Тәуелсіздік тұғырым «Тәуелсіздік бабалардың ұраны»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік тұғырым «Тәуелсіздік бабалардың ұраны»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ф-ӘК-001/10

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі

«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімшесі




КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН Әдіскер Директордың тәрбие жұмысы ________ Ф.Дүйсенбай жөніндегі орынбасары «____»_____ 2024 ж. ______Ш.Надирбаев

«____»_____ 2024 ж.






«Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры»

тақырыбындағы апталық іс-шарасы






Тәуелсіздік тұғырым

(кітап көрмесі)






«Гуманитарлық» пәндік (циклдік)

комиссия бірлестігінің кеңес мәжілісінде

бекітілген №__ хаттама «__ »___ 2024 ж.

Пәндік (циклдік) комиссия төрайымы:

_________ Н.Ибрагимова

Бөлімше меңгерушісі:________І.Керімбек

«___»_____2024 ж.

Мерзімі: 9.12.24 ж.

Уақыты: 10:30

Өтілетін орны: ФОЕ

Жауапты: Ұ.Шорабекова, Н.Музарапова






Түркістан-2024 ж



Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым (кітапхана көрмесі)


Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік - Желтоқсанның жемісі, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру.


Көрнекілігі: «Қазақстан» суреттер, слайд, видеофильм, сызбалар, түсті қағаздар.

  Барысы.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бахыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгинде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Әнұран орындалады.

Сұрақ-жауап:

1.Отанымыз қалай аталады? /Қазақстан/

2. Қазақ елі қандай мемлекет? /тәуелсіз/

3.Тәуелсіздікті қашан алды? /1991 жил/

4. Как это сделать? /қазақ тілі/

5. 16-желтоқсан қандай күн?

1.Он алтыншы желтоқсан —
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосхан
Атамменен барғанмын.

2.Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік — ұлық той.

3.Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.

4.Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.

Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз,                                                            

Қымбаттанда ең қымбатты барымыз.                                                                                   

Тәуелсіздік - білектегі әліміз,                                                                                                

Тәуелсіздік - жүректегі әниміз. 

Тәуелсіздік - топтастыру. 

1991жылдың желтоқсан айының 16 күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл 33 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт. Осы атаулы күнге арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты сабақтан тыс іс-шарамызды бастаймыз.

 ҚР-ның тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын! Еліміздің тәуелсіздігін алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.

Тәуелсіздік, еркіндік - елдің тілегі. Тәуелсздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы ғасырлық күресі. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

Видео тамашалау

Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-жылдың 16-желтоқсаны еді. 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбит жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты. Алматы қаласында болған жастар көтерілісі халық жүрегінде мәңгі сақталады. Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 16-желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректеріміздде дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет ... .

Бүгін біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикисы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!                                                                                                    

Ол әркімге еркін өмір сыйлады..                                                                                                 

Білімділер алға шығып елімде,                                                                                                       

Жақсы атақпен ңұр шапағын жинады.                                                                                     

Тәуелсіздік -бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары.                                                                                                

Тәуелсіздік -түнектерде тұншығып,                                                                                                      

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы

Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,                                                                                      

Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.                                                                                                    

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,                                                                                                

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.                                                                                      

Тауымыз бар таңырқатқан шынымен.                                                                                              

Ұл-қызым бар,даламыз бар ұлы кең.                                                                                       

Алдарыңда басымды иіп, өр халқым,                                                                                 

Құттықтаймын тәуелсіздік күңімен!

 

Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Тәуелсіздіктің белгісі неде? (Рәміздеріміз, мемлекеттік тіліміз, ұлттық валютамыз бар). 

Қазақстанның мемлекеттик рәміздерін атау. Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Гимні бар.

Гимннің авторлары кім?

Оқушы:

Гимннің авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нажмединов, Н.Назарбаев

Тудың авторы кім?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылулықтың белгісі.

Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт-дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары кім?

Оқушылар:

Авторы: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

 - Мақал-мәтелдерді толықтырып жазу

1. Халықтың ортақ үйі... (Отаны)

2. Отан - ....ыстық (оттан да)

3. Туған жердің ......ыстық, .....ыстық (күні де, түні де )

4. Отансыз адам - ​​..... ( ормансыз бұлбұл )       

5. Өзге тілдің бәрін біл, ..... ( өз тіліңді құрметте )

6. Өз елім - ... ( өлең төсегім )

7. Туған жердің жері де ..... , елі де .... (көрікті, сүйікті )

8. Найзасыз.....болмайды, таңбасыз....болмайды. ( ел, ер )

 

 

 

Біздің еліміз-бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, дем алуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тек субъекті ретінде қарастырады және тең дережеде қорғайды, азаматтық құқықтарына нұқсан келтірмейді.

Қорытынды: Тәуелсіздик күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі "Тәуелсіздік -тұғырым" атты сабақтан тыс іс-шарамызды аяқтаймыз.

Келгендеріңізге р а х м е т !!!






























Ф-ӘК-001/10

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі

«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімшесі




КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН Әдіскер Директордың тәрбие жұмысы ________ Ф.Дүйсенбай жөніндегі орынбасары «____»_____ 2024 ж. ______Ш.Надирбаев

«____»_____ 2024 ж.






«Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры»

тақырыбындағы апталық іс-шарасы






«Тәуелсіздік бабалардың ұраны»







«Гуманитарлық» пәндік (циклдік)

комиссия бірлестігінің кеңес мәжілісінде

бекітілген №__ хаттама «__ »___ 2024 ж.

Пәндік (циклдік) комиссия төрайымы:

_________ Н.Ибрагимова

Бөлімше меңгерушісі:________І.Керімбек

«___»_____2024 ж.

Мерзімі: 11.12.24 ж.

Уақыты: 13:00

Өтілетін орны: кітапхана

Жауапты: Ұ.Шорабекова, Н.Музарапова






Түркістан-2024 ж



Тақырыбы: Тәуелсіздік бабалардың ұраны


Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.


Көрнекілігі: «Қазақстан» суреттер, слайд, видеофильм, сызбалар, түсті қағаздар.

Әнұран ойнатылады


I-жүр: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?


Видеоролик

Желтоксанның екпінімен келген
Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да булек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда түгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Отаным менің мекенім асыл ардағым,
Көк майса шалғын,айдынды сулар жан – жағың.
Жасампаз жолда дамушы елім мәңгілік,
Самғай бер көкте,қазағым менің талмағың

Желтоқсанның қанды суық ызғары.
Қалың жұртым,қазағымды қорлады.
Тәуелсіздік қолдаған жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.

 Тәуелсіздік елімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде
Қазақ деген ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі