400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік тұғыры биікте"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне байланысты сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы









«Тәуелсіздік тұғыры биікте!»

сынып сағаты







Сынып жетекшісі:

Нурпеисова С.Т.











Павлодар қаласы

2016-2017 оқу жылы




Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биікте

Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен көксеген арманы туралы білім қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, оларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу, сонымен қатар, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету.

Көрнекілігі: ҚР-ның 1991-2016ж.ж. аралығындағы тарихынан үзінді келтіретін суреттер, тарихи тұлғалардың портреттері, видео, слайд.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Әнұран орындалады.

Picture 3 Picture 5 Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Picture 6

Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік. Осыдан ширек ғасыр бұрын халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген едік. Еліміздің бүгінгі таңдағы тәуелсіздігі онай келе салған жоқ. Сонау «Ақтабан шұбырынды» жылдары халқымыздың басынан өткен ауыртпашылық, патша өкіметінің отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі – бәрі ғасырларға созылып, бабаларымыз аңсап кеткен отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. 25 жылда елімізде көптеген өзгерістер болып, талай жетістіктерге қол жеткіздік, Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды десек те болады. 
Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі?

1986жылы 16желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастаралаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек» деген ұрандар айтылды.

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағыжастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдерін жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды.Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды (видео)

Picture 2 Picture 7 Picture 8

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

І –ізет

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.


Мына деректерге назар аударайық:

Picture 10 Picture 16 Picture 18

Picture 20 Picture 15 Picture 27 1991ж Тәуелсіздік алған жыл.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. 

  • 1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 

  • 1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 

  • 1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 

  • 1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті. 

  • 1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды. 

  • 1998жылы 6 мамыр Астана күні . Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 

  • 1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 

  • 2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды. 

  • 2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды. 

  • 2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды. 

  • 2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды. 

  • 2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы болды. 

  • 2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 

  • 2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды. 

  • 2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. 

  • 2008жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. 

  • 2009жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды. 

  • 2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті. 
    VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын, 21күміс, 17қола барлығы 70медальға ие болды.Оның бойтұмары «ақ барыс» еді. 

  • 2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі 

  • 2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.

  • 2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

  • 2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

  • 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.

  • Тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.

  • Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.

Қазақ  поэзиясының алыбы ұлы Абайдың 170 жылдығы ел көлемінде тойлануы да осы тәуелсіздік жемісі.

Жалпы егемендік оңай олжа болып қолымызға келген жоқ. Ақиқаттың ақ жолы үшін талай аптал азаматтарымыз тер төкті. Қаншама шындықты шырқырай жазды.

Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов,Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі  орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атты. Осы жылдар ішінде талай белестен астық, Қазақстанды әлем таныды.

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

«Желтоқсан оқиғасына» 25жыл,Тәуелсіздігімізге 25жыл толды. Мерекеміз

құтты болсын! 

Picture 9

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп көптеген қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеуде халқына тек қуаныш сыйлаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің сағынышпен күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдау халыққа серпіліс, күш-қуат, қажыр-қайрат, ақыл-парасат сыйлайтындай әсер етеді.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатамын.

Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ - береке, ырыс болсын.

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі