400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Тәуелсіздік ұлассын ғасырларға

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айрылғанымызды, Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

14 желтоқсан 2017 жыл

Тәуелсіздік ұлассын ғасырларға ! («Тәуелсіздікке 26 жыл» мерекелік іс - шара) Жауапты: 9 – сынып жетекшісі Мусакиева Б.М.

Мақсаты: 1) Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айрылғанымызды, Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру;

2) Отанды сүюге, құрметтеуге, Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу;

3) Өз ойларын жүйелі түрде еркін жеткізуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Көрнекілігі:

  1. Қазақстан Республикасының рәміздері.

  2. Слайдтар, бейнематериалдар: Тәуелсіздік, Ашаршылық деректі фильмі, репрессия құрбандары, 1941-1945, Желтоқсан, Тәуелсіздікке 26 жыл!

  3. «Тәуелсіздікке 26 жыл» тақырыбына жазылған шығармалар мен суреттер.

  4. Кітап көрмесі «Тәуелсіздік толғауы»

  5. Аудиоматериал «Тәуелсіз Қазақстаным» , «Қазағым» әндері.

Ұйымдастыру.

Барысы:

Ләззат:

  1. Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім

  2. Әнұран

3. Қажыбек: Тәуелсіз Қазақстанның 26 жылдық мерекесіне арналған құттықтау сөз «Бірлік орта мектебі» КММ-Ң директоры Отарбаев Қайрат Жүнісханұлына беріледі.

4. Мақпал: Құттықтау сөз ауыл әкімі Айтқазин Шалқар Жұманұлына беріледі.

Бейнебаян. Ашаршылық деректі фильмі

Оразғали Саян:

5. Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

4. Домбырашылар тобының орындауында « Балбырауын» Көк дөнен күйі»

5. 8 -9 сынып оқушыларының орындауында Хор «Тәуелсіз Қазақстаным» (Слайд көрсетіледі)

Серікбек Мақпал:

Бабамыздың шоқ басқан табанымен , Бірдей екен жақсысы жаманымен . Бір жаманы – тынымсыз көше берген, Бір жақсысы - қимаған даланы кең.

Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,

Бір жақсысы – тілге ерік берген екен

Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.

Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,

Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.

Бір жаманы – қыздарын малға сатып,

Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы – шаруасын мандытпаған,

Бір жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған.

Бір жаманы -үйленіп жеңгесіне,

Бір жақсысы – жесірін қаңғыртпаған.

Тату – тәтті көршілер шырқ бұзбаған,

Бірдей тоңып суықта, бір мұздаған.

Бір жаманы – сонда да үй салмаған, Бір жақсысы – абақты тұрғызбаған.

4 – сынып оқушысы Савит Аружанның

орындауында «Туған ел » әні

Оразғали Саян Тау –тасым ,өзен- көлім, күнім менің,

Жетпесе даусым саған мінім менің.

Алаштың асылдары арман еткен,

Күн осы, тәуелсіздік, жырым менің

Жаса қазақ! Жасасын азаттығым!

Келмесін ашаршылық, азапты күн.

Төңкеріс, дүрбелеңмен өтті соғыс,

Қырылды, жоқтады екен қазақты кім?

Тарихтың бетін ашсаң сырға толған,

Тәуелсіздік жолында құрбан болған

Әлихан, Ахмет пен Мағжандардың

Жүрегі қарс айрылып мұңға толған.

Тәуба деп бір Аллаға ұстанамын,

Тағдырым тұрды ұшында ұстараның.

Бұратан халық деп, жақтырмады,

Сол үшін намыстанам, күстаналам.

Жаса, қазақ! Жасасын азаттығым!

Күн туды қазағыма ғажап бүгін.

Бөркіңді аспанға атып, қуан, қазақ,

Абылайдың ұрпағы азат бүгін.

Тәуелсіздік ұлассын ғасырларға,

Халқымның бар арманы жатыр мұнда.

Ұрпақтарға аман жетсін елім, жерім,

Келешек Махамбет пен Қасымдарға.

5-сынып оқушысы: Долдаханов Марғұланның орындауында «Батырлар ұраны» әні

  1. Қажыбек

ҚР. 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.



Слайд «Желтоқсан құрбандары»

11. Оразғали Саян Қайрат рухы бейнесінде сахна ортасына шығады. Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Мен не етермін, не етермін.

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты - құрбандық»,

Атам десең, атыңдар!

(Қайрат рухы сахнадан баяу шығып кетеді) Ләззат Бұл Қайрат, Ербол, Ләззат сынды батыр қыз,

Журектерде желтоқсаннан жатыр сыз.

Екі аяқтының айдауына шыдамай,

Көкшіл тартып,қарс айырылып жатыр мұз.

12. Мұрат Қанат:

Әр дәуірдің өзіне сай

Нарқы өзгерген алтынның

Айналайын алтын әнім,

Жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймыз деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!

10- сынып оқушысы Көркем Күлзипаның орындауында Желтоқсан қызы монологы



13. Нұсқаубек Айнұр: 1986 жылғы желтоқсанның апат болған жас қыршындары Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхамеджанқызы мәңгілік біздің есімізде! ( 1 минут үнсіздік)



14. Таңатқан Айбота:

Жас өркені қазақтың

Шықты алаңға құрған сап

Тәуелсіздік! Азаттық! Бостандық! – деп ұран сап.

7 – сынып оқушыларының орындауында «Туған жер» хор.

15. Таңатқан Айбота:

Ұрпаққа жол ашқан

Кең байтақ жерім бар

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар!

2- сынып оқушылары Акимчинов М Жарқын Ербай « Көк тудың желбірегені»

17. Серік Қажыбек:

Қарыштай бер Қазақстан шың басына

Айналып Орта Азия барысына

Талапты ел атанып,табысты ел

Асты даңқың мұхиттың аржағына!

8 – сынып оқушыларының орындауында қазақтың ұлттық биі

Серік Қажыбек:

Қазақ елім, туды жастық дәуірің Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын өр халқым, Туған күнің құтты болсын, Отаным!

5-сынып оқушыларының орындауында Флешмоб



Серікбек Мақпал:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! – деген тілекпен «Тәуелсіздік ұлассын ғасырларға» атты мерекемізді аяқтаймыз.









































Тәуелсіз Қазақстаным

Әні –А. Дүйсенов Сөзі – С.Сейітман

  1. Көк аспанда күлімдеген күн ыстық. Жер бетінде Отаным бар тым ыстық. Ең қастерлі байлығымыз азаттық Ең бірінші мұратымыз тыныштық

Қайырмасы:

Қазақстаным, Қазақстаным Отаным жалғыз ғаламда Қазақстаным, Қазақстаным Әкем де сенсің анам да Қазақстаным 2рет Жер шарын шарлап іздесем Өзіңдей әсем, өзіңдей ыстық Жаннатын жердің табам ба?

  1. Тату – тәтті баласымыз бір үйдің Сол үйімнің амандығын тілеймін Бейбітшілік туын тіккен еліме Тағзым етіп басымды мен мың идім.

Қайырасы

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
926
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі