«Тәуелсіздік тұғырым»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік тұғырым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік – болашақтың бағдары, Тәуелсіздік – асулардың асқары. Тәуелсіздік – адамдықтың белгісі, Тәуелсіздік – үлкен істің бастауы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік тұғырым» -Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары! 
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 31жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 
Әнұраным- жан ұраным, Айтар әнім- сөйлер сөзім. Туған жерім сағынарым, Алаңында ескерткіш орнатты.  Мәңгі бақи шырқалады, Республика әнұраным. (Әнұран орындалады)

1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Д. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.  Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға 1-оқушы: Рамазан Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі. 16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. 2-оқушы: Жансель Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз, 
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз. 
Тәуелсіздік – білектегі әліміз, 
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз. 
3-оқушы: Диана Үлгі бізге аталардың ерлігі, 
Ұлағат, өнегесі, еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі. 
4-оқушы: Зарухан Тәуелсіздік 11 әріптен құралған, 
Сан ғасырлар қазаққа боп арман. 
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қанымен атты таң боп, бізге алдан. 


5-оқушы: М.Кәусар Тәуелсіздік – болашақтың бағдары, 
Тәуелсіздік
 – асулардың асқары.
Тәуелсіздік
 – адамдықтың белгісі, 
Тәуелсіздік
 – үлкен істің бастауы.  6-оқушы: Айсұлтан   Отыз бір жыл, отыз бір жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық. 7-оқушы: Әліби Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады. 8-оқушы:Айсара Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,
Желтоқсанның жастары салды бар күшін,
Қанын төгіп, жанын қиды аямай,
Жанын қиды елі менен жері үшін.
9-оқушы: Ерсұлтан Байлығы мол байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең
10-оқушы: Абдрахман Жаңа ғана қазағымның таңы атты 
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты. 
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам 
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты. 
11-оқушы: Н.Кәусар Атыңнан айналайын, егеменді ел 
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер 
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік 
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. «Жаса Қазақстан» әні 12-оқушы: Аделя Жүректе намыс оты сөнбейді

Кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ

Түсінеміз,ұғамыз

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! 13-оқушы: Жанымгүл Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар басты-басты белгілері бар екені мәлім. 14-оқушы: Жайдар Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша  белгілер – рәміздер. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран 15-оқушы: Нуриман Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Қасиетін асқақтатар Отанның Рәміздерін ардақтайтын бар кісі. Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу. 16-оқушы: Мүслим «Қазақстан Жалауы» Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан Жалауы. Көк емес ол тектен тек. 17-оқушы: Нұрислам Елдің ашық қабағы. Ақ ниеті алтын күн, Асқақ арман қыраны. Жалауы бұл халқымның, Мәртебесі, Ту ары. 18-оқушы: Алихан «Елтаңба» Қатар шапқан қос тұлпар, Ай астында қазақ үй Қалықтаған жас сұңқар, Шарықтаған таза күй. Бұл таңбасы елімнің, Елдігімнің белгісі. Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің. 19-оқушы: Аяна «Әнұран» Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде
20-оқушы Рамазан: Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
21-оқушы: Ерсұлтан Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Би: «Қаражорға»
Жеке орындауда: «Қазақстаным алға!»
Мұғалім:- Жарайсыңдар, балалар. Біз, Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан халқы. «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер? Оқушылар: Отан деген менің үйім, туған жерім.

Менің жүрегім Отан деп соғады. Ендеше, Топтастыру әдісін жүргізейік.

 

Қорытынды сөз.

Мұғалім:

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіздік күнің туды, кенеле бер,

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш шаттық тілейміз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын демекпін. -Қазақстан қандай ел?

Хормен: Туымен – Тұғырлы, Елтаңбасымен – Еңселі, Әнұранымен – айбатты ел! Ендеше балаларды ортаға шақырайық «Қазақстан» сөзіне мағлұмат берейік. Қ – Қазағымыз аман болсын!
А – Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З – Заманымыз тыныш болсын! А – Аман болсын Тәуелсіз елдің ұрпағы!
Қ – Қыран құстай биік болайық!
С – Сарыарқа даласындай кең болайық!
Т – Тәуелсіз ел туын көкке көтерейік!
А – Аман болсын Тәуелсіз қазақ елі!
Н – Намысты қолдан бермейік !
Хор: «Тәуелсіз елдің ұланымыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі