Тақырыбы:
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні
Ұйымдастырылған
оқу дағдысы:
Қатынас. Таным.
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті:
Сөйлеуді дамыту. Құрастыру.
Мақсаты:
Балалардың Отанды сүюге, еліміздің
рәміздерін қастерлеуге. туған елге
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Балаларды достыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Рәміздер, суреттер, Желтоқсан оқиғасы
құрбандарының суреттері.
Тәрбиеші:
Cәлеметсіздерме құрметті қонақтар мен
бүлдіршіндер. Еліміз егемендік алып,
тәуелсіз мемлекет болдық. Бүлдіршіндеріміз
тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр.
Өмірлерің мәнді де сәнді, болашақтарың
жарқын болсын. Аспанымызды бұлт шалмасын
деген игі тілекпен «16-желтоқсан
Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай
ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетімізді
бастаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар
олай болса біз ашық оқу іс-әрекетін
шаттық шеңберге тұрып бір- бірімізге
ыстық ықылас тілектерімізбен бастайық
Балалар:
Көк
аспанда күн күлсін
Бірге
күлсін бүлдіршін
Ұл
қолында ту жүрсін
Қыз
қолында гүл жүрсін
Тәрбиеші:
Ал,
ендеше орнымыздан тұрып, қолымызды
жүрек тұсына қойып ҚР мемлекеттік
Әнұранын орындайық.
Тәрбиеші:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Қыс мезгілі
Тәрбиеші:
Дұрыс
айтасыңдар балалар. Қыс мезгілінің
айларын атайық
Балалар:
Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Тәрбиеші:
Кім
айтады біздің еліміз қалай аталады?
Қазақстан
Республикасы
-Біз
қандай тілде сөйлейміз?
-қазақ
тілінде
-Еліміз
қанша ұлтты мемлекет?
-көпұлтты
мемлекет
Бас
қаламыз қай қала?
-Астана
қаласы
Тәрбиеші:
Біздің мемлекетіміз Тәуелсіздікке
оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Біз
Тәуелсіздік алғанға дейін Ресейдің,
яғни КСРО-ның құрамында отаршыл ел
болдық. 1986жылы дәл осы 16-желтоқсан күні
Алматы қаласында алаңға өрімдей жап-жас
аға- апаларымыз шығып, ерлік көрсетті.
Олардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков,
Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова
сынды аға-әпкелеріміздің арқасында
қазіргі таңда тыныш, бейбіт өмір сүріп
жатырмыз. Біз тәуелсіздігімізді 1991жылы
16желтоқсанда алдық. Біздің тұңғыш
президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Ол кісі біздің мемлекетімізді
2019жылдың 19наурызына дейін басқарды.
Одан кейін президент болып Қасым Жомарт
Кемелұлы Тоқаев сайланды.
Тәрбиеші:
Балалар есімізге түсірейікші
Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не
бейнеленген.
Балалар:
Ту. Көк.
Көк
ашық аспанды білдіреді. Қыран
құс-еліміздің тыныштығы мен
тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек
қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің
белгісі.
Тәрбиеші:
Балалар ал мынау не?
Балалар:
Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс
айтасыңдар.
Бұл
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан
атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы.
Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ-
тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші
жарық белгі.
Тәрбиеші: Олай
болса, балаларымыздың Отан туралы
тақпақтарын тыңдайық.
Айша
Отан
деген- атамекен,
Отан
деген- туған жер.
Отан-
ана, Отан- үлкен,
Қазақстан-
туған ел.
Омар
Қазақстан-менің
Отаным,
Атыңды
әнге қосамын.
Шарықтап,
өсіп, дами бер.
Біліміммен
үлес қосамын.
Аяла
Отан-
жерім, Отан- суым,
Отан-қуат
нәр береді.
Отан-
ұран, Отан туым,
Отан
мәңгі гүлденеді.
Нұрасыл
Кең
жазық Отан мекенім,
Сен
де өсіп көктедім,
Сені
қорғау парызым.
Мұны
біліп өтемін.
Кәусәр
Мен
оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды
өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен
оның қасиетті тілін сүйем,
Мен
оның құдіретті үнін сүйем.
Тәрбиеші:
Ал, ендігі тапсырмамыз ойын түрінде
өтеді. Мына шеңберде көзге көрінер
көрінбес бейнелер бар, сол бейнелерге
қарап мына қағаздардағы суреттерге
қарап орын орнына қоясыңдар. Қай топ
бірінші орналастырса сол топ жеңімпаз
болады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар
балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар
Тәуелсіздік
тартуы ол тәңірдің
Тәуелсіздік
маңдайдағы бағым бұл
Тәуелсіздік
сыбағасы халқымның
Тәуелсіздік
таймайтұғын тағым бұл
Осымен
ашық оқу-қызметін тамамдаймыз. Қош сау
болыңыздар!
«Бекітемін»
ЖШС
«Айым-2017» бөбекжай
балабақшасының
құрылтайшысы
Д.Ә.Анарбаева
«____»
« ____» 2025ж
«16-желтоқсан
Республика күні»
атты
ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің
сценарийі
Тәриешілер:
Ильясова
Жанар
Тобы:
«Балдырған» ортаңғы тобы