"Тәуелсіздік-тұғырым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік-тұғырым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік – тұғырым»

Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, слайд, карта, видео

Жүргізуші: Қазақ елім,туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын ағайын!

Тәуелсіздік құтты болсын,алыбым!

-Құрматті ата –аналар, қонақтар Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәлеусіздік - тұғырым»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындаймыз.

Балаларға сұрақ қою:

-Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында

-Тәуелсіздікке биыл неше жыл?

-29жыл

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
- Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

3.Қазіргі перзидентіміз кім?

-Қасым Жомарт-Тоқаев

4.Бас қалаңды ата.

-Нұр-Сұлтан қаласы

5.Ұлтың қандай

ҚАЗАҚ

6.Сен тұратын ауыл қалай аталады?

-ҰЯЛЫ ауылы

7.Қай тіл мемлекеттік тіл?

-Қазақ тілі

8.ҚР рәміздерін ата.

Ту,әнұран,Елтаңба

Өте жақсы,жарайсыңдар! Келесі кезек тақпақтарға берейік.(Алихан,Раяна,Айзере,Нұртілек )


Мақтан етем елбасын,

Алға бастап халықты Алихан

Елімнің елтаңбасын

Бар әлемге танытты.


Қазақстан,көк байрақты нұр едің

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім

Өзің менің қуанышым,бақытым Раяна

Өзің менің мақтанышым тірегім

Қыран құсым көк аспандасамғасын

Желбіресін көк туымызз сан ғасыр.

Тәуелсіздік – даңқты күн

Ойды алысқа самғатқан

Ол туралы көп дерек

Табылады жан жақтан Айзере

Тәуелсіздік – қазақтың

Орындалған арманы

Тәуелсіздік арқасы

Түгел болса,жан жағы.



Отаным- менің жүрегім

Отаным-менің тірегім Нұртілек

Отаным-менің отбасым


- Балалар, мынау біздің еліміз Қазақстан Республикасының М емлекеттік Туы– көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.

Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.

- Балалар, туда ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.

- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

- Мемлекеттік туымыздың түсі - көк, көгілдір.

- Неге ұқсайды?

- Аспанға ұқсайды.

- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

  • Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

  • 1986 жыл.Желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы. Ербол Спатаев , Қ.Рысқұлбеков, , сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Келесі кезекте тақпақ айту.(Айя,Нұрәділ,Жансезім,)


Біз бақыттты баламыз еркелеген

Тыңдаап өскен ән мен күй,ертегі,өлең Нұрәділ

Туған жердің аймалап самал лебі

Отан – ана біздерді мәпелеген.



Сүйемін туған Отанды

Отан деп жүрек соғады

Тап таза ойым бұл менің Жансезім

Бәрінен Отан жоғары

Сенімін ақтап әкенің

Азаматша болу парызым

Отанды ана дегізген

Ұстазым,анам – жан ізгім.



Отаным,саған менің берерім бар

Білемін бір адамдай керегім бар Айя

Әзірге лүпілдеген жүрегіммен

Өзіңе арнап жазған өлеңім бар.



Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз».

Кім Отан,Тәуелсіздік туралы мақал – мәтелдер біледі?

Келесі кезекте Ойынға кезек берейік; Елтаңбаны, Тууды құрастыр.

Келесі кезек тақпақ айту. (Ақнұр,Рахымжан,Ислам,Аймира)



Отаным сен арқылы көктедім мен,

Жетпегенім көп әлі, жеткенімнен

Сенде туған арманшыл бір қызыңмын Ақнұр

Қазақ қызы арлығой шеттерінен

Арманына жетеді талпынса адам

Тоқтамаймын мен толық білім алам

Білімі жоқ адамның кім болса да

Мына жаңа ғасырда күні қараң.



Мен елімді сүйемін

Отан үшін күйемін

Аға ұрпақтың жолымен Рахымжан

Алға қарай жүремін

Көк туымды көтеріп

Елдің атын шығарам

Ер парызы өтеліп

Еңсе тіктеп қуанам




Сенсің менің Отаным

Туған жерім қорғаным

Мен өзіңді құрметтеп Аймира

Бір қуанту арманым

Табиғатың өз көзіме әдемі

Бәрі бізге тіршіліктің сәлемі

Тауы тасың, су мен ауаң ерекше

Осы шығар туған жердің әлемі


Ақнұрдың орындауында ән.

  • Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?

  • Иә!

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

  • 1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?

  • 2. Біздің тұңғыш елбасымыз кім?

  • 3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

  • 4. Біздің тіліміз қандай?

  • 5.Біздің елбасымыз кім?

(Балалар сөзжұмбақты шешеді).

Shape1 Shape2

М

Ы

С

Қ

А

З

А

А

Н

А

Т

С

В

Е

А

Б

Р

А

З

Н

А

Т

С

Қ

А

З

А

Н

Қ

Қ











































Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын-ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп, Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)























-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы, міне, сендерсіздер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін - сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің. «Туған жер –алтын бесік» - демекші,

Желбіресін байрағың желді күнде

Биіктесін мәртебең елдігің де.

Таныта бер,ұлы Тіл,бар әлемге

Керегеңнің кеңдігін де,теңдігін де!

Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың.

Даңқың артсын,егеменді елім менің

Серігіне айналшы Мәңгіліктің!


Келесі кезекте «Тәуелсіз ел ұраны» әні


Тәрбиеші: Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құтықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарыңыз Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға тілектеспіз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі