Мерзімі: .14.12.2022ж.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік- Тұғұрым!»
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып,елжандылыққа тәрбиелеу,Отан туралы түсініктерін кеңейту,патриоттық сезімдерін ояту.Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
Құрметті тәрбиешілер мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-Тұғұрым» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
ҚР гимні орындалады.
Мерекелік тақпақтарымен балаларды ортаға шақырамыз
Толғанай:
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік – ұлы той.
Бибінұр:
Көтерілсе шаттығым,
Ынтымақты ел іші.
Желбіресе көк туым,
Тәуелсіздік жемісі.
Мереке:
Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған,
Аға, әпкелеріміз.

Тілші: -Сәлеметсіздер ме балалар,қонақтар! Басталып кетіпті, мені кешіріңіздер,мен Қазақстан телеарнасынан келген тілшімін,бүгінгі тәуелсіздікке арналған ертеңгіліктеріңіз туралы сұхбат жүргізбекшімін рұқсат болса?
Жүргізуші:
-Әрине рұқсат.
(Тілші балаларға сұрақ қояды)
— Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
— ҚР президенті кім? (Қасым- Жомарт Тоқаев Кемелұлы)
— ҚР рәміздеріне не жатады? (Ту,елтаңба, гимн)
Ұлдар биі: «Алға Қазақстан»

Жүргізуші:
-Рәміздер туралы тақпақтарымен балаларымызды ортаға шақырамыз:
Адина:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің,Қазақстан!
Бекболат:
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанаты,
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Әлібек:
Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ.
Төбесінде жұлдызы,
Тұр ғой әне жарқырап.
Қанатбек:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным – Қазақстан.
Жанатбек:
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.

Тілші:
-Тамаша балалар бәрін біледі екенсіңдер!
Жүргізуші:
-Тілші ханым сіз бүгін сұхбат алып үлгеріңіз және біздің балаларымыздың бүгінгі мереке арналған ән,би, тақпақтарын да тамашалаңыз.
Жүргізуші:
Тақтадан суреттер Желтоқсан туралы.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
Ал қоғамның адамнан барма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып.
Желтоқсан құрбандарын есек алып, бір сәт үнсіздік жариялайық.
-Жарайсыңдар балалар,Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол 16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16-желтоқсанда үлкен көтеріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты.Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды.Олар Отан үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты.Осы аға — апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық.
Жалғас
Қара қазақ ханы үшін,
Қарусыз шықты қабанға.
Алыстан әскер алғызып,
Кіріп салды – ау тоғанға.
Кез болдық сонау заманға,
Савицкий еді гой
Басты себеп жан-жалға.
Жүргізуші: -Ал енді балалар қонақтарға 16-шы желтоқсан туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Арсен:
Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздар-ай.
Елім-ай деп есілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.
Жанболат:
Жасай берші ұлы күн,
Үміті боп елімнің.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп ананың.
Әдемі:
Отан-Тарих,Отан-тіл,
Жасаған елің ер халқын.
Отан-өлкең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Х. Айзере:
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерекесі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.

Ән «Тәуелсіздік ұраны»

Тілші:
-Жарайсыңдар, балалар! Апай рұқсат болса қонақтарымызға сұрақ қойсам.
Жүргізуші:
-Рұқсат қоя берініз.
Тілші:
-Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіз?
— Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?(31 жыл)
— Біздің бас қаламыз қай қала?(Астан)
— Ал балалар сендер Астана қаласы туралы тақпақтар білесіңдер ма? (Ия)
Айару:
Гүл жайнаған Астана
Қазақстан жүрегі.
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар отаны.
Абу:
Жас Астана, жас қалам,
Тарихың бар ашпаған
Ордасы боп ойшылдың,
Ей, бас қалам, Астанам.
Зейнеп:
Әсем қалам – Астанам,
Әлемдегі жас қалам.
Әр күн сайын өзгеріп,
Бой көтерді бас қалам.
Батырхан:
Тәуелсіздік таңы
атты,
Барлық
әлем жаңарып.
Осы
тұрған халқыма
Бейбітшілік
орнады.
Бейбарыс:
Тәуелсіздік
ұраны,
Желтоқсанның
ызғары.
Қайраттарым
қалдырған,
Тәуелсіз
ұрпағын.

Жасмина:
Азат күн туды қырандай еркін
самғаған,
Асыл арманы ақиғат күнмен
жалғаған
Ұғынсаң елім, бостандық
атты бақ құсы
Сан ғасыр бойы басымызға
да
қонбаған.....
А.Айзере:
Аман
болсын ел,
жұртым,
Аспаным ашық, күн
күліп.
Отыз жылдық
азаттық,
Шаттықты әуен үн
қылып.
Би: қыздыр биі «АНА»

Д/О: «Менің Қазақстаным!»

Тілші:
-Балалар сендер Отан, туған жер туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? (Ия)
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отан –елдің анасы,
Ел – ердің анасы.
Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,
Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.
Жүргізуші:
-Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын! Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз,келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ересек топ: «Көгершін»
Тәрбие сағат.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік- Тұғұрым!»

Тәрбиеші: Арипова Г.М.
14.12.2022ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік тұғырым

шағым қалдыра аласыз