Материалдар / "Тәуелсіздік туы, желбіре" мерекелік шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсіздік туы, желбіре" мерекелік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік туы, желбіре" атты мерекелік шара. Бұл шара 3 сыныптардың арасында өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2021
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тәуелсіздік туы, желбіре!

Мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік

кезіндегі жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне

көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай

жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы

елдің ұланыекенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа,елжандылыққа,

Отанына адал қызмет етугетәрбиелеу.

Көрнекілік: интер. тақта, безендірілген сахна.

Сабақтың барысы:


1-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!


2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


3-жүргізуші: 

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады.


1) Хор «Тәуелсіз ел ұраны».


1-жүргізуші:

- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
2-жүргізуші:
- Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

3-жүргізуші:

  • Бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыс етті.

1-жүргізуші:

  • Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын да кездері де болады.

1-оқушы:

  • 200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық.

2-оқушы:

  • Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.


3-оқушы:

  • Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

4-оқушы:

  • Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға  арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

5-оқушы:

«Мен, мен едім, мен едім,

   Мен Нарындажүргенде

  Еңірепжүрген ер едім

  Исатайдыңбарында

  Екітарланбөріедім,

Қайқазақтан кем едім,

Бірқазақпентеңедім.

Өздеріңдей хандардың

Қарныжуанбилердің

Атандайдаусынақыртып,

Лауазымынкөккешақыртып,

Басынкессемдепедім

Еділдіңбойыентоғай

Ел қондырсамдепедім

Жағалайжатқансолелге

Мал толтырсамдепедім»


2) Ән «Отан». 3 Г. Жәния


6-оқушы:

  • 70 жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.

7-оқушы:

  • Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

8-оқушы:

  • 1920-1922, 1928-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық-зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған-туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.

9-оқушы:

  • 1937-38-ші жылдаржаппайжазалауболды. Бұл жылдарыбіздіңҚазақзиялылары, арыстарымызқудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиевасылдарымызарада 50 жыл өткенде ақталып, қазіршығармаларыноқыпжатырмыз. 

10-оқушы:

  • 1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші біздің ауылымызда да ардагерлеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ біздің өміріміз үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.


3) Ән «Отан» 3 А. Айғаным


11-оқушы:

  • 1986 жылы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді. Жас өмірін тәуелсіздік үшін қиып кеткен аға-апаларымыз: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова т.б. жазықсыз сотталып, қыршын өлді.

12-оқушы:

  • Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

13-оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазақққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Қариялариткеталанып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппаққарқанғабоянып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Қайғыезіпелдіңеңсесін

Жан шыдаужанынбатқанкүн

Ендіқайтыпкелмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

14-оқушы:

  •   1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.

15-оқушы:

Жасарудынжанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан,

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында-Желтоқсан

Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,

Жана гұмыр бастаған да – Желтоқсан,

Жазықсыздын көз жасына жуынып,

Абактыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан,

Жетістіктің ұраны да – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Желтоқсанның жан түршігер күндері,

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздары,

Ал, ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

Әр қазақтын есінеде сақталады,

Желтоқсандық өрендері ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік мақталады.


4) Ән «Тәуелсіз қазақ қызымын». 3 Г


2-жүргізуші:

  • 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

3-жүргізуші:

  • Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақеліегемен ел болды. Бұлкүнталай-талайқилызамандыбасынанкешіріпкелгенҚазақхалқы үшін ақ жарылқаған күн еді. 


16-оқушы:


Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық.

17-оқушы:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.

18-оқушы:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 



5) Би «Домбыра». 3 А. Ботагөз


1-жүргізуші:

- Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. 

19-оқушы:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

20-оқушы:

  • 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

21-оқушы:

  • 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

22-оқушы:


  • 1991 жылы 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.


23-оқушы:

  • 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері  Т. Әубәкіров ғарышка самғады.

24-оқушы:

  • 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.

Өзіндікі, туын да,

От пен ауа, суын да

ЖасаҚазақстаным!

Белді, бекем, буын да.

25-оқушы:

  • 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш  Ата Заны қабылданды.5 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті. 

Көк туым, көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата заңым қабылданып.

26-оқушы:

 - 1996 жылы 30 тамыздаҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясына 1 жылболды. 17-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5 жылдықмерекесіатапөтілді.Тәуелсіздік монументіорнатылды. 

27-оқушы:

  • 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.АстанадаалғашретБәйтерегіміз салынды. 



6) Ән «Қазақстан – Отаным менің» 3 В.



2-жүргізуші:

-Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетіміз – ана тіліміз.


28-оқушы:


Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.
Кең даламдай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім, тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

29-оқушы:

Ана тілім жүрегісің анамның,
Жүрек ана мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенсің әрбір тынысыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.

30-оқушы:

Егемендік

Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойылтаяқойнаса да жанында.
Отанүшінжанынқиды ұлдарың,
Аз болғанжоқазапшеккенқыздарың,
Күйініштенауырадыжүрегім,
Естігендежелтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсыңжүректе,
Ұрпақөсерайналатынтірекке,
Егемендіктидібүгіненшіме,
Желтоқсаным,жеткіздіңақтілекке.


7) Би «Тәуелсіздік» 3 В.



3-жүргізуші:

  • Біздің еліміз-бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, дем алуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тек субъекті ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтық құқықтарына нұқсан келтірмейді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!