400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды отанды сүюге тәрбиелеуге керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының жеткен  жетістіктері  туралы  оқушылардың білгендерін  ортаға салу.  Оқушыларды  туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Желтоқсан қаһармандары туралы суреттер, Қазақстан рәміздерінің суреттері, Елбасы, Астана суреттері компьютер.

Әдіс-тәсілдер:Слаидтар

Барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Кіріспе 3. Тақпақтар 4. Слаидтар көру 5. Ән-би, өлеңдер

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар «Тәуелсіз елдің ұланы» тәрбие жұмысымызды бастаймыз Сіздерді Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтаймыз Отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз.

Тәрбиеші: Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. «Тәуелсіздік» дегеніміз өз еркіміз өзімізде, жеріміз, теңдігіміз бар дегенді білдіреді.Қазақстан Тәуелсіз, Егенменді ел. Өзіміздің Ата Заңымыз, Мемлекеттік рәмізіміз, Теңгеміз, Өз қарулы күштеріміз бар. Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған.

Ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.

Әнұран: «Менің Қазақстаным»

Ұйымдастыру кезеңі: Слайдпен жұмыс.

Тәрбиеші:  - Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз? Ол ел – Қазақстан Республикасы.

-    Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына биыл 26 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді Тәуелсіз ел деп атайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз, егеменді мемлекет. 1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға - апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Оларды еске алып, рухына тағзым ету – парызымыз.

Слайд.Желтоқсан қаһармандары.

1991-2007 жылдар аркалығында қандай жетістіктерге жеттіік?

Айнақұлов Қ 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

Хадиша 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты.

Ерасыл 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

Нұрсұлу 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.

Дияна 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

Арлан. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

Шәріппек Н 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Майра 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі

Түркістанға 1500 жыл толды.

Ерболат Н 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

Меруерт 2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.

Оқушы: 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.

Кәусар 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

Саят 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.

Салтанат :2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.


Хор .Біз Отанның ұланымыз.

1.Мидина Тәуелсіздік таңын сүйем .

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

2.АйнұрАласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі

Қазақстан аспанында.

Бостандықтың желі еседі

3.Арлан Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

4.Құралбек А.Маған қымбат ұлы елімнің .

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

5.Шыңғысбай Н.

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.


6.Азамат Бостандығым тұңғыш рет,

Аққанатын қаққан күн.

Әже әлдилеп немересін,

Басы айналған бақтан күн.

7.МайраТәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөлен де.

8.Карина Тәуелсіздік – Бақ туын.

Қолға ұстаған сәт бүгін,

Болсын дәйім шат күнім.

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік –ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік.

9.Кәусар Тәуелсіздік – ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

10.АйлинЖелтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

«Елім-ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

11.Нұрсұлу Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын.

Теңескен төбем көкпенен.

12.Минболат Қ

Сүйемін туған елімді,

Сүйемін байтақ жерімді.

Сүйемін Қазақ халқымды,

Сүйемін Отан анамды



Хормен:

Қазақстан! Туымен тұғырлы.

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.


13.Бекзат
Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік - ұлық той.

14.Хадиша Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.
Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз.

Ата-бабам қалдырған,

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

15.Салтанат

Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға, Әпкелеріміз

. Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

16.Раяна

Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


17.Айханым .Тәуелсіздік ел мұраты,

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.

Тәуелсіздік мақтанашым,

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған.

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.


18.Дияна

Қазақстан менің Отаным,

Атыңды әнге қосамын.

Шарықтап өсіп,дами бер,

Біліміммен үлес қосамын.

19.Шәріппек Н

Жадырап жарқын жүзіміз,

Жарқырап әрбір күніміз.

Ертеңінен елімнің ,

Үміт күткеннің біріміз.

Қарттарым мұңаймасын деп,

Сәбилер жыламасын деп.

Кешегі өткен тарландар,

Желтоқсанда ұрандап. 

20.Ерасыл

Еңсесі биік Елорда,

Мәңгілік ел бол қашанда.

Көктегі туым желбіреп,

Көк аспанда қыран құс

Самғай бер әлі биікте

Тыныштық бейбіт заман бол,

Тәуелсіз елім аман бол.

21.Саят

Біз Отанның гүліміз,

Туған жердің нұрымыз.

Тәуелсіз біздің еліміз,

Қазақстан бай жеріміз.


Қазақстан менің Отаным,

Атыңды әнге қосамын.

Шарықтап өсіп,дами бер,

Біліміммен үлес қосамын.


22.Диханбай Н

Мен қазақпын Отаным— Қазақстан,

Тәуелсіз елді қорғайтын —мен жас ұлан.

Сүйемін туған халқым, байтақ елімді,

Мақтан етем осындай ғажап жерімді.


Отанымның кең байтақ қой даласы,

Көрік берді Астанадай қаласы.

Менің асу армандарым бүгінгі,

Бір өзіңнен қуат алар ,қарашы. 

23.Абылай

Ұлан - байтақ неткен жер!

Дәнді - дақыл еккен жер.

Жеттік міне арманға

Қазақстан - Ерікті ел!

Талай боздақ өткен жер,

Маңдай терін төккен жер.

Тәуелсіздікке қолы

Қиындықпен жеткен жер.

24.Жания

Өзіңде бар Елбасы

Туыңда бар, Әрине

Елтаңбаң бір ертегі

Әнұраның тәрбие

. Енді қанат жаялық

Қыран құстай самғайық.

Туымызбен тұғырлы

Бірге желек қағайық.

Егеменді ел болдық

Ел намысын сақтайық.

25.Меруерт.

Қазақстан байлығын

Бөтен елге сатпайық!

Салт - дәстүрін қазақтың

Жаңғыртайық, жасайық!

26.Іңкәр

Үлгі етіп ұл – қыздарға

Үлкен үміт артайық.

Тілді сыйлап, шұбарлатпай

Қастерлейік халайық!

Қазақ тілін дамытуға

Күшімізді салайық!

26 жыл міне, толып отыр,

Егеменді еліме.



27.Айзере

Өрт салмасын бөтен елдер

Атамекен жеріме.

Аңсап күткен бұл тойымыз

Құтты болсын бәріңізге

Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс

Тілеймін жас – кәріңізге

28.Ерболат Н

Қыста келген бақыт бұл

Қыспай берген жақұт нұр

Аппақ қардай пейілін

Әлемде елім шашып тұр

29 .Аружан

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын



Мақал –мәтелдер

Айнұр.Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

Айханым Отан от басынан басталады. Отан оттан да ыстық,

Карина Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. Отансыздың оты жанбайды.

Хадиша Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Азамат Отан үшін отқа түс — күймейсің,

Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

Ерболат НОтанын сатқан оңбас.

Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

Абылай Туған жердің ауасы да шипа,

Туған жердің жуасы да тәтті.

Салтанат.Туған жердің тасы да таныс

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

Кәусар Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Айзере.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. Туған жерге туың тік.

Іңкәр Туған елдің түтіні күйесіз.

Ерасыл Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

Шыңғысбай Н.Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне

Меруерт .Бөтен жердің гүлінен, Туған жердің тікені артық

Диханбай Н.Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың.

Арлан Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды.

Мидина Атамекен — анаң екен, Қысылғаңда панаң екен.

Айнақұлов Қ.Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

Шәріппек Н Отаның берік болса ,жау алмайды.

Майра Отан елдің анасы,ер елдің анасы

Минболат Қ .Бұлбұл гүлзарын сүйеді,адал адам отанын сүйеді.

Жания.Өтан қадіріне жетпеген ,өз қадіріне жетпейді.

Балдар хор .Ел қорғауға әзірміз

Абылай

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.


Т – білдіреді теңдікті,


Ә - әдептілік, әлдікті.


У – уайымсыз уақытты,


Е – егемендік елдікті


Л – дейді лағып лепірме


С – сенімділік секілді ең,


І – ілтипат пен ізет қой,


З – зиялылық тілек қой.


Д – шақырады достыққа,


К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

Айнақұлов Құралбек

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Кәусар

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Азамат

Менің елім - Қазақстан

Күл әлемге танылған

Желбіреген көк туым бар

Қыран бүркіт самғаған

Батыр ата – бабаларым

Елін жаудан қорғаған

Қазақстан Республикам

Отаным деп мақтанам


Айнақұлов Қ

Қазақ елі, қазақ жері

Дархан таза халық қой

Бүгін міне болып жатыр

Елімізде алып той

Жайнай берсін елім менің

Қазақстан бай далам

Татулық пен бейбітшілік



16.Карина

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!
Ән хор: қыздар Жас дәуірдің түлегіміз.

Би:Аққу.Қыздардың орындауында.

Корей биі.Қыздардың орындауында.

Флешмоб.Алға Қазақстан.

Осымен 1 сынып оқушыларының дайындаған шағын тәрбие сағаты аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет. Қош сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1099
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі