Тақырыбы
: «Тәуелсіздік
туы желбіресін мәңгілік »
Мақсаты:
Балаларға
тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған
жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Патриоттық сезімдерін ояту.
Жүргізуші
: Армысыздар
құрметті
ата-аналар мен ұстаздар және қымбатты
балалар
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары
үшін орны ерекше мереке деп білеміз,
себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы
күнді ата-бабаларымыз ғасырлар
бойы армандап күтумен өтті.
Еліміз
егемендік алып,тәуелсіз мемлекет болдық.
Бүлдіршіндеріміз тәуелсіздік мемлекетте
өмір сүріп жатыр.
Өміріміз
мәнді де сәнді болсын,аспанымызды бұлт
шалмасын.-деген игі тілекпен Тәуелсіздік
күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік
туы желбіресін мәңгілік» атты ашық
тәрбие сағатын бастаймыз.
Тәуелсіз
қазақ елінің жас ұландары ол біздер .
Сондықтан өз жерімізді өз елімізді
әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,
сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен
шығармайық
Жүргізуші:
Нұрлы
үмітін арқалаған арқаға,
Жан
сәулесін тарататын баршаға
Шын
пейілмен құрметімізді көрсетіп
Бүлдіршіндерді
шақырайық ортаға
Тәуелсіз
мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан
бақытты бүлдіршіндерімізді ортаға
шақырайық .
Жүргізуші:
Қазағымның
қастерлі - Әнұраны! Ән
ұран орындалсын.
1986
жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан
Алатауға дейінгі байтақ жерімізге
Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең
жайлады. Қазақтың көптеген азаматтары
әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың
маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан
оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар
қатарында
Қайрат
Рысқұлбеков,
Ләззат
Асанова,
Сабира
Мұхаметжанова,
Ербол
Сыпатаев бар.
Жүргізуші
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің
оты өшкен күн.
Жанына
тапай бір шындық,
Ер
Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы
езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау
жанын батпан күш.
Енді
қайтіп келмесін,
Сол
бір қарғыс атқан күн! –
Тәуелсіздік жолында құрбан болған,
есемді азаматтарымыздың рухына бас иіп
орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!
Бір
сәт үнсіздік
Видео
ролик
Жүргізуші
Әр
қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық
өрендер ақталады
Ел намысын
қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін
мәңгілік сақталады. би
балалардың «Сарбаздар биі»
Билейтіндер
Айназым,Нұреддин ,Нұрсая ,Ислам.
Жүргізуші
Қазіргі
кезде біздер ашық аспан, жарық күн
сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір
сүріп жатырсыңдар.
Бұл күн -
Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан
Республикасының туған күні деп алтын
әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.
Тәуелсіздік
күніне арналған мерекелік тақпақтарды
қабыл алыңыздар:
2-
жүргізу
Айша
Желтоқсанның
ызғары - ай
Кірпікке
қатқан мұздар - ай
«Елім
- ай» деп егілген,
Қаһарман
ұлдар, қыздар – ай
Мерей
Тәуелсіздік
–Бақ туын.
Қолға
ұстаған сәт бүгін,
Болсын
дәйім шат күнім.
Жүргізуші
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін
дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты
болсын бұл - күні!
Қазақша би саржайлау.
Билейтіндер
Айназым Нұрсая Айша Аяулым
Балалардың
тақпағы.
Ислам
Он
алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік
алған күн
Ерекше
боп мәңгілік
Ел
жадында қалған күн
Аяулым
Сарыарқаның
даласында,
Күн
шуағын төккен күн.
Елім
менің, жерім менің,
Баққа
қолы жеткен күн.
Жүргізуші
Біз
тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға
шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем
таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз
ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең.
Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен
астанаң.
Отан әр жұмыр басты
пенденің киелі мекені, жер басып жүрген
әр тіршілік иесінің шексіз байлығы.
Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген
қария да оның бір мүшесі. Біздің
бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ел
қоғауға әзірміз »әні хор
Жүргізуші
Міне,
балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз
мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз,
елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді
Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер
Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы
оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің
мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның
намысын қорғайтын келешек ұрпақтың
ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Келесі
кезекте ән «Нұраға»
орындайтындар
Айназым мен Айша
-Енді
балалардың тәуелсіздік мейрамына
жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар
тақпақтарын айтады)
Айназым
Қуан
бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын
ағыл - тегіл жырым да.
Бір
құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі
мынау тәуелсіздік таңында.
Нұрсая
Мереке
бүгін ұлы күн,
Бабалар
рухы көксеген.
Азаттық
елдің ұлымын,
Теңескен
төбесі көкпенен.
Нұредин
Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді
елімнің.
Желбірейді
көк туы,
Түсіндей
боп көгімнің.
Жүргізуші
: Көк
аспанда тулардың
Желбіреген күні
- бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген
күні - бұл. –келесі
кезекте балалардың орындауында
«Қазақстан жалауы» әні.
Жүргізуші
:Шетсіз
шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ
болып шашылмай жылына ма
Сүй
отанды шынымен сүйіп өт те
Гүл
боп қадал ойына, қырына да
Бүгін,
міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы
мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын
болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз.
Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер!
Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе
шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың
арайлы да шуақты болсын, күннің нұры
сәулесін мол төксін дей отырып қортынды
сөзді ясли-бақша меңгерушісі Ажар
Тілесқызына береміз
Осымен
тәуелсіз күніне байланысты Тәуелсіздік
туы желбіресін мәңгілік атты ашық тәрбие
қызметін аяқтаймыз.