жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік төрінде
Тәуелсіздік төрінде
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларға дұрыс, терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, өз көзқарастарын қалыптастыру;
-
Дамытушылық: оқушылардың тыңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
-
Тәрбиелілік: оқушылардың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін Желтоқсан батырларының өмірін үлгі - өнеге ету.
Сабақтың барысы:
І, Кіріспе сөз “Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам”.
ІІ. Тәрбие сағатының мазмұны.
а) М. Шахановтың “Желтоқсан тағылымы” (мәнерлеп жатқа айтылады).
ә) Желтоқсан оқиғасының басталу себебтері.
б) Желтоқсан құрбандарының Ләззат Асаноав, Ербол Сыпатаев, Сабира
Мұханметжанова, Қайрат Рысқұлбековтертердің ерлігі мен өмірі.
а)“Қайратқа тағылған жала” көрініс
ІІІ. “Желтоқсан желі” әні орындалады.
ІҮ Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.
Ү Бір минуттық үзіліс: “Елім менің” хор
1-ші оқушы. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбековтер секілді ұл-қыздарымыз елімнің болашағы, еркіндігі, егемендігі үшін күресті. Сол Желтоқсан оқиғасы Қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келді. Мінеки, осының арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
2-ші оқушы. Бабалардың рухымен кеңескем,
Өзіңменен бекіп белім, тең өскен.
Егеменді елдігіме бүгінгі
Қол жеткізген аруақ ұрпақ емес пе ең?
3-ші оқушы. Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,
Еңсем биік көрінсе екен ертең деп,
Көкбайрақ ту желбірейді көгімде,
Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп.
4-ші оқушы. Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,
Әнұраным жыр боп ұйытқып қолдаған.
Егеменді елдің жайын бүгінгі
Ақын емес ой толғатып жазбаған.
Хор: “Менің елім”
5-ші оқушы. 1992 жылы 4-ші маусым күні Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: “Мазмұнына өрнегі жарасқан ту мәңгі желбіресін, Күніміз мәңгі сөнбесін” – деді. Туымыздың авторы Шәкен Оңалсынұлы Ниязбеков.
6-шы оқушы. Өсер ұлдың қай сәттеде бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
7-ші оқушы Ел басына күн туса
Елпілдеген Ерболым!
Қараша үйде түңліктей
Желпілдеген Ерболым!
Қанішердің қолында
Қансыраған Ерболым!
Өтерінде Алладан
Жан сұраған Ерболым!
8-ші оқушы: Ербол Мұқажанұлы Сыпатаев 1964 жылы Алматы облысы Панфилов ауданының Әулиеағаш ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы энергетикалық иститутының студенті болған. Желтоқсан оқиғасында соққығы жығылып, қайтыс болды.
9-шы оқушы: Бұлдыр, бұлдыр,бұлдыр күн.
Қан жылатқан құрғұр күн.
Медет болған Алладан
Тұнжыраған тұлдыр күн
Алаштан озған жүйрігім
Алтын діңгек қазығым,
Аққудай аппақ нәзігім,
Сабира апат болған күн.
10-шы оқушы: Сабира М.Ұмаметжанова 1965жылы Шығыс Қазақстан Облысында дүниеге келген. Ол көк жасыл орман көмкергенАлтай тауының етегіндегі әсем қала Өскемендегі оқу орнының студенті еді.
11-ші оқушы: Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздіктің туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға небәрі.
Қаһарман қыз, ғажап қыз –
Ұрандайды Ләззат қыз:
“Жасқанбаған жауынан,
Біз - қазақпыз, қазақпыз!
Біз - қазақпыз, қазақпыз!
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз!”
12-ші оқушы: Елі үшін ерлігімен ерлене,
Абырой мен атағына бөлене,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
13-ші оқушы: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында дүниеге келген. Ол Желтосан оқиғасы кезінде Алматы құрылыс-архитектор институтының студенті еді
1-жүргізуші
Жастардың бейбіт мақсаттағы демонстрациясын тарату үшін солдаттар мен милиция қызметкерлері ақылға сыймайтын заңсыз, адамгершілікке жат әдістерді қолданды. Тіпті жалған жала да тағылды.
“Қайратқа тағылған жала” көрініс.
Тергеуші.
Сен 18-күні сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат, - Жолдастарыммен бірге болдым, Фурманов көшесінде.
Тергеуші – Жоқ!!! Сен Сәтбаев пен Мир көшесінің қиылысында Совицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің. ( орнынан тұрып, сойылмен соғады, Қайрат құлап түседі).
Жігіт – Иә, темір есік сықырлап ашылатын, Қайратты жауап алуға әкететін. Ол қайтып келгенде үсті басында сау тамтық жер болмайтын. (Қайрат біраз жатып есін жиған соң)
-
Жоқ мен Совицкийді өлтіргенім жоқ!
Тергеуші – Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар!
Қайрат (екі милиция қызметкері Қайраттың қолын ұстап тұрғанда
өлеңін оқиды)
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десе, алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
“Еркек тоқты құрбандық”
Атам десең атыңдар!( Қайратты сүйреп алып кетеді)
Жүргізуші. “Маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан да биік тұр” – деп Қайрат Рысқұлбеков Желтоқсан құрбаны болды.
“Желтоқсан желі” әні орындалады.
1-ші жүргізуші.
Ақиқат жолы қашанда ауыр. Желтоқсан оқиғасы көзден де, көңілден де кетпейді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі 20 жыл біздің елімізге көптеген өзгерістер әкелді. Ұлттық сана-сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын көтердік.
2-ші жүргізуші.
1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан компартиясының небәрі 18 минутқа созылған рекордтық қысқа уақытта өткен Пленум болды. Елдің тыныштығын бұзу үшін бұл уақыт жеткілікті еді. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Қазақстанға 30 жылдай мерзімде басшылық еткен Дінмұхамет Қонаевты қызметінен алды және оның орнына саяси Бюроның ұсынысы бойынша Генадий Колбинді сайлады.
1-оқушы.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркенім халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрды.
Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың.
2-оқушы.
Кеудеңде сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дәл келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың,
“Нашақор”деп, “маскүнем” деп айыпталдың ұланым.
3-оқушы.
Саған таққан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным
Керең болып қалмады екен менің құлағым.
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!
4-оқушы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр, әнім
Ел іргесі берік болсын ұраным,
Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну
Салт-дәстүрлі қолдан түспес ұраным.
Тәуелсіздік!
Не деп оны түсіндік,
Тәуелсіздік ар-ожданың кісілік.
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп
Тәуелсіздік!
Менің байтақ Отаным
Бір өзіңдей Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік сәбиімнің шаттығы
Тәуелсіздік ақ батасы атаңның.
Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр әнім
Көкбайрақ пен Елтаңба, Әнұраным
Мен өзіңнен тәуелсіздік айналдым
Қолда өзіңді қасиетті құраным!
1-жүргізуші.
Мен Қазақпын
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған менде бір мәз арыстан.
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап!
Мақтан етсін халықтар халықтығын!
Жетер сан жыл шеккені малдай азап!
“Қазақпын” деп досқа айтсам ұғысатын,
Мақтан етсін атақты туыс атын.
“Қазақпын” деп жауға айтсам қасақана,
Біліп қойсын, болса оны жұғысатын...
Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен,
Сан-салтанат, салтымды сүйемін мен,
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да иемін мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім,
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім...
Ж. Молдағалиев
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын ақын ағаларымыз жырлап келеді, сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін ерлер қаншама тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздер білімді дені сау, Отанымыздың лайықты ұл-қыздары болып өсуіміз қажет.
“Менің Қазақстаным ” Әнұран орындалады.
-
“Бауыржанның кеудесіне жұлдыз тағылған күн, қазақтың жұлдызы жанған күн!
Н.Ә.Назарбаев.

Тақырыбы: “Ел қорғаған , ер бабаң”

Мақсаты:
-
Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алу.
-
Жауынгер жазушының шығармалары арқылы әскери адамның бойына тән елжандылық, адалдық, батылдық қасиеттерді үлгі тұту.
Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының мәңгілік мақтанышы.
Ол - Аңыз адам
Ол - Әскери жазушы
Ол -Кеңес одағының батыры
Ол -От тілді ақын
Ол -Қазақтың біртуар перзенті

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген