"Тәуелсіздік тұғырым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік тұғырым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған.

Тәуелсіздік- еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, еш елге, еш мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді.

Тәуелсіздік- теңдік, бостандық, еркіндік!

Бүкіл адамзат баласының қаншама мындаған жылдары бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқандығын насихаттау басты парыз.

Мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы әрелдің, әр адамның ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік, бейбіт өмір, шат – шадыман, жарасымды тіршілік иесі екендігін, олардың игілікті істерге қызмет етуі тиіс екендігі жас ұрпақтың санасына жеткізу. Тәуелсіздік күнінің Республика күнімен жалғасты, мазмұндас екенін ұғындыру. Балаларды елжандылық, рухқа тәрбиелеу.

Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған Б.Тілеухановтың «Елім менің» әні орындалып тұрады.

Балалар кіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттікӘнұраны.

Ортаға екі жүргізуші шығады.

1 жүргізуші: Дильяр

Армысыздар, Отандастар!

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар.

Ұстаздар, ата-аналар, балалар!

2жүргізуші: Нұртуған

Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын!

Ару:

Еліміздің егемдік алуы, осалқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.

Ол- баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Айзере:

Шаттық нұры шашылып зеңберітен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың орғымалы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіндей сәйгүлікке,

Ақбоз аттың алдынан жанды үмітте.

Туған ұстап аңсаған азаматтықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Айхан:

Міне, 2 жарым ғасыр бойы күресіп, қан төгіп 200-ден астам рет бас көтеріп, көтеріліс жасап, бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік! Сөзінің мәні ерекше. Асқақ, әрі құдіретті.

Ән: «Елім Қазақстан»


Аңсар:

Тәуелсіздік- ата-бабам аңсаған, жете алмай құрбан болды қанша адам.

Мансұр:

Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар, әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

Айару:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Бақшамыз алға шығып елімде,

Жақсы атақ пен нұр шапағын жинады.

Ән: «Астана»

Наргиз:

Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,

Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.

Арманына жеті үшін күрескені.

Тарихта шежіре боп қалған екен.

Әкежан:

Тәуелсіздік- 11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қоныменен атты таң боп бізге айдан.

Дилхан:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан-тәнінмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді?

Ал талдайын, жеткенімше қызыл тіл.


Т

Білдіреді теңдікті.

Сезім

Ә

Әдептілік әлдікті.

Жәдір

У

Уайымсыз уақытты,

Наргиз

Е

Егемендік елдікті

Аида

Л

Лапылдаған

Ясмин

С

Сенімділк секілдең,

Нұртуған

І

Ілтипат пен ізет қой.

Зере

З

Зиялылық тілек қой

Санжар

Д

Шақырады достыққа

Бексұлтан

І

Ілкімді боп сатыққа

С.Альтаир

К

Дейді күн бол көктегі,

Көз аларма көршілерге қол сұқпа.

А.Альтаир

Ән: «Тәуелсіз Қазақстан»

Ойын «Ғимарат безендіру»

2-жүргізуші: Нұртуған

Тәуелсіздік тірегі – тіл мерейі үшін киелі күрес. Тіліміздің өркендеуі үшін әр адамзат үлес қосуы және атсалысуы тиіс.

Аяулым:

Туған тілім – бабам тілі, өз тілім.

Туған тілім –анам тілі, өз тілім.

Туған тілім –далам тілі, өз тілім,

Туған тілімде сыры терең жаным бар.

Туған тілде әнімменен сырым бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алындар.

Ән «Туған жер»

Аида:

Мен қазақпын, қанаммен сүйегіммен,

Сән – салтанат салтымды сүйемін мен.

Бақ орнам осынау кең далаға,

Мұрагерім, оған да иемін мен.

Әлихан:

Мен қазақпын, білікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ерсұлтан: «Мен Қазақпын!»

Ән: «Желтоқсан желі»

Көрініс: «Ту таралы аңыз әңгіме»

1-жүргізуші: (Дильяр)

Қабыл алып жүрекке баласаныз,

Арналар тек сіздерге тамамғаныз.

Ажарлы мың бұралған балалармыз,

Көз ілеспес қимылына қарасаңыз.

Би: «Жаса Қазақстан!» Қ.Нұртастың әні.

Сәт:

Өзіндікі елің де, өзіндікі жерің де,

Өзіндікі еккен бақ – тәуелсіздік төрінде,

Асқар тауда сенікі, бақша бауда сенікі,

Доспенен қатал жауда сенікі.


Камила:

Асыл мықты мұратың, ұлттар басын құрадың,

Керең күйден арылдың, тарс біткен құлағын.

Орыс, ұйғыр, немісте үнін қосып жеңіске

Жұдырықтай жұмылды, келешегі кең іске.

Анель:

Өзіндікі туың да, от пен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекеш буын да.

Ұраның да жасайын! Құраның да жасасын

Қанатыңнан қайырылып, қыр арқаннан майырылып,

Қонақ – Тәуелсіздіктен, қала көрме айырылып.

Ән: «Атамекен».

Жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату – тәтті тірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір, бар халықпен жақталсын – демекші өткенімізді құрметтейтін, бүгінді бағалайтын, азамат болыңдар! Тәуелсіздік құтты болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2020
734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі