жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік тұғыры атты ертеңгілік
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік
Мақсаты:
1) Балаларға
тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген
сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік
рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан
туралы тақпақ.. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың
тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін
дамыту.
3) Елімізді,
жерімізді қадірлеуге, сүюге
тәрбиелеу.
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
- Әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан республикасы.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жақсы балалар.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді
мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды
жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан
болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына
бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске
алайық!
Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.
Тәрбиеші:
Отан туралы тақпақтарымызды
айтайық.
Інкар
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, әпкелеріміз
Балауса
Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлық той
Әмір
Тәуелсіздік таңы атты
Барлық әлем жаңарып
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.
Марат
Қарттарым мұңаймасын деп
Сәбилер жыламасын деп
Кешегі өткен тарландар
Желтоқсанда ұрандап
Тәрбиеші:
Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай - деп
«Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!
Би «Алға Қазағым»
Тәрбиеші:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім
менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім
менің.
Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,
Іңкар
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Атаменен барғанмын
Ақерке
Отан деген атамекен
Отанымды сүйем мен
Отан жерім отан елім
Міне менің Қазақ жерім
Жансая
Тәуелсіздік мақтанышым
Бізге қуаныш сыйлаған бейбіт күнде мен тыныш
Әрбір таңым нұр маған
Алихан
Біз бақытты баламыз
Тәуелсіз елдің қыраны
Мәңгі жасап гүлденеміз
Ұлы елдің қыраны
Тәрбиеші:
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.
Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.
Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!
Тәрбиеші:
Құтты болсын бүгінгі
мерекеңіз
Деңсаулықпен әкелсін
берекеңіз
Ән « Мен қазақпын»
Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет!
Тақырыбы: «Елін
сүйген Президент»
Білім беру
саласы: «Қатынас»
Мақсаты:
Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз
Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге
тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға
үйрету.
Көрнекіліктер:
Елбасы суретті. Рәміздер ,
карта.
Методикалық
әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап,
мадақтау
Мотивациялық
қозғаушы
Тәрбиешінің іс
- әрекеті
- 1 желтоқсан
күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер
ме?
- Ал, балалар,
көгілдір экранға назар
аударайық.
- Балалар, бұл
кім?
- Балалар,
сендер қандай елде
тұрасыңдар?
- Әр елдің өз
басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау
– Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны
– Ақорда.
- Балалар
елбасымызға арнап тақпағымызды
айтайықшы.
Азамат
- Елбасымыз Нұр
аға
- Салғызып
Алтын орда
- Көркейтіп
елін қазақтың
- Көрсетпей
өмір азабын.
Гулнұр
- Қазақ елі –
Қазақстан
- Болашаққа үн
қосқан
- Жақсы күнге
жетелеп
- Елбасым менің
– Нұрсұлтан
Хор
- Жасай бер
Қазағым!
- Жасай бер
Елбасым!
Әрсен
- Елімнің
елбасшысы
- Нұрсұлтан
атамыз аман болсын!
Қошан
Айша
- Қуат алған
өзінен
- Туған елдің
ұлымын
- Бақытты етіп
өсірген
- Отанымның
гүлімін.
- Балалар бұл
біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның
ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын
бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі.
Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын
болашағы.
- «Қазақстан»
атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі
– көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі.
Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың
суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті –
дархандық пен қырағылықты
бейнелеген.
Оюдың
бейнеленуі – қазақ екенімізді
білдіреді.
Түстерінің сары
болуы – молшылықтың белгісі
екен.
- Балалар,
рәміздер туралы кім тақпақтар
біледі?
Жандарбек
- Көк аспандай
көкпеңбек
- Қазақстан
жалауы
- Көк емес ол
тектен - тек
- Елдің ашық
қабағы.
Тасним
- Елтаңбасы
елімнің
- Неткен әйбат
әдемі
- Тұнығындай
көңілдің
- Ортада аспан
әлемі.
Мейірбек
- Құт береке –
шаңырақ
- Орын алған –
ол төрден
- Қанатты қос
арғымақ
- Екі жақтан
көмкерген.
Ельдана
- Тәуелсіздік
жолында
- Талай - талай
тер тамған
- Билігім өз
қолымда
- Еркіндігім –
елтаңбам.
Әрқашан еліміз
тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей
берсін!
Келген
қонақтарға сау болыңыздар
дейік.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі керек:
Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек:
Рәміздерді құрметтеуд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген