Материалдар / Тәуелсіздік тұғыры биікте
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік тұғыры биікте

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Тәуелсіздік тұғыры биікте" ашық тәрбие сағаты 

Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. 
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру 
Көрнекілігі: ҚР 1991-2017 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, фотосуреттер, «Желтоқсан желі» әнінің бейне көрінісі. 
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты 
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Қасқалдақ ұшып көлінен 
Шүрегей келіп қонған күн 
Қыранды қуып көгінен 
Қарғалар билік алған күн 
Нашақор деп, ұлтшыл деп, 
Қазаққа күйе жаққан күн. 
Базары кетіп бір күнде 
Қайғыға халық батқан күн. 
Қақаған қыстың ызғары, 
Сүйектен өтіп кеткен күн. 
Қара көз қазақ қыздарын 
ОМОН-дар бастан тепкен күн. 
Қариялар итке таланып, 
Ер басын күрке шапқан күн 
Аппақ қар қанға боянып 
Қып қызыл мұз боп жатқан күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін 
Жаншыдау жанын батқан күн 
Енді қайтып келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

Тәуелсіздік тарихы

  «Желтоқсан желі» әнінің бейне көрінісін көру. Оқушылардан бейне көрініс туралы ойларын сұрау.
1986-шы жылдың желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.

Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын.  Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  

Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандарымызға арнап «Желтоқсан қарлығаштары» атты кітап – Болатбек Тәңірбергеннің публицистикалық жанрда жазылған.  Бұл кітап Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша 2010 жылы жарық көрген. 191 беттен, 4 бөлімнен тұрады. 

1-бөлім – Ұлтазаттық күрестерден желтоқсан көтерілісіне дейін;

 2-бөлім – Желтоқсан, қыздар, тағдырлар; 

3-бөлім – Желтоқсандық қыздар естелігі елдіктің сырын шертеді; 

4-бөлім – Қаһарман қыздар қайда жүр? деген тақырыптармен берілген. 

Тәуелсіздігімізді алған жылдан бері 26 жылдық тарихымызға көз жүгіртейік.

Жылдар сөйлейді сатысы:


TextBox 89





1991 жылы 1 желтоқсан – Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.

1992 жыл – Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді. 
-1993 жыл – 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 
- 1994 жыл – мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 
-1995 жыл – 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 
- 1996 жыл – 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті. 
- 1997 жыл – «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды. 
- 1998 жыл – 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 
-1999 жыл – 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 
- 2000 жыл - « Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Түркістанға 1500 жыл толды. 
- 2001 жыл – 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды. 
- 2002 жыл – «Денсаулық жылы» жарияланды. 
- 2003-2005 жылдары - «Ауыл жылы» жарияланды. 
- 2004 жыл – «Қазақстан – Ресей» жылы болды. 
- 2005 жыл – Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 
- 2006 жыл – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. 
- 2007 жыл – «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
- 2009 жыл – елімізде халық санағы ұйымдастырылды. 
- 1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді. 
- 2011 жыл – қысқы АЗИАДА-мен басталды.

2012 жыл 15 қаңтар – күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.

2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

2015 жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы, деп Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз»

2016 жыл – Тәуелсіздікке 25 жыл

2017 жыл ЭКСПО көрмесі өтті

2020 жыл- Тәуелсіздікке 29 жыл

Топпен жұмыс.

1. Нұр әлем тобы-болашағымыз

2. Бәйтерек тобы-тарихымыз

3. Пирамида тобы-бүгінгіміз

3 топқа тапсырма. Ватманға сфера, бәйтерек және пирамиданың суретін жапсырады. Алдарына мәлімет және ұялы телефондары беріледі. Мәлімет бойынша және ұялы телефон арқылы өздері ассоциация және мағлұматтарды алады. Ізденістік жұмыс жасайды.


Оқушылар топпен жасаған жұмыстарын қорғайды.



І топ - Нұр әлем тобының жасаған жұмысы

ІІ топ - Бәйтерек тобының жасағана жұмысы



ІІІ топ – Пирамида тобының жасағана жұмысы



Рефлексия. Күннің көзі бейнеленген. Оның 16 жапырағы бар. Оның жапырақтарында 16 оқушының 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған, тілектері жазылған.

Picture 11

Қорытынды.

"Тәуелсіздік тұғыры биікте" атты ашық тәрбие сағатын мынанда өлең жолдарымен бітіргіміз келеді.

Оқушылар:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын, 
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. 
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп, 
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!















КММ №1 жалпы орта білім беретін мектеп















Ашық тәрбие сағаты

тақырыбы:«Тәуелсіздік тұғыры биікте»



















Өткізген:Елеусинова. Р.К.





Құлсары., 2020 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!