-Сәлемәтсіздер ме, құрметті мектебіміздің қонақтары,
әріптестер,оқушылар?!
Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 27
жылдық мерекесімен құттықтаймын.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді
пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі
- мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі -
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген.
Іске
сәт дей отырып, тәрбие сағатымызды
бастайық!
Ана тілімізді ұмыту -
бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан
да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай,
мәртебесін көтере білейік!
«Тәуелсіздік»,
«Қазақ жері» - атты бейнебаян
көрсету
(бейнебаян көрсету арқылы тақырыпты
ашу)
-Балалар, мына видеодан
нені байқадыңдар?
Ендеше, өздерің
байқағандай бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
«Тәуелсіздік тұғыры
–тіл» деп
аталады.
-
Бейнекөріністе не көрсетілді? /Мазмұнын айту/
- Идеясы
неде? /Автордың ойы /
Оқушыларға
бейнекөрініс туралы ой-пікірлерін айтқызып, постер жасауды
ұсыну.
Топтық жұмыс.
4-қадам. Топтастыру.
І топқа:
«Тәуелсіздігім тұғырлы,
Болсын
деймін ғұмырлы.»
ІІ топқа:
«Туған жері -түп қазығы айбыны»
ІІІ
топқа: «Мәңгілік елім – мәртебем менің»
ІV топқа: «Ана тілім,өз
тілім,
Сенен
алдым мен білім»
Көрініс: «Сөз
қадірі»
Қатысатындар: автор, әкесі,
баласы, қария.
Автор: Өте ерте заманда
бір қадірлі қария дүниеден көз жұмарында
баласына:
Әкесі: Балам, мен көп ұзамай дүние салам.
Әкем қазына
қалдырмады деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле,
қастерле.
Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып, таба алмайды.Ойы сан-саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала: Ата, экем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп
таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария: Әкеннің сөзі рас, балам.
Оныңсаған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен
үйрендік.
Тілден қымбат, қазына,
байлық жоқ.
Автор: Деп аталы сөздің
шешуін айтыпты.
6-қадам
«Мақал – сөздің
мәйегі» деп айтады, қане,
көрелік мақал-мәтелдерді қаншалықты жақсы
білетіңдеріңді.
1-топ.
-
Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
-
Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
-
Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
-
Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
2- топ
-
Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
-
Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман
шайқап сөйлер)
-
Ана тіліңді ұмытқаның, ... (Өз ұлтыңды
құртқаның)
-
Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
3-топ
-
Бал тамған тілден … (у тамған).
-
Тауды, тастыжелбұзар, … (адамзатты
сөз бұзар).
-
Тіл адам ойының ... (айнасы)
-
Тіл қылыштан … (өткір).
4-топ
-
Анасүті бой өсіреді, анатілі … (ой
өсіреді).
-
Көре-көрекөсемболарсың, сөйлей-сөйлей …
(шешенболарсың).
-
Тілденартық … (қазына жоқ).
-
Сүңгіжарасыбітер, …
(тілжарасыбітпес).
|
Бақыт деген-
Осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып
Тұрайықшы , кел бері.
Бақыт деген-
Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін
Адал жүрек сендегі.
2-қадам
Киіз үй арқылы бөлінген
топтарға отырады.
3-қадам
Қатысушылар бейнекөріністі
көреді
Берілген
сұрақтар төңірегінде әр топ өз пікірін білдіреді
4-қадам
Әр топ өздері жасаған
постерлерін қорғайды
Топтар
бір-бірінің жұмысына талдау жасайды
5-қадам
Оқушылар өз рөлдерін сомдап
шығады
6-қадам
Оқушылар мақалдың жалғасын
табады
|
1.Музыка
2.Топқа бөлуші қима
қағаздар.
1.Тәуелсіздік
2.Қазақ
елі
3.Мәңгілік ел
4. Ана
тілі
3.Интербелсенді
тақта.
4-қадам
Сөйлемдер жазылған қағаздар мен
маркерлер
5-қадам
Безендірілген сахна
6-қадам
Мақалдардың бөлігі жазылған
қағаздар
|
Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатын
тіл туралы толғаулармен түйіндеп жіберейік.
*Ана тілім тірлігімнің айғағы
Тілімбарда айтылар сөз ойдағы
Тілім өссе менде бірге өсемін
Тілім өшсе менде бірге өшемін.
*Туған тілім - бабам тілім өз
тілім
Туған тілім - анам тілім өз
тілім
Туған тілім -далам тілім өз
тілім
Туған тілім- адам тілім өз
тілім
*Туған тілде сыры терең жаным
бар
Туған тілде әнім менен сәнім
бар
Туған тілім тіл болудан қалса
егер
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар
*Қалың елім қазағыңа қорған бол
Жеткіншегің жайқала өсіп, орман
бол
Шет тілі мен копьютерді
меңгеріп
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға
бол!
|
Балалар жаттаған өлеңдерін мәнерлеп
оқиды
|
Музыка
|
Рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып,
шеңбер құрастыру)
Мен еліме не
беремін?
–
Менің
қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы
жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,
Мен
еліме не беремін деген сұраққа жауап
береді. (Жіп
мұғалімге келеді.)
–
Бізбен жіп не
істеді?
–
Қалай ойлайсыңдар, бұл
жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
–
Дұрыс, жіп бізді біріктірді.
Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек.
Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте
болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді
қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп,
еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз
де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың
сөзімен аяқтағым келіп тұр:
“
Өз
Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату
”.
|
Балалар шеңбер жасап тұрып, қорытынды
ойларын және армандарын айтады.
|
Жіп
Интербелсенді тақта
|