Материалдар / "Тәуелсіздік тұғыры биікте" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсіздік тұғыры биікте" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Тәуелсіздік тұғыры биікте" 3 сынып, орыс сыныптарына арналған. Ашық сабақ Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2021
646
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Арыс қаласы

8 В.Комаров мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Жуманова Ақбота Ильясқызы


Тауелсіздік тұғыры биікте

Мақсаты:

  • Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазазстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту,елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тақырып, әнұран,суреттер, слайд т.б.

Көрме: Тәуелсіздік монументі суреті, Қайрат,Ләззат, Ербол және т.б. суреттер, кітаптар, ҚР рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының жүргізілу барысы:


2- жүргізуші:Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Тауелсіздік тұғыры биікте» атты мәртебелі де мәні биік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымыздың ашық екенін жариялаймыз.

Мұғалім сөзі: Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды.Тәуелсіздік ең басты бақытымыз.1991 жылы 16 желтоқсан –тарихтағы ұлы күн.Өйткені бұл күн еліміздің өз тәуелсіздігін жариялаған күн.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ,ешқашан да мойымады, күресе білді.Тәуелсіздік қандай қасиетті ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастапталай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол.

  1. жүргізуші

Тәуелсіздікбізгеоңайкелмеді.

Бұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік –Қайрат, Ләззат, Ерболдың

Тас көшеде тас талқан боп өлгені.

Ақталды боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.


2-Жүргізуші

Тәуелсіздік биік болсын тұғырың.

Тарылмасын терең алған тынысың

Бұдан алған күндеріміз құрысын,

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.


1-Жүргізуші

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.


1- оқушы

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастаралаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбірұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.


2- оқушы

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағыжастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдеріжіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар»,«Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолындаҚайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқаларысияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіпқұрбан болды.


3-оқушы

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудыңкөзінен де жастамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресіенді басталды.


4-оқушы.

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.


  1. жүргізуші:

 Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын    шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің    арамыздан кете барды. 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған    энергетика институтының екінші курс студентіЕрбол Сыпатаев   әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.  


  1. жүргізуші:

Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жан жалының табанында аяусыз,  армансыз тапт лған ар –намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі   шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстыңі шінен қызғалдақтай Ләззат сенің     де,Ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін     дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысыүшін

Құрбанеттіңжаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды. 



 1 – жүргізуші: 

Сәбира, СәбираМұхамеджанова бар жоғы 16 жастаеді.   26-желтоқсан күні. Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар- намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына   училищеден жазықсыз шығарылғаны үшіншыдай алмай, Өскемен   педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова    жатақхананың 5-ші қабатынанқұлап өлді.


 2  – жүргізуші:  

 Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.


2- жүргізуші

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жылғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.


1-жүргізуші

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсаң деп талпындым.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын, айналайын, қасиетті халқымның.


6-оқушы

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.


7-оқушы

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,


2- жүргізуші

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенніңарқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.


8-оқушы  

Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

  1. Жүргізуші

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз.Барлығымыз тәуелсіз заманның ,егеменді елдің бақытты иесіміз.Олай болса, Қазақстанның бүгінгі жетістіктері де аз емес.Өткенге назар аударатын болсақ жылдар мен оқиғалар.....


9- оқушы

1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Барша қауым бейнеттен арылғандай,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асан Қайғы бабасындай.

10- оқушы

1992ж. Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1992 жылы маусымда Жоғарғы кеңестің сессиясында Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.Ту авторы – суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот- Аман Уәлиханов. және 1992жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.


11- оқушы

1992 ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

1993 жылы қаңтардың 28 –інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1993жылдың 15-қарашсында төл теңгеміз айналымға түсті.


12- оқушы

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы кеңес депудаттары астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

1995ж. 30-тамызда еліміздің жаңа Конституция қабылданды.

1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шықты.

1997 жылы жылы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. Бұл жыл біз үшін ардақты да қымбат. Себебі: Білім заңы қабылданды.

1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы. жылы халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанньщ 2030 даму стратегиясы жарияланды.


1998 жылы 20-мамырда Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып бекітілді. Ал 10-маусымда жаңа астана ретінде Астананың тұсау кесері болды.

Ақ Ордам, менің Астанам,

Еңсесі биік басқадан.

Көркейеді күн санап

Арқа төсі жас қалам.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тілдерді дамыту мен қолдану туралы жарлығында тіл «Мемлекеттік ресми жиындар тек қазақ тілінде өтілуі тиіс» делінген.

Ана тілін білмеген -

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.


1999жылғы Халық санағында елімізде 14 953,1 мың адам тіркелді. Ер адамдардың саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мың. Қазақтар 53%, орыстар 30%, украиндар 2,5%, немістер 2,4%, татарлар 1,7%, ұйғырлар 1,4% адам болса, қалған ұлттар саны 1%-дан төмен. Қазақ халқы XX ғасырдың соңында өз Тәуелсіздігін қайта тапты. 300 жылға жуық еңсесі түскен қазақ халқы үшін бұл ерекше окиға.


2000жылы жылы Мәдениетті қолдау жылы, Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

2001 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін 10 жылдығы деп жариялады.


2007жылы Парламент сайлауы өтті. Нұр Отан халықтық демократиялық партиясы 88% басым дауысқа ие болды. Астананың 10 жылдық мерей тойы өтті


2011ж. 30 қаңтар 2011 жылы Қазақстанда VІІ Қысқы Азия ойындары болып өтті. 27 мемлекеттен спортшылар мен делегация қатысты. Қазақстан 70 медаль иеленді. 32 алтын, 17 қола, 21 күміс.

Ғасырлар бойы аңсатып жеткен азаттықпен, тәуелсіздікпен келген халық рухының асқақтығы мәңгілік болгай!

Әлдилеп дала сырын, сан ғасырың,

Толқығанұлыөзендерарнасынан.

Осынауқалыңелім, жұртымдеген,

ТілегіқабылболсынЕлбасының!

2- жүргізуші:

2016 жыл халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы . Бұл- Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жыл.


Топтық жұмыс

  1. топ. Тәуелсіздік. «Тәуелсіз» сөзін қалай түсінесіңдер? Мінездеме беру

  2. топ.Мәңгілік ел. Отан сөзін қалай түсінесіздер? Осы сөзге мақал –мәтел жазу, Бір шумақ өлең

  3. топ.Болашақ. Қазақстан мемлекетінің болашағын қалай болжайсыңдар.?


Болашақтың қаласы –Астана.Бейнебаянын көрсету. Болашақта Астана қаласының даму жоспарымен таныстыру.


Топтық жұмыс

Осы топтарға бірнеше әріптер таратылады, сол әріптерден сөз құрастыру тапсырылады. Құрастырылған сөздері тақтаға ілініп, бір сөйлем шығады. ( Менің Отаным- Қазақстан)

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!