жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік тұғырым
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік
Мақсаты:
1)Білімділік: Балаларға
тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру
балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін
арттыру. Қазақстан Республикасының
мемлекетік рәміздері: Мемлекеттік
Елтаңба,Мемлекеттік Ту,Мемлекеттік
Әнұран туралы білімдерін қалыптастыру.
Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа
айтуға үйрету. Патриоттық сезімге
баулу.
2)Дамытушылық: Балалардың
тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып
сөйлеу қабілетін дамыту.
3)Тәрбиелік: Елімізді,
жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Бүгінгі біздің еліміздің тәуелсіздігін алған күніне орай ұйымдастырылып жатқан «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Барша
халық таныған,
Біздің үміт
тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық
кернер жүректі.
- Әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан республикасы.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші:Қазіргі президентімз кім?
Балалар:Қасымжомарт Тоқаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Нұрсұлтан
Жақсы балалар.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Тәрбиеші: Мұз
жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік
туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас
имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да
жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың
жүректе
Ұрпақ өсер айналатын
тірекке
Егемендік тиді міне
еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ
тілекке.
Біздің
Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді
мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама
азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз,
ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске
арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған
Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді
азаматтарымыздың рухына бас иіп
орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!
Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.
Тәрбиеші: Бақытым
Республикам Қазақстан
Көгінде ақ
көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес
құшағы әлемнің де
Қыс болса бір
шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы
тақпақтарымызды айтайық.
Досжан
Отанның
қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті
күнін сүйем.
Отан,
Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен
оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Айзия
Қазақстан
- азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек
сен үшін мақтанамын,
Қазақстан –
елім менің.
Астана арман қала,
Бағы
бір жанған қала
Тұрасың жап-жас
болып,
Мен үлкен болғанда да
Инабат
Көгінде
күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар
сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы
менің туған өлкем!
Айша
Отан
деген – атамекен
Отан деген – туған
жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан
– туған ел
Тәрбиеші: Тал
шыбықтай бұралған
Қазағымның
қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі
ғой қыздар–ай - деп
«Қыздар биін» тамашалыңыздар!
Ақбота,Дильназ,Адина,Айша ,Бегімай,Раяна
Қыздар биі:
1.Шеңбермен 2қатарға тұрады.
2.Алдыға жүгіріп тұрады.
3.Екі жаққа айлану.
4.Алдыға қол жоғары оңға,солға.
5.2-қатардың қыздарымен 1-ші қатардың қыздары қолтықтасады.
6.Қол ұстасып шеңберге тұру.
7.Шеңбермен жүгіру.
Тәрбиеші: Рәміздерім
елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы
ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді
жатқа білсін әр кісі.
- Балалар
рәміздерімізді кім атап береді?
Дұрыс айтасыңдар балалар? Ортаға рәміздер туралы тақпақтарын айтуға шақырамыз
Мұхаметали
Елтаңбасы
елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай
көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Рахымжан
Құт
береке шаңырақ,
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі
жақтан көмкерген.
Әлижан
Тәуелсіздік
жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім
өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам
Біздің тобымыздың орындауында «Тәуелсіз елдің ұраны!» Әнін қабыл алыңыздар!
Ән: Тәуелсіз елдің ұраны!
1.Қазақстаным Отаным
Шалқыған шаттық орласы
Тәуелсіз елдің ұраны
Шалқыған жырдың арнасы
Қ-сы:
Елім де тыныш,жерім де тыныш
Бейбіт күн мәңгі шырқалсын
Бақытты елім,бақытты жерім
Тіл көзден сені сақтасын
2.Тәуелсіз елдің ұланы
Қырандай көкте самғасын
Көк туым менің желбіреп
Тұғырың мәңгі таймасын
Қ-сы:
Келесі кезекте біздің балаларымыздың дайындаған тақпақтарына берейік.
Ақбұрым
Мерекеге
шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар
ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Алихан
Алтын
дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы
бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы
менің туған өлкем!
Адина
Көк
аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні
бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін
күні бұл.
Даниал
Өзімдікі
туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса
Қазақстаным,
Белді бекем
буында!
Тәрбиеші:
Кең
байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы
орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде
бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз
Қазақстан елім менің.
Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,
Аяна
Бақыт
құсы қонды ғой,
Менің туған
жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта
келді еліме.
Батыр
Тәуелсіздік
туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады
тек саған,
Ән менен күй жырымыз.
Әліби
Аялап
ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін
бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным
Томирис
Отан
менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан
өлкем,астанам,
Отан туған ауылым.
Бекжан
Ер
еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп
бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен
көркем!
Осы менің туған өлкем!
Тәрбиеші:
Ана
тілің біліп қой,
Еркіндігің,
теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың,
елдігің.
Ана
тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр
бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз
тіліңді құрметте!
деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.
Жанел. Жандарбек.
Жәңгір
В
День Независимости я
Стране желаю
возродиться,
И чтобы каждая семья
Имела
шанс к мечте стремиться.
Ділназ
Вот голубой, как небо флаг
Сияет красатой
А слева, словно смелый шаг
Орнамент золотой
Ақбота
Казахстан – это Родина моя!
Здесь родилась и счастливо живу я!
Здесь все родные – мама, папа и друзья!
Здесь детский сад которого люблю я
Бегімай
Наш крылатый орел – гордый беркут
И на флаге родном ты всегда золотой
Ты под солнцем летишь высоко в небесах
Есть решительность, смелость в отважных глазах.
Бота. Күтпеген сәт: Баланың түсі
Бала
(Димаш): Әже,
әже шыраққа қарашы ұстап
алайықшы.
Әже: біссімілла
неге шошындың бала?
Бала: Әже,
әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді
көрдім.
Әже: Е
балам, ол сенің бақытың балам,
Тәуелсіздігіміздің мәнгі жарық күні.
Балам бара ғой, жолдастарыңнан сүйінші
сұрай ғой.
Бала: Алақай,
сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып
келеді.
Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.
Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.
Тәрбиеші:
Енді
міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен
терезесі тең болдық
Әрқашанда біз
дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға
да құрбандық.
Құтты
болсын бүгінгі мерекеңіз
Деңсаулықпен
әкелсін берекеңіз
Өзбек биін алып
келген ортаңызға
Мұң бұралған
бишілерді қарсы алыңыз
Қазақ биі: «»
Біздің балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік
Ерасыл
Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік
–тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді
жүрегім.
Думан
Жасасын
азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен
жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін
көрсін ел.
Ерзат
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі
Есте сақтап ағалардың ерлігін
Жүректерге сақтау керек үнемі
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
1.Күн әлемі,көк әлемі
Бұл суретте жас баланың
Ақ қағазға салған өзі Жазылған бар сөздері
Қ-сы:
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын мама
Болайын мен де аман
2.Солнечный круг небо вокруг
Это рисунок мальчишки
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке
Қ-сы:
Пусть всегда будет солнце
Пусть всегда будет небо
Пусть всегда будет мама
Пусть вседа буду я!
Біздің бүгінгі мерекемізге арнап балаларымыз көптеген тақпақтар жаттады.
Ортаға:
Жанерке
Теңесер
көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей
өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!
Ибраһим
Егемендік – бұл елімнің елдігі
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі
Егемендік – елін, жерін қорғаған
Ербол менен Қайраттардың ерлігі
Илияс
Желтоқсанның желі, аязы ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады
Ел қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары
Еркеназ.
Қазақстан
- азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек
сен үшін мақтанамын,
Қазақстан –
елім менің.
Раяна
Құтты болсын ұлы мейрам қазағым
Тәуелсіздік мынау күнді алғаның
Тәуелсіздік алдық мына біз бүгін
Той тойлатып қуанып сен жатқаның
Тәрбиеші:
Қазақстан
– атамекен, құт қонған жер,
Кең дала,
суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай
белестері мақпал кілем
Қырлары
қызғалдағы құлпырған жер.
Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.
Біздің Отанымыздың нағыз болашақ болашақ қорғаушыларының биін қарсы алыңыздар Би: «Сарбаздар» биі.
1.Рахымжан,Бекжан,Ерзат,Думан,Даниал,Мұхаметали
2.Ибрагим,Досжан,Алихан,Әліби,Алижан
1Ырғалып тұрады
2.Алдыға жүреді
3.Екі жаққа бөлінеді
4.Жерде жорғалап жүру
5.Отырып жүру
6.Күресу
7.Шеңбермен жүру
8.Саппен жүру
9.Честь беру.
Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет!
Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Досбаева Айнур Муратовнаға беріледі.
Бекітемін:
Зайсан қала әкімі аппараты
Зайсан қаласының
«Еңлік» бөбекжай-бақшасының
меңгерушісі________Досбаева А.М
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік
Дайындаған:Оразова Д.Е.
Акишева Н.Е.
Тексерген:Боржикова Л.Ж.
Зайсан қаласы
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген