Сабақтың басы
15
мин
Сабақтың ортасы
15
мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру.
2-апта
дәйексөзі: Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге
жүреді
Гимн
орындалады.
Ж
отан
аңа
сабақ:
Отан деген
не?
Сабағымызды елбасымыздың
мына бір сөзімен бастағанды жөн көріп отырмын: «Біз бәріміз бір
атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу –
ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,
ол – Тәуелсіз Қазақстан». Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ.
Тәуелсіздік – ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің
жемісі. Оқушылардың ізденіс
жұмыстары: 1. Қазақ халқының басынан небір қилы заман
өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген
қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін
ойсыратып кетті. 2. 1837 - 1847 жылдары Кенесары Қасымұлы
бастаған ұлт - азаттық көтеріліс, 1836 - 1838 жылдары Ішкі Бөкей
ордасындағы көтеріліс, 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт -
азаттық көтеріліс болды. 3. 1925 - 33 жылдары Голощекин Қазақстанда
әлі революция болмаған деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді
аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2 -
3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2млн. 200
мың қазақ аштықтан қырылды. 4. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірі – біздің
қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын
қиды. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер
де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар
еді. 5. 1941 - 1945 жылдары адамзат тарихында
болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жанын қиған қазақ батырлары
фашизммен күресіп, ерекше ерлік көрсетті. 100 - ге тарта қазақ
қаһарманына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ
берілді. 6. ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел
қазақ халқы көргенді көрген жоқ. 1949 - 50 жылдары Семей
полигонында сыналған 600 - ден астам ядролық жарыстардың кесірінен
осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам
уланды. 7. 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан
оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы
желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар
бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 16
желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан
әрі жақын, әрі қаралы қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат,
Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды аға -
апайларымыздың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні
еді. 8. Қазір бұл қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі
қайғылы, әрі бақытты күн, себебі, 1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып
жарияланды.
«Қоржын - сұрақ» викториналық
сұрақтар:
1. Мемлекеттік рәміздерді ата
(ту, елтаңба, әнұран)
2. Егемен Қазақстанның
ордендері мен медальдарын атаңдар («Халық қаһарманы», «Алтын
жұлдыз», «Отан» ордені, «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» ордендері,
«Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат»
медальдары).
3. Тәуелсіздік Монументі қай
алаңда, қай жылы ашылды? (1996 жылы 18 желтоқсан күні Республика
алаңы).
4. Мемлекеттік елтаңбаның
авторлары (Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов)
5. Ұлттық валюта
(теңге)
6. Қазақстан Республикасының
жер көлемі (2417, 3 мың шаршы шақырым).
7. Туған жердей жер
болмас,
............................................( Туған елдей
ел болмас)
8. Қазақ жеріндегі ғарыш
айлағы (Байқоңыр)
9. Әнұран авторлары (Ж.
Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев)
10. Жаңа Ата заңымыз
қабылданған жыл (1995 жылы, 30 тамыз).
Шығармашылық
тапсырма:
І топ: Тәуелсіз Қазақ елінің
баға жетпес құндылықтары
ІІ топ: Тәуелсіздікке
тартуым.
|
Мұғалімді мұқият
тыңдайды.
Сұрақтарға жауап беріп, өз
ойларын ортаға салады.
Өз ойларымен
бөліседі
Бейнематериал
көреді
Оқушылар пікірі
тыңдалынады.
- 1991 жылы 29 – тамызда Семей
полигоны жабылды.
- 1991 жылы 16 - желтоқсанда
Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
- 1991 жылы 2 – қазанда қазақ
ғарышкері, Т. О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
- 1991 жылы 1 – желтоқсанда
тұңғыш Президентіміз сайланды.
- 1992 жылы 2 – наурызда
Қазақстан БҰҰ - на мүше болып қабылданды.
- 1992 жылы 4 – маусымда
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
- 1993 жылы маусым айында
еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
- 1993 жылы 15 – қарашада Төл
теңгеміз дүниеге келді, 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа
басылыммен қайта шықты.
- 1994 жылы мемлекетіміздің
тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.
- 1995 жылы 30 – тамызда жаңа
Ата Заңымыз қабылданды.
- 1997 жылы 10 – қазанда
Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
- 1998 жылы 6 шілде – Астана
күні.
- 1999 жылы 10 қаңтарда
президент сайлауы.
- 2001 жылы –
тәуелсіздігімізге 10 жыл.
- 2010 жылы – ҰБСЕ ұйымына
төрағалық етті.
- 2011 жылдың 16 - желтоқсаны
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 - жылдық мерейтойы
тойланады.
- 2012 жылы – тұңғыш президент
күні тойланды, EXPO 2017 көрмесін өткізуді 103 мемлекет қолдап
жеңіп алды.
- 2017 жылы EXPO 2017 көрмесін
өткізілді.
- 2019 жылы президент болып
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президент болып
сайланды
- 2022 жылы конститутцияға
өзгеріс енгізіліп, президент тек бір рет қана 7 жылға сайлана
алатын болып бекітілді.
- 2022 жылы Қазақстан
Республикасы президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев болып
қайта сайланды
|
Жазба
дәптері
Суреттер,
нақыл
сөздер,
мақалдар,
өлеңдер,
бейнематериал
|