрды, өлтірдідегенжалаға сене көрмеңіздер.Сенші маған анашым. Алаңда, жатақханажанындаұсқынысуықжасақшылардыңжиналғанқазақжастарынұрып-соғып, бейкүнәқыздардышашынансүйреп, қорлағандарынкөріпшыдамадым. «Ерулігеқарулы» деп мен де топ ішінекіріп, көмектесугеұмтылдым.
Менің де, солкүнгіалаңғашыққанқазақжастарының да ешкүнәсіжоқ. Алаңғабарғанымыз – азаттықіздепбарғанымыз. Бізұлтшылдықтыңүлгісіемес, «ұлтжандылықтың» үлгісінкөрсеттік. Қазақтыңбостандықаларкүніалысемес! Аман болыңдар! Уақыт өтер, бәрі өзгереді әлі. Еліміз егемендікке қол жеткізсе, Бейбір заман орнайтынына сенемін. Қош бол Анашым! Сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кететініме өкінемін.
Ана: Ұлым менің! Ботам , құлыным. Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күткен еді мына сорлы анашың… Құлыным қайдасың, ботам, ботам.
Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздантұрыңыздар сот кележатыр!
Үкім: Қазақ КСР Жоғарғысотының сот мәжілісізалындағыашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымынадейінҚайратНоғайбайұлыРысқұлбековтіңайыптауісінқарайкеліп, Қазақ КСР Қылмыстықістержүргізукодексінің 287,299 және 301 баптарынасәйкес сот алқасыҮкіметеді»: ҚайратНоғайбайұлыРысқұлбековкінәлідептанылыпмынадайқылмыстықжазағатартылсын:
Қазақ КСР Қылмыстықкодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынанайыруға, Қазақ КСР Қылмыстықкодексінің 173-1 бабы бойыншаеңжоғарыөлімжазасына, атуғакесілсін.
Қайрат: Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтайқаным бар,
Бозторғайдайжаным бар.
Аламдесеңалыңдар!
Қайратдегенатым бар,
Қазақдегензатым бар.
«Еркектоқтықұрбандық»
Атамдесеңатыңдар!
-
Жүргізуші:
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.
8-
оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі
күн,
Ерттеп мініп ар – ождан
сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой
салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі
күн.
9-оқушы:
Азаматтық айбарымен еркіңнің,
Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.
Алаңдағы әділетсіз дауылға
Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың.
10-оқушы:
Жапа шегіп жатсаңдағы жаланың,
Жарамады арашаға жан адам.
Желтоқсанның желбіретті жалауын,
Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам.
11-оқушы:
Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,
Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.
Көкбайрағымсеніеске сап тұрады,
Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы.
12-оқушы:
Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,
Айналар атың әлі неше өлеңге.
Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,
Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде!
13-оқушы:
Қарындасқа қалқан болған өренім,
Қалың жасқа пана болған терегім.
Жалын жырға арқау болған тереңім,
Өлтіре алмас сені өлім!
Алмас жүзді беренім!
14-оқушы:
Жас арудың жанарында –
Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –
Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған
халқымның
Қара тұман қабағында –
Желтоқсан.
15-оқушы:
Атыңнан айналайын қазақ
деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер
ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың
сынбай,
Көрсең де талай қорлық
азаппенен.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік туы көтерілгенде
дүниеге келген, қазақ перзенті, бүгін 26 жаста. Тәуелсіздік – сенің
абыройың, намысың, иығындағы қалқаның, маңдайындағы жұлдызың,
төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, халқым,
Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ
болсын!
2-жүргізуші: Биылғы жыл – қазақ халқы үшін
айырықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл. Биыл
біздің тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз
26 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен
әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 26 жыл, ұлы мерекеміз құтты
болсын!
1-жүргізуші: ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің
алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін,
ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз
Тәуелсіздік
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарынақосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
2-жүргізуші:
ТігілгенсоңАқ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отандегеноранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктуынтігугеқаншалықтықажыр-қайраткерекболса, оны құлатпайсақтапқалуғасоншалықтықажыр-қайраткерек
16-оқушы:
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасынбасқалар.
Отандегенқасиетті, киелі,
Отандесемоянадыасқақ ар!
17-оқушы:
Қазақстан – Тәуелсіздік
бесігі
Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасынбасқалар.
Отандегенқасиетті, киелі,
Отандесемоянадыасқақ ар!
18-оқушы:
Отансыздар мына өмірде бос қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.
Отанымдыкүзетедіадалдық,
Сәттерімдемүлткетпестенқасқағар.
19-оқушы:
Қазақстан – Тәуелсіздікбесігі,
Басқалардыңтимесіншікесірі.
Елдіңкөшінөргебастапбарады,
Нұрағаңменегізболаресімі.
20-оқушы:
Қазақстан – Тәуелсіздікбесігі,
Бесігімдетербеледідосүні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайықосыны!
21-оқушы:
Бірата,
бірананыңтүлегіміз,
Бірболсынқайдажүрсектілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген
бабам,
Бірлікдепбіргесоққанжүрегіміз.
22-оқушы:
Тәуелсіздік – сан ғасырлық тарихы
бар,
Қазақстан – бұл азат ел
танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба,
әнұраны,
Қазақ елі егемен, сан ұлты
бар.
23-оқушы:
Тәуелсіздік – бабалардың
ұраны,
Бейуақытта бойға таққан
тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде
тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған
шырағы.
24-оқушы:
Қазақстан – туған Отан, алтын
бақ,
Ұлы жолға түсті келіп
жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген
қария,
Қазақстан – мейірім, ана, жер
қымбат,
Атады әлі тағы да бір таң
күліп,
Жүректерде арман отын
жандырып.
Қазақстан бізді туған ұлы
Отан,
Жайнай бер сен жайнай бер сен
мәңгілік!
25-оқушы:
Атыңнан айналайын, егемен
ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле
бер.
Мерейің құтты болсын
тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе
берер.
Көк туымыз көгімізде мәңгілік желбіресін деп «Көк тудың желбірегені» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген