Материалдар / «Тәуелсіздік тұсындағы тіл және руханият» ,баяндама

«Тәуелсіздік тұсындағы тіл және руханият» ,баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – адамзат баласының қоғамдық-әлеуметтік дамуының бірден-бір көрсеткіші. Тіл – аса күрделі әлеуметтік құбылыс. Тіл адам мен сол адамдардың өзгелерге ұқсамайтын, өздерін бір-бірімен ұқсастырып, жақындық тобын құрайтын ұлттың негізгі белгілерінің бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіздік тұсындағы тіл және руханият»

Адамның ұлт пен ұлттың, мемлекет пен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас құралы, қаруы саналатын тілдің күнделікті өмірімізде алатын ерекше орнын білгенімізбен де қоғамдық-әлеуметтік қыр-сырларына әлі тереңдеп бара алмай жатырмыз деу­ге болады. Тіл дегеніміз – адам, ұлт, мемлекет, руханият, тарих, өркениет. Тіл – адамзат баласының қоғамдық-әлеуметтік дамуының бірден-бір көрсеткіші. Тіл – аса күрделі әлеуметтік құбылыс. Тіл адам мен сол адамдардың өзгелерге ұқсамайтын, өздерін бір-бірімен ұқсастырып, жақындық тобын құрайтын ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Тіл – ұлттың негізгі қасиеттерінің бірі. Өзіндік тілі болмаса, онда ұлт та болмайды. Тіл мен ұлт ажырамас бірлікте. Бірінсіз-бірі жоқ. Тілдің тілге сәулесін шашып тұруымен бірге көлеңкесін түсіріп тұратыны да белгілі. Тілін де, экономикасын да қатар дамытып, өркениеттен қалмай өмір сүріп жатқан ұлт – мықты ұлт. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу - ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.Тіл - тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл - тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде», - деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз - қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл – күрделі,бай тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
«Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде.Ол да тәуелсіздіктің жетістіктерінің бірі. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.Мәдениет руханиятпен дамиды.

Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады.

Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнерәдебиетғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.

 Рухани құндылық мәселесіне келетін болсақ, өмірдің даму заңы бойынша әрбір адам қоғамда өсіп-жетіліп, тәлім-тәрбие алып, өзінің ақыл-парасаты, рухани-жігері, талап-қабілеті жеткенінше қоғамға қызмет етіп, кейінгілерге азды-көпті рухани мұрасын қалдыруы.

Рухани мәдениет дегенде ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді айтамыз.Тілі кемел қазақ болуымыз үшін,рухы мықты адам болуымыз үшін,салт-дәстүрлі ұлт болуымыз үшін қажет. Рухани байлық еңбек етіп, тер төгу арқылы пайда болады. Сондықтан да әркім өзінің қабілетіне, біліміне, талғамына қарай әртүрлі салада еңбек етіп, біреулер материалдық байлықты жасаса, екіншілері рухани байлықты жасайды. Бұл байлықтар адамның жан құмарлығы мен тән құмарлығы қажетін қанағаттандыру үшін жасалынады бұлда біздің жан азығымыз.

Ең бастысы – өмірімізге сара жол нұсқайтын, бізге өмірлік азық болатын ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін көңілімізге ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

•   жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу.

         Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнерәдебиетғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.

        Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені, руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.Тіл -аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен.

Елбасымыз «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп атап көрсетіп, үш тілді меңгерудің алдағы он жылға арнайы бағдарламасын жасады. Елімізде он жылдан бері Ақордада «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен әр 2 жыл сайын ана тілімізді ардақтауда сүбелі үлес қосқан жиырма шақты азаматтар марапатталады.

Мен қазіргі білім алушы, болашақ маман иесі. Өз тілімді қадірлеймін мақтан тұтамын. Руханяты жоғары, тілін қадірлеу тәуелсіз еліміздің әр бір өркениет азаматының негізгі құндылығы болып өркендегеніне шын жүректен қуаныштымын.

Назарларыңызға рахмет.




 Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Тіл дегеніміз – ұлт» Дандай Ысқақұлы,05 Мамыр, 2016жhttps://anatili.kazgazeta.kz/

2. Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі https://www.zakon.kz/

3.Тіл - ел байлығы https://www.zharar.com/

1.  Қазақстан Республикасында зтномәдени білім беру концепциясы, 1996ж.  

2.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы .

3.  «ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы» 

4.  Ж.О.Артыкбаев.  «Этнология және этнография». Астана,2001ж.

5.  Қ.М.Наурызбаев «Этномәдени білім» Алматы, 1999ж.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ