400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-тұғырым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі ұйымның ересек топ тәрбиешілерімен мектепалды даярлық топ мұғалімдеріне ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуде қолдануға тиімді .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік- тұғырым!

Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік сценариі


Мақсаты: Балаларға музыкалық тәрбие арқылы отанға деген патриоттық сезім қалыптастыру, отанға сүйіспеншілігін, шығармашылық белсенділігін арттыру. Көтеріңкі мерекелі көңіл-күй сыйлау.

Балалар «Жаса, Қазақстан!» әніне қолдарына жалаулар ұстап залға кіріп үш сапқа бөлініп тұрады.

жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер мен балалар! Біз бүгін Қазақстан республикасының тәуелсіздігік күнін салтанатты түрде атап өтуге жиналып отырмыз. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын, сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

жүргізуші: Елім менің тәуелсіз, жерім менің!

Күннен алған шуақты, өмір демін,

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағы төбеме көтерген күн!

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте дей келе Салтанатты шарамызды Гимннен бастайық.

Гимн

1.Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген,

Он алтыншы желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

2.Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын

3.Азаттықтың ақ таңы

Арайланып атқанда

Көңіл толып,шаттанып

Қуанышқа батқанмын.

4.Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күнімен,

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

5.Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Мерекеде ел тосқан

Шырқатып ән салғанмын.

4.Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой,

Отандастар ұғады
























Ән «Тәуелсіздік ел ұраны »

1.Қазақ жері Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан,

Алыс кетсем сағынам

Отаным сен-Қазақстан!

2.Елімнің аты,жерімнің аты,

Өзіңмен биік,Қазақстан!

Жақсының аты,ғалымның хаты

Өзіңмен биік,Қазақстан!









3.Қазақстан-елім менің,

Қазақстан-жерім менің,

Саған арнап айтылады

Әнім менің!




Жүргізуші:Намысымның шырағы-

Бәрі:Тәуелсіздік!

-Болашақтың ұраны-

Бәрі:Тәуелсіздік!

-Адамзаттың ұрпағы-

Бәрі:Тәуелсіздік!

Жаңа күннің шуағы-















Бәрі: Тәуелсіздік жасасын!Ура! (3 рет)

(отыруға бару,жалаулар жинау)

Жүргізуші:Балалар,біз сіздерді сәби күніңізден бастап дос болуға,туған жерді сүюге,ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеп келе жатырмыз.Ал сіздер білесіздерме «Отан» деген ол не? (жауаптар:ол біздің отбасымыз,бақшамыз,достарымыз)

Жүргізуші:Дұрыс,Отан-ол біздің отбасымыз,біздің үйіміз,мектебіміз,қаламыз.

Отан-ол біздің кең байтақ даламыз,тауларымыз,көлдер мен өзендеріміз.Отан-ол біздің Қазақстанымыз.

Бай:Пай-пай-пай!Биіңіз тамаша екен!Ал қазіргі Қазақстанның өз таңбалары бар ма?Ол туралы не білесіз?

Жүргізуші:Қазіргі Қазақстанның өз ұраны,туы,Астанасы,елтаңбасы бар.Ол туралы біздің балалар айтып береді.


Ұланымын елімнің

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.


Қазақ елін танып әлем бүгін

Қыран қанат айбындай

Аспан түстес айдандай

Тәуелсіздік туы желбіреп тұр!


Тәрбиеші:Балалар,атаға «» ән айтып берейік.

Тасысын шалқып әніміз

Жадырасын жанымыз

Мерекемен құттықтап

Ән саламыз бәріміз.

Ән


Жүргізуші: Ал біздің қыздар мерекеге арнап әдемі би билеп береді.

Билесе тал шыбықтай мың бұралған

Киінген көркіне сай тауып талғам

Би де,киімі де жарасымды

Өзіндік бір үйлесім тауып алған.



Тәрбиеші:Балалар,Тағы да мерекеге арналған тақпақтарымызды айтып жіберейік.


1.Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне,

Тәуелсіздік алып отаным,

Жылдан жылға көркеюде.

2.Ен даласын егін жапқан

Бар баласы бақыт тапқан

Менің жерім,туған елім

Күн сәулелі Қазақстан!


Жүргізуші: Балалар, сіздер бір-біріңізбен тату доссыз ба?Ендеше, «Жалау алу» ойынын ойнап жіберейік.

Ойын: «Жалау алу»


Жүргізуші: Елім менің,тәуелсіз жерім менің

Күннен алған шуақты өмір демін

Рухым ұлттық өсіпті өлместей боп

Көк байрағың төбемнен көрінген күн.

Құрметті ата-аналар,балалар!Барлығыңызға мерекемізге белсене қатысқаныңыз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі