Сабақтың
тақырыбы:Тәуелсіздік тірегім,елім деп соққан
жүрегім.
Мақсаты:Тәуелсіздіктің 25
жылдығына орай жас жеткіншектердің бойына ұлттық рухты, патриоттық
сезімдерді ұялату, жас ұрпақты отан сүйгіштікке, еліміздің
рәміздерін қастерлеуге, қадірлеуге, өз елі мен жерін мақтаныш етуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Н.Ә.Назарбаев»туралы слайдтар, суреттер, портреттер,
рәміздер суреттері, парақшалар.
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Тәуелсіздік
тірегім.
ІІІ.Мемлекеттік
нышандар
ІҮ.Елім деп соққан
жүрегім.
Ү.Оқушылар шығармашылығы.
Тілек бұрышы
ҮІ.Қорытынды «Менің
отаным-Қазақстан» (буклет)
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Құрметті оқушылар! Алдымызда
еліміздің тәуелсіздік алған үлкен мерекелік күні келе жатыр.
Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен
құттықтаймын!
Бүгін
«Тәуелсіздік тірегім,елім
деп соққан жүрегім» атты мерекелік сабағымызды
бастаймыз.
Барлығы
хормен
Бұлбұл жанған гүл
шағында,
Біз отанның
ұланымыз.
Бақытты елдің
құшағында,
Білім алу
–ұранымыз!
Қызығушылығын ояту. «Елім
менің» әні.
Стол үстінде парақтар жатады.
Парақта әріптер жазылған. Оқушылар парақтардағы әріптерден
«Атамекен, Қазақстан,
Бостандық» деген сөздер құрап
шығады.
-Бұл сөздер нені
білдіреді?
-Тәуелсіздік күні
қашан?
-Біз Тәуелсіздігімізді қалай
алғанымызды білгілерің келе ме?
Қосымша мәлімет
беру.
1986 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Коммунистік партияның Пленумы болды. Сол пленумда
Дінмұхаммед Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші
хатшысы міндетінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық
партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбиннің
сайлануы қазақ халқының студент және жұмысшы жастарының наразылығын
туғызып, олар бейбіт шеруге шыққан еді.
Сол кездегі биліктің
бұйрығымен күш көрсетілді. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде
зәбір көрсетілді.
Солардың ішіндегі жан
тебірентер сәттегі Қазақ елінің еркіндігі мен бостандығы жолында
күресіп, халқының тәуелсіздігін көре алмай қыршын кеткен, желтоқсан
батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев,
Сәбира Мұхаметжановалар бар еді.
Нашақор деп,ұлтшыл
деп,
Қазаққа күйе жаққан
күн.
Базары кетіп бір
күнде,
Қайғыға халық батқан
күн.
Жауыздықты жасаған да-
Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да-
Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына
жуынып,
Абақтыға тастаған да-
Желтоқсан.
Желтоқсанның желі,аязы,
ызғары,
Қанды мұзда талай қазақ
сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн
алаңға,
Азап шекті қайсар қазақ
жастары.
Егемендік-бұл елімнің
елдігі,
Егемендік-барлық ұлттың
теңдігі,
Егемендік-елін, жерін
қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың
ерлігі.
- Желтоқсан оқиғасы қанша
ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі . Желтоқсан жұлдыздарының
арманы орындалып, 1991жылы желтоқсан айында «Қазақстан-тәуелсіз
Республика» деп жарияланды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: «Біздің туымыз-
тәуелсіздік, тілегіміз- бейбітшілік, тыныштық. Күш қолдану мен
жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік-жігерімізді
аямаймыз»- деген
болатын.
Қазақ елі аңсаған
тәуелсіздігіне 1991жылы 16 желтоқсанда қол
жеткізді.
ІІІ.«Мұны әркім білуі
тиіс», «Білуге құштармыз» сұрақ-жауап
сайысы
1.Мемлекеттік рәміздерді
ата?
2.Мемлекттік тудың авторы кім?
(Шәкен Ниязбеков)
3.Елтаңбаның авторы
кім?(Жандарбек Мәлібеков,Шота Уәлиханов)
4.Әнұран авторлары
кім?(ЖұмекенНәжмеденов,Нұрсұлтан
Назарбаев)
5.ҚР бойынша Президент неше
жылға сайланады?(5жылға)
6.ҚазақстанРеспубликасының
мемлекеттік Әнұран музыкасының авторы кім?(Шәмші
Қалдаяқов)
1992жылы 4маусымда Президент
«ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы,Әнұраны»
туралы Заңға қол қойды.
Еліміз Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен
айбынды-деп айтамыз.Мұның себебін
кімдер айтып береді?
1991 жылы 1 желтоқсанда
ҚазақстанРеспубликасының жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республиканың Президенті етіп
сайлады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
саясаткер, ғалым және стратег ретінде қысқа кезең ішінде тәуелсіз
мемлекеттің оң жетістіктерге қол жеткізе алатындығын бүкіл әлем
алдында дәлелдеп берді.
«Мақал-мәтелді жалғастыр»
ойыны. Әр топ 2 мақалдан беріп, түсіп қалған сөзді тауып жазып, үш
тілде айтып берулері керек.
1-топ:
1.Туған жердей ....
болмас
Туған елдей ел
болмас.(жер-земля-earth)
2.Еріншек .... істейді
(екі-два-two)
2-топ:
1. ..... пейілді болса,шәкірті
зейінді келеді.(ұстаз-учитель-teacher)
2 .Білім теңіз,мектеп-.......
(кеме-корабль-ship)
3-топ:
1.Отансыз....... –ор мансыз
бұлбұл (адам-человек-human)
2.Ұяда не ........, ұшқанда
соны ілерсің (көру-видеть-watch
ҮІ.Қорытынды.
Ү.Тілек
бұрышы
Мұғалім:Әр оқушы алдындағы парақтарға
Отанға, Елге деген тілектерін жазады.Бұл тілектерін Қазақстан
картасына іледі.
Хор.Атамекен
|
м
|
е
|
к
|
е
|
|
н
|
Б
|
о
|
с
|
|
т
|
а
|
н
|
д
|
|
ы
|
қ
|
|
|
|
1.Туған жердей ....
болмас
Туған елдей ел
болмас
2.Еріншек ....
істейді
|
-
..... пейілді
болса,
Шәкірті зейінді
келеді.
2.Білім теңіз,
мектеп-.......
|
|
1.Отансыз
.......
–ормансыз
бұлбұл
2.Ұяда не ........, ұшқанда
соны ілерсің
|