жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік тұғырым
НЫҒЫМАН АЛШЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛАУЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Ашық тәрбие сағаты

Өткізгендер: Батырханова Р.Т.
2017-2018 оқу жылы
Тәрбие сағатының мақсаты:
- оқушыларға еліміздің Тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру білімдерін кеңейту.
- отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
- бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отанын сүйетін патриоттық сезімін қалыптастыру.
Барысы:
(Әжесі жұн тутіп отырады Немересі далада ойнап жүреді)
Әжесі: Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...
Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар құанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мундай еркіндік болған жоқ.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимны орындалады.
Бейне жазба: Тәуелсіз елім – Қазақстан
Мұғалім:
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар және оқушылар Біздің 3-4 сыныпта өткізіліп отырған “Тәуелсіздік -тұғырым” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
1986 жылдың 16 желтоқсан күні болған көтерілістен қалған бейне жазбаға назар аударайық.
Мұғалім:
-Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Тәуелсіздік алуымызға жанын қиған аға, әпкелерімізге 1 минут үнсіздік жариялаймын!
Мұғалім:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата - бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Монтаж: Арман, Айсәуле
Би: «орыс биі» 3 сынып
Жүргізуші:
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран, Астанамыз бар. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
Монтаж: Сәния, Айымбек
Жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - тен аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
«Туған жер» әнін орындайтын Алшын Әділет.
Жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Жүргізуші:
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
4 сыныптың орындауында «қазақ» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата - баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Монтаж: Гүлжайнат, Алихан
Хор: Атамекен
Мұғалім:
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, Егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, халайық.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген