400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
тәуелсіздік күніне орай танымдық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Оқу қызметінің мақсаты:           Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

Көрнекіліктер:           Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының  туы,  елтаңбасы,  әнұраны және тағы басқа кітапшалар.

Әдіс-тәсілдері:    Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекеттің барысы:


Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.

Бәрі тік тұрып Гимнді айтады

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

Балалар:   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда желтоқсан Тұңғыш Президент  күні мерекесі болып аталып өтіледі.

Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында  Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды.  Содан бері 25 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.Қазақстан Республикасында 2017жылы Бүкіл Дүние Жүзілік ЭКСПО көрмесі өткелі жатыр.Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды. .Есік қағылады.

Бүгінгі біздің мерекемізге, «Алтын Адам» келіпті.Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті.Ал ашып көрелік не бар екен ,жұмбақтар.

Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?


 Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы   (Қазақ елінің баласы)


Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

 

Қос пырағым қос қанат,

Шаңырағым күн менің

Шолпан жұлдыз маңдайда.

Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)

 

Көк аспанның түсі бар

Ортасында      күні бар.

Қыран ұшқан  қалықтап ,

Кімнің туы біліп ал.    (Қазақстан мемлекетінң Туы)

 

Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс.

Қанат қаққан бар елге   (Қыран)

 

          Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Балалар: Ту. Көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.

          Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

          Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

          Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.       

          Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.


Құтты болсын ағайын

Тәуелсіздік мереке

Тілейміз біз сіздерге

Ырыс бақыт береке


Мақтанам – Қазақстан отанына

Сан ұлтпен тату-тәтті тұрып жатқан

Мақтанам – Қазақстан отанына

Тәуелсіздік ғасырын құрып жатқан


Желбіреп көк байрағы, көгімізде

Тәуелсіздік орнады елімізге

Жаңалық жақсы күнднр ала келді

Салтанатты үнімен жерімізге.


Он алтыншы желтоқсан - 
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік - ұлық той.


Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.


Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға.


Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар ! Ал мақал – мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .

Отан –оттан да ыстық

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас

Өз елің – алтын бесігің

Отан – елдің анасы ,

Ел – ердің анасы.

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

Ал балалар сендер тәуелсіздік туралы түсінік алдыңдар. 16-желтоқсан біздің елімізде тәуелсіздік мерекесі тойланады. Бұл мерекені еліміздің әрбір қалаларында, ауылдарында тойланады. Осы күні түнде үлкен қалалар аспанында мерекелік от шашулар жарқырайды. 
От шашулар аспаннан төмен қарай шашылған түрлі моншақтарға ұқсайды. Балалар қазір біз осы тәуелсіздік мерекесіне арнап қағаз бетіне мақта таяқшаларымен от шашулардың суретін саламыз. Мақта таяқшаларын әуелі сары бояуға батырып сары түсті от шашуларды бір жерге саламыз, одан соң қызыл бояуға басқа мақта таяқшасын батырып қызыл от шашуларды бір жерге топтап, сөйтіп көк жасыл түспен от шашулар жасаймыз. (Балалар берілген тапсырманы орындап, өз қолдарымен отшашу жасайды) 
Қорытынды: 
-Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгінгі тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер. Сендер

елін , жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі