Тәуелсіздік туралы ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік туралы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігім-тірегім тақырыбында балабақша кіші тобына арналған ҰІӘ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰІӘ)

Тақырыбы: “Тәуелсіздігім- тірегім”

Тобы: Кіші «Ботақан» тобы

Өткізетін: Кайпбаева Н.А

Мақсаты:

Балаларға Қазақстан туралы қарапайым түсінік беру. Ту, Елтаңба, Әнұран туралы алғашқы ақпарат қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдерме, балалар!

Біз Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашақ жарқын жұлдыздарымыз.

Бүгін 16 желтоқсан — еліміздің Тәуелсіздік мерекесі тойланатын күн!

Мереке баршамызға құтты болсын!

Кіріспе бөлім

Тәрбиеші:

Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап беріңдер!

— Балалар, біз қай елде тұрамыз?

Балалар: Қазақстанда!

— Дұрыс, бүгін біз Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен танысамыз.

Тәуелсіз дегеніміз — өз жері мен халқы, туы мен елтаңбасы, әнұраны мен өз валютасы бар жеке дара ел.

Негізгі бөлім

1. Ту, Елтаңба, Әнұран суреттерімен таныстыру

• Ту: көк түсті, күн мен қыран бар. Көк түс – аспанның белгісі; күн – бейбітшілік; қыран – еркіндік; ою – ұлттық нақыш.

• Елтаңба: шаңырақ, жұлдыз, пырақтар бейнеленген. Бірлік пен тұтастықты білдіреді.

• Әнұран: еліміздің мемлекеттік әні.

Балаларға сұрақтар:

— Тудың түсі қандай?

— Қандай құсты көріп тұрсыңдар?

Сергіту сәті

Қыран құс:

Қолды кеңге жаямыз,

Қыран құстай боламыз.

Шығармашылық жұмыс — «Көк Туды құрастырайық»

Балаларға пазл суреттері беріледі: Ту, Елтаңба, Конституция кітабы, Бәйтерек.

Берілген бөліктерден толық сурет құрастырады.

Қорытынды

— Қазақстанды жақсы көреміз бе?

Балалар: Иә!

Жарайсыңдар, балалар. Сендер Қазақстанның болашағысыңдар! Сендерге деген сенімім мол,

елге деген сүйіспеншіліктерің мен махаббаттарыңды жоғалтпаңдар!

Белсене қатысқан әр балаға рақмет, келесі сабақтарда жолыққанша сау болыңдар!

























«Әмина» жекеменшік балабақшасы











«Тәуелсіздігім - тірегім»





Әдіскер: Шонаева.Қ.Р.

Тәрбиеші: Кайпбаева.Н.А.






2025-2026ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі