400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік тірегім, Елім деп соққан жүрегім

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жауқазын»  орта 

тобының  Тәуелсіздік  мерекесіне 

арнаған «Тәуелсіздік  тірегім,

елім  деп 

соққан  жүрегім» атты  мерекелік 

ертеңгілігі.

Мақсаты:

Бүлдіршіндерге   Тәуелсіздік  

жайлы  жан-жақты  түсінік қалыптастыру. Бүлдіршіндерге    патриоттық  тәрбие  беру.

 

І жүргізуші:  Құрметті  ата-аналар, балалар, ұстаздар! Алдымызда  еліміздің 

салтанатты  да  мерейлі 

мерекесі – Тәуелсіздік  күні  келеді. Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі 

күні  мерекесі  баршаңызға 

құтты  болсын! Осы  біздің 

«Жауқазын»  тобының  бүлдіршіндерінің  қатысуымен 

дайындалған  «Тәуелсіздік  тірегім, 

елім  деп  соққан 

жүрегім!»  атты  мерекеге 

қош  келдіңіздер! Олай  болса 

бүлдіршіндерімізді  ду   қол шапалақпен  ортаға 

шақырайық. 

(музыка  әуенімен 

балалар  ортаға  шығады)

ІІ жүргізуші: Бүгін  бізде 

үлкен  мереке – «Тәуелсіздік  күні!». 1991 жылғы 16 желтоқсан. Бұл  күні – қазақ 

халқының  ұлттық  тарихында 

алтын  әріппен  жазылған 

күн.  Бұл  күн - 

сөнген  шырақтың  қайта 

жанған  күні. Ал бүгінгі  қазақ 

елі – ата-бабалар  аңсаған  тәуелсіз, 

егемен  ел.

Шарықта, 

шарла   көкте  көк 

байрағым,

Арманым – Азаттығым,  көпке  айғағым.

Мен  сенің  салтанатты 

сағатыңа,

Өлеңмен  алтын  шашақ 

шоқ   байладым.

Ал  самға, әлем  кезіп, Әнұраным,

Қалықта  Елтаңбасы – шаңырағым.

-        

Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  әнұраны  орындалсын!

(әнұран 

орындалады)

І жүргізуші:          Естіртем   бар 

әлемге  үніңді  де,

 Туған  ел, арт, көтерем  жүгіңді 

де.

Отаным  Қазақстан  өрге 

басқан,

Тәуелсіз  мен  қазақпын 

бүгін  міне.

Дилияр

Әділеттің  ұраны

Ақиқаттың  шырағы.

Тыныштықтың 

туы  боп

Зор  салтанат 

құрады.        

Айсұлу

Отанды жас – кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз!

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Малика

Жайдарлы жерім бар,

Өрісті  елім бар.

Ерлікке баулитын ,

Егемен елім бар.

Гүлназ

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты ата-мекенім,

Отаным –Қазақстаным !

Әлішер

Аялап ару ананы,

Өсірген еркін 

баланы.

Бесігім  болып

тербеткен

Отаным –Қазақстаным !

Зере

Тәуелсіздік  ел 

болу

Ынтымақты  өрге 

озу.

Еркін  және 

өзге  елмен

Терезесі  тең 

болу.

«Айналайын» хор

ІІ

 жүргізуші:      Шуағынан 

сәуле  шашқан  күні 

бар,

Екпіндеген  ақ 

қыранның  үні  бар.

Ою  басқан 

мөп-мөлдір  көк  аспандай

Қазағымның  желбіреген 

туы  бар.

І жүргізуші:        Шаттанғанда 

шырқалады  әнұран.

Мақтанғанда  шырқалады 

әнұран.

Ту,

елтаңба – егемендік  белгісі

Осылармен  әлем 

бізді  таныған.

Жасмин

Тәуелсіздік жолында,

Талай –талай тер төккен.

 Билігім өз қолымда,

Еркіндігім елтаңба.

Алтынай

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым

Мәңгі

бақи шырқалады

Республика

Әнұраны!

Айжан

Елтаңбасы

елімнің

Неткен

айбат әдемі

Тұнығындай

көңілдің

Ортада

аспан әлемі!

Жұлдыз

Құт, береке- шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты құс, арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Арыстан

Әнұраны   елімнің,

Шақырады   бірлікке.

Егеменді  халқымның

Болашағы  бірлікте.

«Ұлдар биі»

ІІ  жүргізуші:          Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,

                               Гүлге

оранды ауылың мен аймағың.

                               Нұрсұлтаның

биіктерге бастады,

                               Ол

көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Дилияр

Елбасымыз  жолдайды

Халқы 

оны  қолдайды,

Ешқашанда 

орынсыз

Шешімдері 

болмайды.

Гүлназ

Елбасы 

елді  қорғайды

Халық  қамын  ойлайды,

Осындай  жақсы   адамның,

Жақсылығы  

тарайды.

Айнұр

Биіктей  бер Нұр аға

Қыран  қанат  талмасын.

Қадірлемей  тұра ма

Халық  сіздей  ағасын.

Айдана

Гүлдене  бер ,Отаным

Көтерген туын  Нұр ағам!

Көбейткен достың  қатарын

Нұр аға – біздің ұлы  адам!

Мади

Елімде  бейбіт,  тыныш 

заман  болсын!

Тілеймін  әр  адамға 

бақыт  қонсын!

Елімнің ел ағасы, елбасшысы -

Нұрсұлтан  Назарбаев  аман 

болсын!

Ясмина

Елбасы тірегіміз,

Астана жүрегіміз.

Тәуелсіз азат елміз,

Болашаққа

сенеміз.

«Елбасы»  әні.

І жүргізуші: Еліміз  тәуелсіздік 

алғаннан  кейін  сарыарқаның 

төрінде  елбасымыздың  қалауымен 

Астананың  символы  есебінде 

Бәйтерек  монументі  бой 

көтерді.

Зере:  - Ертеде

бәйтеректің басында қасиетті Самырық деген құс болыпты. Ол бәйтеректің ең

басына жұмыртқа салады.Бірақ оны айдаһар жеп қояды.Бірде бәйтерек басына

өрмелеп бара жатқан айдаһарды көрген Ертөстік оны жебемен көзінен атады.Сөйтіп

Самұрық  құстың алтын жұмыртқасын аман

алып қалады. Сол бәйтерек Есілдің сол жағалауында Астанада бой көтерді.

(балалар 

бәйтеректі  құрап  шығады)

Әбу:

Астана  арман 

қала

Бағы  бір 

жанған  қала.

Тұрады  ол жап-жас 

болып,

Мен  үлкен 

болғанда  да.

«Қыздар  биі»

ІІ

жүргізуші:        Таңғажайып  атың 

да  дәл  табылды,

Табылды  да  талай  жұртқа   танылды.

Туған  елім,  көкке 

жетті  көк  туың,

Сен  тәуелсіз  мемлекетсің 

кәдімгі.

Алуа

Отан– сенің ата-анаң

Отан – досың, бауырың

Отан – өлкен, астанаң

Отан – аудан, ауылың.

Мади

Сарыарқаның 

даласында

Күн  шуағын   төккен 

күн







Елім  менің,  жерім 

менің

Баққа  қолы  жеткен 

күн.

Айнұр

Қыста  келген  бақыт 

бұл.

Қыспай  берген   жақұт 

нұр.

Аппақ  қардай  пейілін,

Әлемге  елім  шашып 

тұр.

Айдана

Сүйемін  туған  елімді,

Сүйемін  байтақ  жерімді.

Сүйемін  Қазақ  халқымды

Сүйемін  Отан  анамды!

 

 «Қазақстан  бақытты» әні

 

І жүргізуші:         Қазақстан 

дейтін  менің  елім 

бар,

Жатыр  алып  жарты 

дүние  әлемін,

Бұл  даланы

анам  жаспен  суарған

Бұл  далада  атам қолға 

ту алған.

Туған  елдің  жырын 

жырлап  ғарыштан,

Қазағыммен 

бүкіл  әлем  танысқан.

Келешегі  кең  өрісті 

кемелді,

                              Жайна  мәңгі – Қазақстан Гүлстан!                        

  ІІ

жүргізуші:    Атыңнан 

айналайын  егемен  ел,

                           Тәуелсіз 

күнің  бүгін  кенеле 

бер.

                             Мерейін құтты  болсын, тәуелсіздік,

                             Ғасырдың  тойы 

болшы  келе  берер!

                           Қамықпаған 

қиындықтың  жүгінен,

                             Өздеріңе  сыйлап 

қырдың  гүлінен

                              Бүгінгі  ұрпақ-бақытты 

ұрпақ  атынан

                             Құттықтаймыз!

Тәуелсіздік  күнімен

         

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі