“Тәүелсіздік
тұғырым
”
(Музыка
әуенімен балалар қолында шары бар залға
келеді де орындарына келіп тұрып шарды
ұшырады)
СЛАЙД:
Тәуелсіздік
туралы.
1 Бала:
Таңы жайнап жатқан ел,
Жаны
нұрға батқан ел
Тәуелсіздік
жолында,
Қазақтығын
тапқан ел.
2 Бала:
Желбіресе көк туым,
Көтерілер
шаттығым
Қазақты
әлем таныды,
Егеменді
ел бүгін
1-Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз
1 желтоқсан тұңғыш президент күні ( Слайд
Президент портреті) және 16 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі
күнін атап өтпекпіз. Баршаңызға төл
мерекеміз құтты болсын!
Тәуелсіздік
күніне орай “ Тәуелсіздік тұғырым-19”
атты ертеңгілігімізді бастаймыз
Еркіндікті
аңсадық еркін дүбір,
Алаулатты
керемет көркінді нұр.
Алақайлап
аспанға атып тұрып,
Берекелі
бастағы бөркіңді бір...
Қуан
қазақ!
Күн
туды қуанатын!
Балалар,
қазір барлығымыз бірге халқымызды
елдікке, бірлікке шақыратын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұранын
орындайық.
“ӘН-ҰРАН”
(балалар отырады)
1-Жүргізуші:
Тақпақ: 4 бала (9 топ)
2-Жүргізуші:
Керемет, қазір біздің балалар “Біз
өмірдің гүліміз” әніне орындап береді.
ӘН: «БІЗ
ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ» (11 топ бала отырады)
2-Жүргізуші:
ТАҚПАҚ: 4 бала Президент туралы (11 топ)
(Әуенмен ортаға аллтын адам келеді)
Алтын
адам- Ассалаумаалейкум, барша жұртым!
Сәлеметсіңдерме, балаларым!
Балалар-
Сәлеметсізбе, Алтын адам!
Алтын
адам :- Мен қазақпын, биікпін, байтақ
елмін,
Қайта
тудым, өмірге қайта келдім.
Мен
мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта
бергім келеді, айта бергім
Тәуелсіздік
мәңгілікке сақталсын
Тату-тәтті
бірлік болып қашанда
Бейбіт
өмір бар халықпен жақталсын
Тәуелсіздік
құтты болсын, уа халқым!
1-Жүргізуші:
Алтын адам қош, келдіңіз төрлетіңіз!
9 топ балаларының “Тіуелсіздік ел ұраны”
әнін тыңдаңыз.
ӘН:
«Тәуелсіздік ел ұраны» (9
топ балалары отырады)
СЛАЙД:
Қайрат Рұсқылбеков , Ләзәт Асанова т.б
суреттері
Алтын
адам- Балалар 1991 жылы 16-желтоқсан қазақ
елі өз тәуелсіздігін алды. Батыр
аталарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззәт
Асанова, т.б әкпе, ағаларымыздың арқасында
қазақ елі өз Тәуелсіздігін дүние жүзіне
паш етті. Барлық ұлтты бауырына басып,
Қазақ ел іргесін бірге ұстаған елбасымыз
Қасымжомарт Тоқаев мың алғыс. Ертеңгі
Тәуелсіз еліміздің тірегі мына
сендерсіңдер. Бейбітшілігіміз берік,
тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.
Алтын
адам- Балалар айтыңыздаршы біздің
отанымыз қалай аталады? Әбілмансұр-
Біздің отанымыз егеменді Тәуелсіз
Қазақстан Республикасы деп аталады
Алтын
адам: Біз қандай мейрамды тойлап жатырмыз?
2бала-
Тәуелсіздік мейрамын тойыла жатырмыз.
Алтын
адам- Елбасымыз кім?
Алихан-
Елбасымыз Қасымжомарт Тоқаев.
Алтын
адам- Қазақстан Республикасының
рәміздерін білесіздерме?
Әділет-
Қазақстан Республикасының рәміздері
Көк туымыз, Әнұран Елтаңба.
Алтын
адам– Жарайсыңдар, сондай ақылды, жақсы
балалар екенсіңдер.
2-Жүргізуші:
Біздің еліміз жер бетіндегі кең байтақ
жер, тамаша табиғаты,ақ жарқын халқы
бар. Қазақ халқының данышпандығы
салт-дәстүрінен, ертегі, ойындарынан
көруге болады.
Алтын
адам- Ал, қазір қымбатты достарым сіздерді
қазақ халқының ойынына шақырамын.
2-Жүргізуші:
ОЙЫН: «ҚАМШЫ АЛУ»
1-Жүргізуші:
Балалар, қазақ елінің мемлекет боп
құрылуы, оның өзге елден шоқтығы биік
болғандығы. Кім бізге Елтаңбамыз туралы
тақпақ айтып береді?
1-Жүргізуші:
«ТАҚПАҚ» Амина, Нұрасыл, Мөлдір
2-Жүргізуші:
Сонымен, балалар ҚР мемлекетіміздің
тәуелсіздігін білдіретін рәміздеріміз
бар екен, оны тағы бір атап өтейік ҚР
мемлекетінің рәміздері.
Балалар-
Әнұран, Ту, Елтаңба
2-Жүргізуші:
Дұрыс, айтасыңдар, балалар!
1-Жүргізуші:
Рахмет, Алтын адам біздің мерекемізге
келгеніңізге қуаныштымыз. Біздің
балалар, барлық сұрақтын жауабын біледі.
Алтын
адам- Барлығының жауабын білесіздерме?
Өте жақсы, балаларым онда менің келесі
сұрағым. Қазақстан өзге елден несімен
ерекше?
(Экраннан
слайдпен суреттер жүріп тұрады, балалар
шыққан сайын)
1-Жүргізуші:
СЛАЙД: ШОУ-КӨРСЕТІЛІМ: «ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ»
-Қазақтың
ұлттық нақыштағы (Ағаш үй)
-Қазақтың
қандай ұлттық аспабын(Домбыра,
қобыз,сыбызғы,тастауық)
Алтын
адам-Жарайсыңдар, керемет көрсетілім
болды.
Алтын
адам-Үлкен азамат болдыңдар, балаларым
тамаша ән, тақпақ айттыңдар.
АДЕЛЯ-
Егеменді ел болдық
Ұлттық
тамыс оянып,
Гүлденсін
мәңгі жайқалып,
Тәуелсіз
қазақ еліміз.
2-Жүргізуші:
ӘН: «ҚАЗАҚСТАН БАҚЫТТЫ» (балалар отырады)
Алтын
адам- Балалар, өте жақсы мереке болды
көп жасаңдар. Енді менің кетуім керек.
Сау, болыңдар.
2-Жүргізуші:
Балалар, бүгін біздің мерекелік
ертеңгілігіміз аяқталды, 16 желтоқсан
күні қаламызда үлкен мереке болады,
мерекені ата-аналарыңмен барып
тамашалайтын боласыңдар.