«Тәуелсіздік
тұғырым»
Тақырыптық сабақтың
мақсаты:
Егеменді еліміздің болашағы –
жас ұрпақтар. Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына
Отанға, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту.
Туған жері мен елін сүюге, елінің болашағына үлес қосып, еліне,
жеріне деген ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, танымдылық қабілетін
арттыра отырып өнерге баулу. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
күні мерекесі туралы түсінік беру.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген
қонақтар келіпті қәне амандасып алайықшы.
Балалар: Сәлеметсіздер
ме!!
Тәрбиеші: Біздің туған еліміздің, туған
жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл толыпты.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар тәуелсіздік мерекесі құтты
болсын!
Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл
күймен шаттық шеңберімізді құрайық,
Бір шаңырақ
астында
Қазақстанда
тұрамыз
Бірге сайран
құрамыз
Бір үйде біз
тұрамыз.
Өте жақсы балалар. Бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше болмақ. Бүгін біз
Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арнап ұйымдастырылған оқу
қызметімізді өткіземіз. Оқу қызметімізді бастамас бұрын еліміздің
әнұранын айтайық.
Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол
– Әнұран
Сезім биігі, төзім шыңы, ол –
Әнұран
Әннің асылы, ұранның басымы,
ол – Әнұран
Әнұран
орындалады.
Тәрбиеші: Рахмет балалар. Сендерге сұрақ
қойғым келіп тұр.
Балалар біздің мемлекетіміз
қалай аталады?
(Қазақстан)
ҚР
президенті кім?
(Н.Ә. Назарбаев)
-Ал енді балалар әр елдің
өзінің рәміздері, заңдары болады екен. Сол сияқты біздің де
өзіміздің заңдарымыз, рәміздеріміз бар. Қәне, балалар ҚР-ның
рәміздерін атап беріңдерші.
-Ту, Елтаңба,
Әнұран
-Өте дұрыс балалар. Мынау
біздің туымыз.(ноутбуктен слайд көрсетеді) Туымызға келетін болсақ
мөп-мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет. Сол көгілдір аспан
ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан күн. Күнді қанатымен көтеріп
қалықтай ұшқан қыран құс қандай әдемі. Оған өміріміздің қайнарындай
қазақтың ұлттық ою-өрнегі қандай
жарасымды.
-Ал бұл балалар Елтаңба.
Қараңыздаршы елтаңбамыз қандай тамаша. Ендеше елтаңбамызға тағы да
көз салайық. Ортада қазақтың қара шаңырағы, күн сәулесіндей
уықтаршаңырақтан шашырай шапағын шашқандай. Екі жақтағы қанатты
тұлпар, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз
жарқырайды.
-Балалар әр мемлекеттің өзінің
әнұраны болады. Оны салтанатты жиындарда орындайды. Әнұранды
орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып оң қолымыз сол жақ
жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.
- Жарайсыңдар балалар,ендеше
рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып
берейікші
Айзере: Әнұраным –
жанұраным,
Жүрсем егер дүние
кезіп,
Айтар әнім, сөйлер
сөзім,
Туған жерім
сағынарым.
Д.Сұлтан: Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қадірлеп,
Биікке іліп
қояды.
Айбейне
: Бақыт бірлік күн
талабы,
Тоқтамайды дүбір
әні
Мәңгі бақи
шырқалады,
Республика Әнұраны
Алияр
: Сүйесің ғой
даланың,
Гүл жайнаған
алабын.
Білесің ғой сен
бірақ,
Қазақстан
жалауын.
Дилярам: Қатар шапқан қос
тұлпар,
Ай астында қазақ
үй
Қалықтаған жас
сұңқар,
Шарықтаған таза
күй.
Бұл таңбасы
елімнің,
Елдігімнің
белгісі.
Санжар: Елтаңбасы
елімнің,
Неткен әйбат,
әдемі!
Тұнығындай
көңілдің,
Ортада аспан
әлемі.
Өнерлі ғой қыздар –
ай.
Тәрбиеші: Кенге толы
қойнауы,
Төлге толы
жайлауы
Ол – біздің
Қазақстан!
Анамыздай тілеуі
ақ,
Отан біздің біреу
ақ
Ол – біздің
Қазақстан!
–Жарайсыңдар балалар,Қазақстан
Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол
16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы
16-желтоқсанда үлкен көтіріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен
қыздары шықты. Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол
Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Олар Отан
үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Осы
аға-апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет
болдық.
Ал балалар сендер тәуелсіздік
туралы түсінік алдыңдар. 16-желтоқсан біздің елімізде тәуелсіздік
мерекесі тойланады
Енді балалар қонақтарға
тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып
берейік.
Айасыл: Атамекен ақ
үйдің,
Азат болған күні
бұл.
Құндақтағы
сәбидің,
Қазақ болған күні
бұл.
Айлин: Күн болды бұл күн
керемет,
Ақ түйенің қарны
жарылған.
Ел болдық, шүкір не
керек,
Әлемге аты
танылған.
Қарақат
:Сен әкелдің
шаттығымды,күлкімді.
Ата-бабам армандаған бұл
күнді.
Тәуелсіздік
өркендесін,
Бақытпенен қауыштырған
жұртымды!
Тәрбиеші: Қызады бүгін
тойымыз
Ортамызды
ашайық.
Ән мен күйді
көтеріп,
Інжу маржан
шашайық.
Ән
: «Отан»
Тәрбиеші: Тәуелсіздік
–
Менің байтақ
Отаным.
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай,
Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбиімнің
күлкісі,
Тәуелсіздік – ақ батасы
атамның.
Ойын: «Туған жерді
гүлдендір»
(Балалар алдын ала суреттері
жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп
Қазақстан картасына апарып гүлдерін
орналастырады.)
Құрметті , қонақтар,балалар !
Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған «Тәуелсіз елдің
бақытты ұрпағы» атты тақырыптық сабағымызға келіп, көріп
тамашалағандарыңызға көп,көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін,
аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, бейбіт күніміз жарқын
болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен
күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш
болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін!
Рахмет Сау болыңыздар.