Материалдар / ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды Отан сүйгіштікке, Тәуелсіз мемлекетіміздің қалай пайда болуы жайындаа мағлұмат беру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым


Оқу қызметінің мақсаты:          

 Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру.

 Көрнекіліктер:           

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының  туы елтаңбасы, әнұраны.Тәуелсіздікке байланысты слаидтар,ойынға қажетті дидактикалық материалдар.

 Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын.

 Оқу қызметтің барысы:

Әдемі безендірілген кабиинетте сабағымызды бастаймыз

Әнұран орындалады.

МұғалімБалалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болады. Себебі бүгін бізде үлкен мереке.Еліміздің тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл толып отыр.Ендеше бүгінгі күнімізді Отанымызға арнаймыз.Алдыменен жылулық шеңберімізге тұрып,таңғы жиынымызды айтайы

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар,орындарыңа отырыңыздар.

 -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс мезгілі.

Мұғалім: Дұрыс, қыс мезгілі. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан.Орыс тілінде айтып жіберейік. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Мұғалім: Ал ендеше бүгінгі оқу қызметімізді сұрақ-жауаптан бастайық.

Кім айтады біздің еліміз қалай аталады? Біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Қазақстан елінде өмір сүріп жатырмыз.



 Picture 1


Мұғалім: Дұрыс айтасыздар. Біз өз алдына бөлек Қазақстан деген тәуелсіз,егеменді елде өмір сүріп жатырмыз

  • Отанымыз,қазақ жері туралы кім тақпақ айтып береді?

1. Отан деген- атамекен.
Отанымды сүйемін мен.

Отан жерім,Отан елім
Міне,менің Қазақ жерім.


2. Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлы той.

3. Көтерілсе шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

Мұғалім : Жарайсыңдар балалар сендер, білесіңдер ме,тұңғыш елбасымыз кім

Мұғалім і: балалар айттыңыздаршы біздің ең алғаш Президентіміз кім?

Балалар:   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жыл

 Тәрбиеші: Қазір елімізді кім басқарады?Президентіміз кім?

Балалар:Қасым-Жомарт Тоқаев


Тәрбиеші: Дұрыс! Еліміздің Астанасы қай қала?


Балалар Астана қаласында не бар?

Балалар: Астана қаласында Бәйтерек бар!

Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.Біз Нұрсұлтан қаласымен мақтана аламыз.Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.Әрине ол Тәуелсіздігіміздің арқасында.

-Балалар еліміздің рәміздерін есімізге түсіріп жіберейікші

Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран



Тәрбиеші: Мінекей балалар, бұл біздің рәміздеріміз. Рәміздер туралы кім тақпақ айтады?

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ

Төбесінде жұлдызы,

Тұр ғой әне жарқырап.

Тәрбиеші:Тамаша балалар,біз бұлардың бәрін неге қозғап жатырмыз.Себебі біз осылармен мақтанамыз.Осындай елде емін-еркін өмір сүріп жатырмыз.Әрине тәуелсіздігіміздің арқасында.Ендеше экранға назар аударайық.Тәуелсіздік туралы видеоролик көрейік.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында  Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды.  Содан бері 28 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз


Тәрбиеші: Балалар осы ағаларымыз бен тәтелеріміздің есімін ұмытпауымыз қажет.Олардың есімі біздің мәңгі жүрегімізде болады.

Тәрбиеші: балалар мына әріптерден сөз құраймыз

Видеоға қарап сергіту жаттығуын жасайды.

Дидактикалық ойын: «Қанталапай»

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінде Отанымыз Қазақстан туралы,Желтоқсан оқиғасының батырлары жайлы, Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы әңгімелестік.

Біз тәуелсіз елде тыныш өмір сүріп жатырмыз.

Аспанымызда әрдайым күніміз жарқырап тұрсын деген ниетпен БӘЙТЕРЕК ойынын ойнаймыз

Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүрейік деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді Назым мен Алдиярдың орындауында «Татулықта күшіміз» өлеңімен аяқтаймыз. Бүгінгі оқу қызметке жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа құпия қыз тәтті таратады.



















































Теміртау қаласы «АНЛИ» ЖСШ мектепке дейінгі тәрбиелеу
және білім беру шағын орталығы
Мини – центр дошкольного воспитания и обучения
ТОО «АНЛИ» г. Темиртау



















Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

«Буратина» мектепке даярлық тобы









Дайындаған: Капасова Н.С.















2023





2023

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!